For faster navigation, this Iframe is preloading the Wikiwand page for Баджолар.

Баджолар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Баджолар
suku Bajau
Бүкіл халықтың саны

700 000

Ең көп таралған аймақтар
 Филиппин

470 000

 Индонезия

150 000

 Малайзия

62 300

Тілдері

баджо (баджао) тілі, пилипино, бугис тілдері

Діні

суннизм, дәстүрлі сенімдер

Баджолар (баджао) (теңіз көшпенділері, теңіз сығандары) — Малайзияда, Индонезияда және Филиппинде тұратын этникалық топ. Олар шексіз Үнді мұхитында еркін жүріп, көшпелі өмір сүреді. Олар жағаға тек жерлеу рәсімдері кезінде, балықтарын сатуға, тұщы су жинауға немесе қайықты жөндеуге келеді. Жалпы халық саны: шамамен 700 мың адам (Филиппинде 470 мың, Индонезияда 152 мың, Малайзияда 62,3 мың, Брунейде 11 мың).[1]

Баджо халқының этнонимінде олардың Кіші Зонд аралдарының (Нуса Тенггара) Баджо аралындағы байырғы шығу тегін білдіретін этнонимі бар. Термин кейінірек оңтүстік Сулавесидегі бугис тілінде ᨅᨍᨚ ретінде қабылданды, ол сөзбе-сөз «ағаш» дегенді білдіреді. Бұл баджо этникалық тобы Флорес теңізі аймағында теңіз саяхаты үшін жиі қолданатын қайық жасау материалына қатысты.

Тілі аустронезиялық отбасының батыс аустронезия тобына жататын баджо (баджао) тілдері мен диалектілері. Оңтүстік Қытай теңізі бассейніндегі Баджао малай диалектінде сөйлейді. Пилипино, бугис және басқа тілдер де кең таралған.[2]

Діни ұстанымдары: мұсылман-сүнниттер, дәстүрлі сенімдерді ұстанушылар бар. Дәстүрлі Баджао діні – ислам мен анимизмнің ерекше қоспасы. Сенімдер, олар үшін тірі тіршілік иесі болып табылатын мұхитпен күрделі қарым-қатынасты көрсетеді. Теңіз сығандары рухтар толқындарда, ағыстарда, маржан рифтері мен мангрларда өмір сүреді деп санайды.[3]

Негізгі дәстүрлі кәсібі - балық аулау және теңіз қолөнері. Бұрын көптеген баджолар қарақшылықпен айналысқан. Олар көбіне балық аулау үшін динамитті пайдаланды. Бұл дағды Екінші дүниежүзілік соғыстан бері қолданылуда. Балықты сатып немесе азық-түлікке немесе тұщы суға айырбастады. Дегенмен, динамитті қолданып жаппай балық аулау бұл теңіз биогеоценозына әсер етті. Балық аулаудың тағы бір әдісі – калий цианидін қолдану. Бұл зат парализдейді және оны жалаң қолмен алуға болады. Мұндай тірі, бірақ сал ауруына шалдыққан балық динамитпен ұсталғаннан гөрі бірнеше есе қымбат болды. Алайда, цианид маржандардың (коралл) улануына себеп болады, бұл бүкіл рифтердің жойылуына және осы маржандармен қоректенетін балық түрлерінің жойылуына себеп болады.[4]

Алайда соңғы жылдары браконьерлік жағдай біршама жақсарды. Жарылғыш заттар мен улармен балық аулау азайды. Белсенділер мен табиғатты қорғаушылар теңіз ресурстарын тұрақты пайдалану үшін түрлі бағдарламалар ұйымдастыруда. Балық популяциясын қалпына келтіру үшін қорғалатын теңіз аумақтарын құру, браконьерліктен бас тартатын және дәстүрлі балық аулау әдістерін қауымдастықтармен бірге қолдауда.[5]

Өмір салты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Баджолар әріптерді танымайды, олар жазуды және оқуды білмейді - себебі олар бұл дағдыларды қажет етпейді. Бұл халықтың ешқайсысы дерлік жасын дәл айта алмайды, олар мұнда жылдарды есептемейді. Олар судың үстіне салынған және қадалармен бекітілген шағын үйшіктерде тұрып, отбасылық тіршіліктерін жалғастыруда. Үйлер бір-бірімен көпірлер арқылы жалғасады. Балалар өте ерте жастан (5 жастан бастап) қайықпен жүзуді және балық аулауды үйрене бастайды.

Баджо халқының тұрғын үйлері

Баджо халқы ерте жастан бастап су астындағы мекендеушілерді аулауға және үлкен тереңдікке сүңгуге үйретілген. 30 метр тереңдікте акваланг құралдарын қолданбай ақ сүңгиді. Көбінесе банджолардың құлақ қалқандары зақымдалады, кейде табиғи түрде су астындағы қысымның айырмашылығынан немесе олар терең және кенеттен сүңгу кезінде ауырсынуды сезінбеу үшін әдейі тесіледі.[6]

Дәстүрлі баспаналары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Олар судың үстіне салынған және қадалармен бекітілген шағын үйшіктерде тұрады. Сонымен қатар «лепа-лепа» деп аталатын ерекше қайықтарда жүреді. Бұл қолмен жасалған қайықтарда жататын орын, ауыз су мен азық-түлік қоры, ас үй ыдыстары, керосин шамдары және т.б. бар. Бүкіл отбасымен қоныстанып, қайықтармен көшіп жүреді. Бір таңқаларлығы, дәл осы қайықтардың арқасында бұл адамдар 2004 жылы жүздеген мың адамның өмірін қиған әйгілі цунамиден аман қалды.
Үйлердің жағамен байланысы жоқ, сондықтан үйге тек қайықпен жүзу арқылы жетуге болады. Үйлер бір-бірімен көпірлермен байланысады. Олар бүкіл отбасылармен қоныстанып, қайықпен жүреді[7]

Экономикалық қиындықтар мен ел үкіметтер баджоларды құрлыққа көшуге мәжбүр етуде. Қазір баджолар бірте-бірте құрлыққа – туристік қалалардың жанындағы жерлерге лашықтар салуда.[8]

Қазіргі баджолар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Баджолар

Қазіргі дәуір, дегенмен, өз өзгерістерін әкеліп жатыр, кейбір баджолар жағалаудағы арал белдеуінің жерін мекендеуге тырысуда. Баджолардың жас ұрпағы да ата-бабаларының ережелері бойынша өмір сүргісі келмей, құрлыққа көбірек көшуде. Жастар жұмыс іздеп, қалыпты оқу жағдайын жасап, қарапайым өмірге араласуда. Дегенмен, сумен байланыс әлі де жойылған жоқ, ал балық аулау олардың негізі кәсібі болып қала береді. Бұл халық басқа елдер мен ұлттардың тұрғындары деп танылмайды, дегенмен қазіргі барлық «теңіз» халқының жалпы саны 400 мыңға жуық адамды құрайды.

Баджолар өздерін бүкіл әлемнің еркін азаматтары деп санайды, сондықтан олар шекаралас елдердің барлық теңіз аймақтарында ерікті түрде қозғалады. Өкінішке орай, браконьерлік пен дәстүрлі емес өмір салтына байланысты баджо мәдениеті мен өмір салтын жоғалту қаупі бар. Соңғы кездері билік пен қоршаған ортаны қорғау қызметтерінің барлық түрлері адамдарға теңіз әлеміне араласу деңгейін төмендетіп, құрлыққа толығымен көшуді талап етуде.[9][10]

Баджо жастары қазір ата-аналарының үлгісімен өмір сүргісі келмейді, қалаларға көшуде, оқуда, жұмыс іздеуде.[11]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]


{{bottomLinkPreText}} {{bottomLinkText}}
Баджолар
Listen to this article

This browser is not supported by Wikiwand :(
Wikiwand requires a browser with modern capabilities in order to provide you with the best reading experience.
Please download and use one of the following browsers:

This article was just edited, click to reload
This article has been deleted on Wikipedia (Why?)

Back to homepage

Please click Add in the dialog above
Please click Allow in the top-left corner,
then click Install Now in the dialog
Please click Open in the download dialog,
then click Install
Please click the "Downloads" icon in the Safari toolbar, open the first download in the list,
then click Install
{{::$root.activation.text}}

Install Wikiwand

Install on Chrome Install on Firefox
Don't forget to rate us

Tell your friends about Wikiwand!

Gmail Facebook Twitter Link

Enjoying Wikiwand?

Tell your friends and spread the love:
Share on Gmail Share on Facebook Share on Twitter Share on Buffer

Our magic isn't perfect

You can help our automatic cover photo selection by reporting an unsuitable photo.

This photo is visually disturbing This photo is not a good choice

Thank you for helping!


Your input will affect cover photo selection, along with input from other users.

X

Get ready for Wikiwand 2.0 🎉! the new version arrives on September 1st! Don't want to wait?