For faster navigation, this Iframe is preloading the Wikiwand page for Елхан мемлекеті.

Елхан мемлекеті

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Елхан мемлекеті
ایلخانان
Ilkhanate

1256 — 1335/1353


Ильхан мемлекетінің туы

Ильхан билеген өңір
Астанасы
  • Мараге (Maragheh) (1256–1265)
  • Тебриз (1265–1306)
  • Солтание (1306–1335)
[1][2]
Тіл(дер)і Түркі, Моңғол, Парсы
Діні Тәңіршілдік, Несторианшылдық, Ислам
Аумағы 3750000км2
Басқару формасы Монархия
Династиясы Хулагу
Тарихы
 -  Орта ғасырлар

Елхан мемлекеті, кейде Хулагу мемлекеті, (парсы: ایلخانان‎, Ilxānān, моңғ. Ил хаант улс, әз. Hülakülər dövləti) — Шыңғыс хан империясының ыдырауы нәтижесінде 1256 — 1353 жылдар аралығында Таяу және Орта Шығыста өмір сүрген мемлекет. Негізін Шыңғыс ханның Төледен туған немересі Хулагу хан қалады. Мемлекет билеушілері Хулагу әулетінен шығып, Ильхан, яғни Ел, Ұлыс ханы атанды. Ильхан мемлекеті құрамына қазіргі Иран, Ирак, Ауғанстан, Түрікменстан, Кіші Азияның шығыс бөлігі, Әзірбайжан мен Армения бағынды. Грузия, Трапезунд империясы, Кипр корольдігі тәуелділікте болды.

Мемлекет негізі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Хулагу хан, Ильхан мемлекетінің құрушысы.

1253 жылы Қарақорымда өткен құрылтайда Шыңғыс хан құрған Моңғол империясының сол кездегі Ұлы қағаны Мөңке хан Таяу Шығысқа жорық жасауды ұсынады. Жорықты басқаруды өз інісі Хулагуге тапсырады.

Хулагу сарбаздары Ауғанстан, Иран, Ирак, Сирия аумағын жаулап алып, Иерусалим (Құдыс) шаһарына жетеді. Оларға Египетті билеген қыпшақ Құтыздың Бейбарыс сұлтан бастаған сарбаздары (мәмлүктер) қарсы тұрады. Дәл осы кезде Хулагуге Қарақорымнан "Ұлы қаған Мөңке қайтыс болыпты" деген хабар жетеді. Империяның Ұлы ханы болудан үміті бар Хулагу Иерусалим түбіне жиырма мың сарбазымен Кетбұғаны қалдырып, өзі Қарақорымға қайтады. Иерусалим қаласының маңындағы Галилей жазығында 1260 жылдың 3 қыркүйегінде болған шайқаста Бейбарыс бастаған мәмлүктер Кетбұғаның жиырма мыңдық әскерін тас-талқан етіп жеңеді. Кетбұға сол шайқаста қаза табады.

Ал Хулагу Тебриз қаласын астана етіп, жаңа Ильхан мемлекетінің негізін қалайды. Мемлекеттің христиан сенімін ұстанатын алғашқы хандары Рим папасымен, Франция королімен одақтасып, мұсылмандықты қабыодаған Алтын Ордамен, Египет мәмлүктерімен, Осман империясымен үнемі соғыс жүргізген.

Хулагу 1265 жылы қайтыс болып, ақсүйектер арасында билік үшін талас өршиді. Жан-жақтан мұсылман елдерімен соғыс толастамайды. 1353 жылы соңғы елхан Туга Темір өлген соң Ильхандар мемлекеті мүлдем құлап,Иран жерінде тәуелсіз мемлекеттер құрыла бастады. Олардың арасында Жалайыр сұлтандығы біршама әйгілі болды.

Мемлекет тарихы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ильхан мемлекеті Сирияны басып алу үшін крестшілердің көмегіне сүйене отырып, Мысырдағы мәмлүктер сұлтандығымен, Алтын Ордамен, Шағатай ұлысымен үздіксіз соғыс жүргізді. Мысыр мен Алтын Ордаға қарсы күресте олар Рим папасымен, Генуямен, Франция және Англия корольдерімен одақтасқанымен, соғыс сәтсіз болады.

Ельхан мемлекеті. Каталондық Атлас (1375).

Хулагу мемлекетін түркі-моңғол ақсүйектері басқарғанымен, мемлекеттік аппарат парсы шенеуніктерінен құралды. Үздіксіз соғыстар әрі алым-салық мөлшерінің шектен тыс көптігі халықты күйзеліске ұшыратып, алғашқы билеушілер тұсында жер-жерде жиі-жиі көтерілістер болып тұрды. Осындай тұрақсыздықтың салдарынан Газан хан ішкі саясатты өзгертуге мәжбүр болды. Ол ильхандардың арасынан бірінші болып ислам дінін қабылдайды. Осыдан кейін мемлекет билігі парсы ақсүйектерінің қолына көше бастады.

Уәзір әрі ғалым Рашид әд-Диннің басшылығымен реформа жүргізіліп, алым-салық мөлшері нақты белгіленді. Пайдаланылмай жатқан жерлер жер иленушілерге бөлініп берілді, олар бұл жерлерді өңдеп, игеруге міндетті болды. Жер суландыру жұмысы кең көлемде жүргізіліп, мемлекет үшін бірыңғай өлшем таразы жүйесі енгізілді. Газан хан шаруалардың жерге бекітілуін заң жүзінде күшейтіп, қашқын шаруаларды іздеу мерзімін 30 жылға ұзартады. Нәтижесінде Ильхан мемлекетінің, ең алдымен Иранның экономикасы тез өркендей бастайды.

Ельхан кемесі Үндістан жағалауына қарай жүзіп бара жатқан бейнесі. Каталон Атласы (1375).

Бірақ кейін мұрагерлердің тақ таласы күшейіп, орталық үкімет әлсіреп кетеді. Ильхан Әбу Саид (1316 — 35) қайтыс болғаннан кейін, елге толық билік жүргізген бірде-бір билеуші болған жоқ. Әр аймақтардағы парсы ақсүйектері өздерінің жеке хандарын таққа отырғызып, бір-бірімен өзара соғысуға көшті. Осыған байланысты Ильхан мемлекеті бірнеше тәуелсіз ұсақ мемлекеттерге бөлініп кетті. Олардың кейбіреулері (Жалайыр сұлтандығы (1336 — 1411), Мозаффер мемлекеті (1340/50 — 93, т.б.) біршама күшті елдерге айналды.

Күрд мемлекеті іс жүзінде Ильхан мемлекетінен тәуелсіз саясат жүргізді. Орталыққа бағынған аймақтардың өзінде де жиі-жиі жергілікті тайпалар көтеріліс жасап тұрды. Ильхан мемлекетінің соңғы ханы 1353 ж желтоқсан айында көтеріліске шыққан сербезарлар ордаға басып кірген кезде қазаға ұшырайды.[3]

Ельхан Мемлекетінің Билеушілері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Құлағу хан (1256-1265)

Абаға-хан (1265-1282)

Сұлтан Ахмед Текудер-хан (1282-1284)

Арғұн-хан (1284-1291)

Иринджин Дорджи Гайхату-хан (1291-1295 наурызға дейін)

Байду-хан (сәуір-қазан 1295)

Султан Махмуд Газан-хан (қараша 1295 -1304)

Гийас ад-Дунийа ва-д-Дин Султан Мухаммед Худабандэ Олджейту-хан (1304-1316)

Изз ад-Дунийа ва-д-Дин Султан Абу Саид Мухаммед Бахадур-хан (1316-1335)

Мемлекеттен кейінгі мұра

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ельхан мемлекетінің пайда болуы Батыс Азияға маңызды тарихи әсер етті . Біртұтас Моңғол империясының құрылуы бүкіл Азиядағы сауда мен сауданы едәуір жеңілдетті. Ельхан сонымен қатар сефевидтер әулетінің кейінгі мемлекетіне және сайып келгенде қазіргі Иран мемлекетіне әсер етті. Құлағудың Иранды жаулап алуы шығыстан Қытайдың ықпалына да жол ашты. Бұл оның ізбасарларының қамқорлығымен бірге Иранның сәулет өнеріндегі ерекше артықшылығын дамытты. Ильхандардың тұсында Иран тарихшылары араб тіліндегі жазудан өздерінің туған парсы тіліне көшті.

Абаға ханның алтын динары араб тіліндегі ислам аңыздарымен және моңғол тіліндегі империялық аңыздарымен жазулары.


Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Turchin, Peter; Adams, Jonathan M.; Hall, Thomas D (December 2006). "East-West Orientation of Historical Empires". Journal of World-systems Research 12 (2): 223. ISSN 1076-156X. http://jwsr.pitt.edu/ojs/index.php/jwsr/article/view/369/381. Retrieved 13 September 2016. 
  2. September 1997, Expansion and Contraction Patterns of Large Polities: Context for Russia, International Studies Quarterly, page 496, author Rein Taagepera, http://www.escholarship.org/uc/item/3cn68807
  3. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Ilkhanate
{{bottomLinkPreText}} {{bottomLinkText}}
Елхан мемлекеті
Listen to this article

This browser is not supported by Wikiwand :(
Wikiwand requires a browser with modern capabilities in order to provide you with the best reading experience.
Please download and use one of the following browsers:

This article was just edited, click to reload
This article has been deleted on Wikipedia (Why?)

Back to homepage

Please click Add in the dialog above
Please click Allow in the top-left corner,
then click Install Now in the dialog
Please click Open in the download dialog,
then click Install
Please click the "Downloads" icon in the Safari toolbar, open the first download in the list,
then click Install
{{::$root.activation.text}}

Install Wikiwand

Install on Chrome Install on Firefox
Don't forget to rate us

Tell your friends about Wikiwand!

Gmail Facebook Twitter Link

Enjoying Wikiwand?

Tell your friends and spread the love:
Share on Gmail Share on Facebook Share on Twitter Share on Buffer

Our magic isn't perfect

You can help our automatic cover photo selection by reporting an unsuitable photo.

This photo is visually disturbing This photo is not a good choice

Thank you for helping!


Your input will affect cover photo selection, along with input from other users.

X

Get ready for Wikiwand 2.0 🎉! the new version arrives on September 1st! Don't want to wait?