For faster navigation, this Iframe is preloading the Wikiwand page for Моңғол тілі.

Моңғол тілі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Дәстүрлі моңғол жазуы

Моңғол тілі, халха тілі (монгол хэл; {mongɣol xele} ) — моңғол халқының тілі. Моңғол тілінде Моңғолия, Қытайдың Ішкі Моңғолия автономиясы мен Ганьсу, Цинхай, Хэйлунцзян, Синин, Шыңжаң өлкелерінде тұратын жергілікті халық сөйлейді. Моңғол тілі бурят, қалмақ тілдеріне жақын. Ол бірнеше жергілікті ерекшеліктерге ажыратылады: шығыс диалектісіне хорчин, харачин, арухорчин говорлары; орталық диалектіге халха, чахар, ордос; батыс диалектісіне амашан, эдзин, кукунор говорлары жатады. Әдеби тілі халха диалектісі негізінде қалыптасқан. Көне жазба ескерткіштері сақталғанымен, Моңғол тілі ұлт тілі ретінде 14 – 16 ғасырларда қалыптаса бастады. Моңғол тілінің фонетикасында сингармонизм заңы орын алған, ң, дж, дз дыбыстары н, ж, з әріптерімен таңбаланады, б, в дыбыстары байырғы сөздерде бір дыбыстың нұсқалары болып табылады. В қысқа у-дың орнына пайдалыналды. Л, р дыбыстары сөз басында келмейді, к, п, ф фонемалары өзге тілден енген сөздерде ғана кездеседі. Дауысты дыбыстары қысқа және созылыңқы келеді (харах-қарау, көру, хаагдах-жабылу). Моңғол тілі лексикасында көне түркі, маньчжур, тибет, санскрит, қытай тілдерінен енген сөздер жиі кездеседі. Қазіргі тілінде орыс сөздері көбірек. Моңғол жазуы 1942 жылдан кирил әліпбиіне негізделді.[1] Алфабиті 35 әріптен тұрады. Дауысты 13, дауыссыз 20 , дыбыс белгіленбейтін 2 әріп бар.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев — Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, XI том 27 бет.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет.


{{bottomLinkPreText}} {{bottomLinkText}}
Моңғол тілі
Listen to this article

This browser is not supported by Wikiwand :(
Wikiwand requires a browser with modern capabilities in order to provide you with the best reading experience.
Please download and use one of the following browsers:

This article was just edited, click to reload
This article has been deleted on Wikipedia (Why?)

Back to homepage

Please click Add in the dialog above
Please click Allow in the top-left corner,
then click Install Now in the dialog
Please click Open in the download dialog,
then click Install
Please click the "Downloads" icon in the Safari toolbar, open the first download in the list,
then click Install
{{::$root.activation.text}}

Install Wikiwand

Install on Chrome Install on Firefox
Don't forget to rate us

Tell your friends about Wikiwand!

Gmail Facebook Twitter Link

Enjoying Wikiwand?

Tell your friends and spread the love:
Share on Gmail Share on Facebook Share on Twitter Share on Buffer

Our magic isn't perfect

You can help our automatic cover photo selection by reporting an unsuitable photo.

This photo is visually disturbing This photo is not a good choice

Thank you for helping!


Your input will affect cover photo selection, along with input from other users.

X

Get ready for Wikiwand 2.0 🎉! the new version arrives on September 1st! Don't want to wait?