For faster navigation, this Iframe is preloading the Wikiwand page for Қасым хандығы.

Қасым хандығы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Қасым хандығы
тат. Касыйм ханлыгы
Qasıym xanlığı
قاسم خانليغى

Тәуелді мемлекет

1452 — 1681




Астанасы Қасым
Халқы татарлар
Басқару формасы сайланбалы монархия
Хан
 - 1452—1469 (алғашқы) Қасым хан
 - 1679—1681 (соңғы) Фатима Сұлтан
Тарихы
 -  1452 құрылуы
 -  1681 таратылуы

Қасым хандығы (тат. Касыйм ханлыгы, Qasím xanlığı, قاسم خانليغى) – Мәскеу патшасының бодандығында болған мемлекеттік бірлестік.

Алтын Орда ханы Ұлығ-Мұхаммедтің ұлдарының бірі Қасымға қызметі үшін оған ұлы князь Иван ІІІ 1452 ж. шамасында өз атымен аталатын қала салуға рұқсат берді. Қасым өз иелігінде мешіт пен тас қамал тұрғызды. 1469 жылы Қасым қайтыс болғаннан кейін, иелігі ұлы Даниярға (1469-86) өтгі. 1486-1512 жылдар аралығында Қасым хандығын Гирей әулетінен шыққан, Мәскеу билеушілеріне қызметке тұрған Нүр-Дәулет пен оның ұлдары Сатылған мен Жанай басқарды. 1512-16 жылдары хандықты Алтын Орданың екінші бір ханы болған Кіші-Мұхаммедтің немересі Шейх-Аллиар, 1616— 67 жылы оның кәмелетке толмаған ұлы Шейх-Әли (Шах-Әли, орыс құжаттарында Шигалей) билік құрды. Мәскеу билеушілері оны бірнеше рет Қазан хандығы тағына отырғызды. Ол Қазанда билік жүргізген уақытта Қасым хандығын інісі Жан-Әли басқарды. Шейх-Әлидің ұлы болған жоқ, сондықтан таққа Алтын Орданың соңғы ханы Ахмедтің шөбересі Саин-Болат отырды (1567-73 ж.). 1573 жылы ол шоқынып, Симеон деген атпен Мәскеуге келіп Иван Грозныйдан «Бүкіл Ресей патшасы» деген атақ алды. Қасым хандығына уақытша ешкім бекітілмей, 1585 жылы Ахмед ханның тағы бір шөбересі Мұстафа- Әли келді. 1600 жылы ол қайтыс болғаннан кейін таққа қазақ ханзадасы Ораз-Мұхаммед отырды. Ол біршама тәуелсіз саясат жүргізіп, 1605-10 жылы Қасым хандығын жеке мемлекет етуге ұмтылды. Бірақ 1610 жылы өлтірілді. Ораз- Мұхаммед өлтірілгеннен кейін биілікке Көшім ханның немересі Арслан (1610-27) және оның ұлы Сейт-Бұрхан (1627-78) келді. Сейт-Бұрхан 1653-55 жылдары шоқынып Василий деген ат алды, бірақ тақтан түскен жоқ. Қасым хандығы халықты күштеп шоқындыра бастады. Жергілікті халық шоқынудан бас тартып, миссионерлерді өлтірді. Бірақ соңғы ханның тұсынан бастап бүкіл билік орыс воеводаларының қолына көше бастады. Василий (Сейіт-Бұрхан) хан өлгеннен кейін Қасым хандығын 1681 жылға дейін ханның шешесі Фатима-Сұлтан басқарды. Осыдан кейін хандық жойылып, воеводаға айнылдырылды, 1708 жылы Қазан, 1767 жылы Рязань губернияларына қарайтын уезге айналды. Хандықтың орталығы - Қасым қаласы болды. Ол үлкен гас қорғанмен қоршалды. Қалада Қасым сарайы, мешіт (1700 жылы дейін сақталған), 2 кесене (мазар) болған. Оның біріншісін 1555 жылы Шах-Әли, екіншісін 1616 жылы Арслан патша салдырған. Сейіт-Бұрхан сарайы 19 ғасырға дейін сақталды. Қасым хандығы құрамындағы халық орыс деректерінде қасым татарлары деп жазылған. 19 ғасырда орыс тарихшылары олардың өздерін қазақпыз деп атағанын айтады. Олар Қасым хандығы халкының өздерін қазақ деп те атауы этникалық ұғым емес, әскери тап, яғни қазақ атауынан шыққан деп түсіндіреді. Олардың кұрамында басты 4 тайпа (арғын, қыпшақ, жалайыр, маңғыт) болған. Қалған ру-тайпалар қағазға түспеген. Жалпы Қасым хандығы әскерлері Ресейдің ішкі соғыстарына және сырткы жорықтарына (Польшаға, Швецияға, Ливонияға, т.б.) белсене араласып отырған.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. А 31 Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет.
{{bottomLinkPreText}} {{bottomLinkText}}
Қасым хандығы
Listen to this article

This browser is not supported by Wikiwand :(
Wikiwand requires a browser with modern capabilities in order to provide you with the best reading experience.
Please download and use one of the following browsers:

This article was just edited, click to reload
This article has been deleted on Wikipedia (Why?)

Back to homepage

Please click Add in the dialog above
Please click Allow in the top-left corner,
then click Install Now in the dialog
Please click Open in the download dialog,
then click Install
Please click the "Downloads" icon in the Safari toolbar, open the first download in the list,
then click Install
{{::$root.activation.text}}

Install Wikiwand

Install on Chrome Install on Firefox
Don't forget to rate us

Tell your friends about Wikiwand!

Gmail Facebook Twitter Link

Enjoying Wikiwand?

Tell your friends and spread the love:
Share on Gmail Share on Facebook Share on Twitter Share on Buffer

Our magic isn't perfect

You can help our automatic cover photo selection by reporting an unsuitable photo.

This photo is visually disturbing This photo is not a good choice

Thank you for helping!


Your input will affect cover photo selection, along with input from other users.

X

Get ready for Wikiwand 2.0 🎉! the new version arrives on September 1st! Don't want to wait?