For faster navigation, this Iframe is preloading the Wikiwand page for
Жоба:Түркі марафоны 2020.
Жоба:Түркі марафоны 2020
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Түркі марафоны 2020
1 - 30 маусым 2020
Жобаның халықаралық негізгі бетіне өту үшін осында басыңыз
Түркі марафоны 2020 — 2020 жылдың 1 - 30 маусым аралығында өтетін контент дамытуға бағытталған халықаралық жоба. Жоба мақсаты — түркі тілдерінде сөйлейтін елдер және олардың мәдениеті туралы мақалалар жазып, түркі тілдерінде сөйлейтін уикипедияшылар арасындағы ынтымақтастықты нығайту. Әділқазылар алқасының бағалауынан кейін көрсетілген мерзім аралығында ең көп ұпай жинаған қатысушылар марапатталатын болады. Қазақ Уикипедиясына үлес қосқысы келетін кез келген адам төмендегі қатысушылар тізіміне өз атын қосса болады. Іске сәт!
Төмендегі жалауларды түрту арқылы сол елдегі уикипедияшылардың ұсынған өздерінің мәдениеті туралы жаңадан құруға немесе жетілдіруге тұрарлық мақалалар тізімін көре аласыз.
Ескерту: Төмендегі тізімдегі мақалалар тек ұсыныс қана, одан өзге шарттарға сай мақалалар да сайысқа қатыса алады.
Төмендегі "қатысушылар" бөліміне өз атыңызды қосыңыз.
Қазақ Уикипедиясында тізімде аталған елдер мен халықтардың мәдениеті туралы мақала жазыңыз.
Бастауға ұсынылған мақалалар тізімін ел атауларының үстіне басу арқылы көре аласыз.
Тізімдегі мақалалар тек ұсыныс қана; Сайыс тақырыбына сай келетін, бірақ тізімге қосылмаған басқа да мақалаларды да жаза аласыз. Мақалаларыңыз маңыздылық критерилеріне сай келетініне көз жеткізіңіз.
Жаңа мақала жазудың орнына қосымша ақпарат пен декреккөз қосу арқылы да жарысқа қатса аласыз; алайда мәтін теруде кеткен қатені (typo) түзеу, стилін өңдеу, санат пен үлгі қосу сияқты әрекеттер сайыс шеңберінде қарастырылмайды.
Марапаттар
1 орын: Жергілікті кітап дүкенінен 150 АҚШ доллары мөлшеріндегі сыйлық ваучері.
2 орын: Жергілікті кітап дүкенінен 100 АҚШ доллары мөлшеріндегі сыйлық ваучері.
3 орын: Жергілікті кітап дүкенінен 50 АҚШ доллары мөлшеріндегі сыйлық ваучері.
Сайыс барысында осы жердегі тізімде көрсетілген Қазақстаннан басқа жарысқа қатысатын елдер (және де өзге түркі тілдес елдер) туралы бір тақырыпта жаңа мақала бастап не бар мақаланы жетілдіру керек.
2020 жылдың 1 маусымы сағат 00.00 (UTC) мен 2020 жылдың 30 маусымы сағат 00.00 (UTC) арасында жаңадан басталған немесе жетілдірілген мақалалар ғана сайысқа қатыса алады.
Сайысқа ұйымдастырушылар мен әділқазылар алқасынан өзге барлық қатысушылар қатыса алады.
Жоба барысында жасалған жаңа мақалалардың көлемі кем дегенде 2500 байт және 200 сөзден болуы керек, ал бұрыннан бар мақалалар жоқ дегенде 150 сөзге жетілдірілуі керек егерде алғашқы көлемі 6000 байттан аспаса.
Ең кемі екі сенімді дереккөз қосу, санат, интеруики, басқа бетке сілтемелер болуы керек.
Тізім, кесте, үлгі не санаттар сайыс аясына кірмейді. Тізімдер мен кестелерде мәтін болса, олар есептеледі.
This browser is not supported by Wikiwand :( Wikiwand requires a browser with modern capabilities in order to provide you with the best reading experience. Please download and use one of the following browsers:
Your input will affect cover photo selection, along with input from other users.
X
Get ready for Wikiwand 2.0 🎉! the new version arrives on September 1st! Don't want to wait?
Oh no, there's been an error
Please help us solve this error by emailing us at support@wikiwand.com
Let us know what you've done that caused this error, what browser you're using, and whether you have any special extensions/add-ons installed.
Thank you!