For faster navigation, this Iframe is preloading the Wikiwand page for Жаһан шах.

Жаһан шах

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Жаһан шах
جهان شاه

Jahan shah

Жаһан шах
Лауазымы
Ту
Ту
Қара-Қоюнлудың V сұлтаны
1438 — 1467 қараша
Ізашары Қара Ескендір
Ізбасары Хасан Әли
Өмірбаяны
Білімі Сопылық, Шығыс әдебиеті
Мамандығы ақын
Дүниеге келуі 1397 (1397)
Хой
Қайтыс болуы 30 қазан 1467 (1467-10-30)
Бингол, Анатолия
Жерленді Тебриз, Көк мешіт (Blue Mosque)
Династия Оғыз түрік, Қара-Қоюнлу
Әкесі Қара Жүсіп

Жаһан шах (әз. جهان شاه, Мұзаффар ад-Дин Жаһан Шах ибн Жүсіп (Хой қаласында 1397ж, не Мардинде 1405ж туылып - Бингөлде, 30 қазан, не 11 қараша 1467ж қайтқан[1]) — Қара-Қоюнлу Оғыз түріктері әулетінің көсемі болып, ол Әзірбайжанда және Арранда (Arran) 1438-1467 жж билік құрды. Қара-Қоюнлулардың ұлы әміршілерінің бірі ретінде, ол билеген тұста Қара-Қоюнлу территориясы бұрын-соңды болмаған деңгейде кеңейіп, Шығыс Аналолияны, қазіргі Ирактың көп бөлігін, Иранның орталық бөлігін, тіпті Керманды (Kerman) да өзіне қосып алды, көрші мемлекеттер де Қара-Қоюнлу ықпалында болды. Ол ішімдікке әуес және ойын-сауықты ұнатқан деп болжанады. Жаһан шах билігі тұсында астана Табризде Гөкмедресе (Gökmedrese) және Музафферие (Muzafferiye) теологиялық мектептері салынады.

Балалық шағы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Мұзаффар әл-дин Жаһан Ақиқи 1397 жылы Хой қаласы маңындағы ауылда туылады.

Темір әулетімен және Жалайырлармен кескілескен соғыс жүргізіп, Қара Жүсіп алып империя құрады. Жаһан шах осы империяда кішкентайынан жақсы білім мен тәрбие алып өседі, әрі әкесі Қара Жүсіптің соғыстары мен басқару істеріне ерте араласады. Әкесі тірі кезінде Жаһан шахтыы Солтанияны және Газвинді қайтарып алуға жібереді.[2] Ол сол замандағы ең білімді және ашық ойлы билеушілердің бірі болды.

1420 жылы Жаһан шах Трабзондық Алексей IV Ұлы Комниннің қызына үйленеді.[3] Бұл сондай-ақ Трабзондық Алексейдің бұрын Темір әулетіне төлеген алымын Қара-Коюнлуға төлей беретіндігі туралы келісімнің бір бөлігі болады.

Қара Жүсіп 1420 жылы қайтыс болған соң, елде ішкі соғыс болып, империя әлсірейді. Темір әулетінен Шахрух және Байсүнгүр (Baysungur) шапқыншылығын үдете түседі. Таққа (1420–36) ағасы Қара Ескендір шыққанымен, Жаһан шах ықтимал қарсылас ретінде қысымға ұшырайды да, ол Бағдаттың билеушісі болған басқа бір ағасы Исппен бин Жүсіпті паналайды.

Билікке Шах Рухтың көмегі арқылы ол алдымен Тимурийлердің вассалы ретінде билік етті. Оны Гохаршад Бегум асырап алып, 1438 жылы 19 сәуірде «Музаффар ад-Дин» эпитетін қабылдаумен бірге таққа отырды.

Қара Ескендір Ширванға (Shirvan) шабуыл жасаған кезде Темір әулетінен Шахрух келіп Ширваншах І Халиллаһты қорғайды. Жаһан шах та Ескендірге қарсы соғысады. Ескендір бірлескен армияға төтеп бере алмай, Ширваннан қашады. Ол 1435 жылы Шахрухтан жеңіледі де, Жаһан шах Қара-Құюнлу билігін Темір әулетінің вассалы ретінде қолына алады. 1438 жылы 19 сәуірде оны Гохаршад Бегім (Goharshad Begum) қабылдап, Мұзафар ад-Дин деген атаумен таққа отырғызады.[4]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. https://islamansiklopedisi.org.tr/cihan-sah CİHAN ŞAH- TDV İslâm Ansiklopedisi, islamansiklopedisi.org.tr, 2018-08-23
  2. Minorsky, V. (1955). "The Qara-Qoyunlu And The Qutb-Shahs" (in en). Bulletin of the School of Oriental and African Studies 17 (1): 50–73. doi:10.1017/S0041977X00106342. ISSN 1474-0699. https://www.cambridge.org/core/journals/bulletin-of-the-school-of-oriental-and-african-studies/article/qaraqoyunlu-and-the-qutbshahs/0AFF2AB53B588A0415C042A8D4859D7F. 
  3. Kuršanskis, Michel (1979). "La descendance d'Alexis IV, empereur de Trébizonde. Contribution à la prosopographie des Grands Comnènes" (in fr-FR). Revue des études byzantines 37 (1): 239–247. doi:10.3406/rebyz.1979.2098. ISSN 0766-5598. http://www.persee.fr/doc/rebyz_0766-5598_1979_num_37_1_2098. 
  4. The Qara-qoyunlu and the Qutb-shāhs (Turkmenica, 10) - V. Minorsky - Vol. 17, No. 1 (1955), pp. 50-73
{{bottomLinkPreText}} {{bottomLinkText}}
Жаһан шах
Listen to this article

This browser is not supported by Wikiwand :(
Wikiwand requires a browser with modern capabilities in order to provide you with the best reading experience.
Please download and use one of the following browsers:

This article was just edited, click to reload
This article has been deleted on Wikipedia (Why?)

Back to homepage

Please click Add in the dialog above
Please click Allow in the top-left corner,
then click Install Now in the dialog
Please click Open in the download dialog,
then click Install
Please click the "Downloads" icon in the Safari toolbar, open the first download in the list,
then click Install
{{::$root.activation.text}}

Install Wikiwand

Install on Chrome Install on Firefox
Don't forget to rate us

Tell your friends about Wikiwand!

Gmail Facebook Twitter Link

Enjoying Wikiwand?

Tell your friends and spread the love:
Share on Gmail Share on Facebook Share on Twitter Share on Buffer

Our magic isn't perfect

You can help our automatic cover photo selection by reporting an unsuitable photo.

This photo is visually disturbing This photo is not a good choice

Thank you for helping!


Your input will affect cover photo selection, along with input from other users.

X

Get ready for Wikiwand 2.0 🎉! the new version arrives on September 1st! Don't want to wait?