For faster navigation, this Iframe is preloading the Wikiwand page for Үгедей хан.

Үгедей хан

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Үгедей
Өгэдэй хаан
Үгедей хан
Лауазымы
Моңғол империясының Ұлы ханы
1229-1241
Ізашары Шыңғыс хан
Төле (регент)
Ізбасары Дөрегене-қатын (регент)
Гүйік
Өмірбаяны
Діні тәңіршілдік
Дүниеге келуі шамамен 1186
Қайтыс болуы 11 желтоқсан 1241 (1241-12-11)
Моңғолия
Династия Шыңғыс хан әулеті
Әкесі Шыңғыс хан
Анасы Бөрте
Жұбайы Дөрегене-қатын
Балалары Гүйік
Қодан
Күшү
Қашы
Қадан

Үгедей (моңғ. Өгөөдэй, қыт. 窝阔台) (1186 қазан — 1241 желтоқсанның 11-і) — Шыңғыс ханның үшінші ұлы, Моңғол Ұлысының екінші ұлы ханы (1229—1241), әкесінің мұрагері. Шыңғыс ханның көршілес елдерін жаулап алу саясатын жалғастырған. Батыс Қытайға және Орталық Азия жорықтарына қатынасқан. Жас кезінен әкесінің жорықтарына қатынасты. 1211—15 жылы Солтүстік Қытайға (Цзань империясы), 1218—22 жылы Орта Азияға (Хорезм) жорық кезінде жеке жасақтың басшысы болды. Орта Азия қалаларын қоршауға алу кезінде Шыңғысханның үлкен 2 ұлы Жошы мен Шағатай арасында үнемі дау туа бергендіктен, әкелері Үгедейді бірінші орынға шығарып, 2-ағасын оған бағынуға міндеттеді. Екі ағасына карағанда мінезінің жұмсақтығымен әрі елмен тез тіл табыса алуымен ерекшеленді. Хорезм жорығы аяқталғаннан кейін көп ұзамай Шыңғыс хан Үгедейді өзінің заңды мұрагері етіп тағайындады. Таққа отырғаннан кейін ол әкесінің жорықтарын ары қарай жалғастырды. 1232—34 жылы Үгедей мен Төле басқарған әскерлер Цзань империясын толық талқандап, Солтүстік Қытайды бағындыруды аяқтады. Қытайлармен соғыс аяқталысымен-ақ Үгедей бағынбай кеткен Хорезмнің соңғы билеушісі Жалел әд-Дин сұлтанды жазалау үшін арнайы жасақ аттандырады. Жалел әд-Дин талқандалып, күрдтердің қолынан қазаға ұшырады. Бүл жорықтың нәтижесінде моңғолдар Күрдістан, Әзірбайжан, Кіші Азияның шығыс бөлігін жаулап алды. 1235 жылы өткен құрылтайда батысқа қарай жорық жасауға арнайы шешім қабылданып, әскердің қолбасшылығына Жошы ұлысының билеушісі Бату хан бекітілді. Нәтижесінде, 1236-41 жылы Шығыс Еуропа толығымен моңғол үстемдігін мойындады. Замандастарының айтуынша, Үгедей білімді әрі ақылды адам болған. Ол билік жүргізген кезеңде ел астанасы Қарақорым қаласын салу аяқталды, халық санағы жүргізілді, пошта қызметі ұйымдастырылды.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет.
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.Суретті мыннан табуға болады: осы мақаланың тақырыбына байланысты сурет Ортақ қорда табылуы мүмкін; мақаланың өзге тіл уикилеріндегі нұсқаларын қарап көріңіз; өзіңіз жасаған суретті жүктеңіз (авторлық құқықпен қорғалған сурет қоспаңыз!).
{{bottomLinkPreText}} {{bottomLinkText}}
Үгедей хан
Listen to this article

This browser is not supported by Wikiwand :(
Wikiwand requires a browser with modern capabilities in order to provide you with the best reading experience.
Please download and use one of the following browsers:

This article was just edited, click to reload
This article has been deleted on Wikipedia (Why?)

Back to homepage

Please click Add in the dialog above
Please click Allow in the top-left corner,
then click Install Now in the dialog
Please click Open in the download dialog,
then click Install
Please click the "Downloads" icon in the Safari toolbar, open the first download in the list,
then click Install
{{::$root.activation.text}}

Install Wikiwand

Install on Chrome Install on Firefox
Don't forget to rate us

Tell your friends about Wikiwand!

Gmail Facebook Twitter Link

Enjoying Wikiwand?

Tell your friends and spread the love:
Share on Gmail Share on Facebook Share on Twitter Share on Buffer

Our magic isn't perfect

You can help our automatic cover photo selection by reporting an unsuitable photo.

This photo is visually disturbing This photo is not a good choice

Thank you for helping!


Your input will affect cover photo selection, along with input from other users.

X

Get ready for Wikiwand 2.0 🎉! the new version arrives on September 1st! Don't want to wait?