For faster navigation, this Iframe is preloading the Wikiwand page for Шерғазы хан.

Шерғазы хан

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Шерғазы Айшуақұлы (туған жылы белгісіз — 29.8.1845) — Кіші жүздің ханы (1812 — 24).

Шерғазы хан
Лауазымы
Ту
Ту
Кіші жүз ханы
1812 — 1824
Ізашары Жантөре хан
Ізбасары Мемлекет құлады
Өмірбаяны
Діні Ислам
Династия Төре
Әкесі Айшуақ хан

Әбілқайыр ханның немересі. Айлакер, дипломаттық қабілетімен ерекшеленген. 1812 жылы Александр І патшаның жарлығымен Кіші жүз екіге бөлінді: Ішкі Ордада Бөкей, Жайықтың сол жағасынан шығыс жақтағы өңірде Шерғазы хан болып жарияланды. Оның хан болған кезеңі — Кіші жүзде саяси қайшылықтардың ең шиеленіскен заманына тура келді. Әсіресе қолына хандық тимеген Қаратай сұлтан Шерғазыны мойындамады. Көптеген мәселелерді хандық кеңестің төрағасы сұлтан Медетғали Тұрдәлиұлы шешіп отырды. Өзін хан деп жариялаған Арынғазы сұлтан да Шерғазыға қарсылық білдірді. Орынбор губернаторы П.К. Эссен Арынғазыны қолдады. Бір жағынан Қаратаймен, екінші жағынан Арынғазымен тайталастан әбден жалыққан Шерғазы 1819 жылы Петербургке барып, Ресей патшасынан тікелей қолдау табуға тырысты. Алайда ойлаған мақсатына жете алмады. Шекаралық комиссияның төрағасы В.Тимковский тартысқа көп араласпай, негізінде бейтарап саясат ұстанды. Ресейден үмітін үзген Шерғазы Хиуа хандығына арқа сүйенбек болды. Беделді, ақылды бәйбішесі Анам ханым Әбілқайыр тұқымдарының басын жиыстырып, Шерғазының билігін күшейтуге тырысты. Алайда Эссен Сыртқы істер мин-нің жанындағы Азия істері жөніндегі комитеттің тапсырмасымен Кіші жүзде хандықты жоюдың шараларын ұйымдастырды. “Орынбор қырғыздары туралы жарғының” қабылдануымен хандықтың жойылуына байланысты 1824 жылы мамыр айында Шерғазы орнынан алынып, Орынборға мемлекеттік қызметке тағайындалды. Алайда елін аңсаған Шерғазы 1825 жылдың күзінде жасырын ауылына қайтып оралды. Патша үкіметінің қудалауынан сескенген хан Хиуа хандығынан баспана іздеді. Шерғазыны қолға түсіруге тырысқан Орынбор шекаралық комиссиясы оның үлкен ұлдары Мұхамедқазы мен Ермұхамедті “әкелерінің дүниесін ауылына жеткізу” дегенді желеу етіп, қалаға шақыртты. Алайда аманат ретінде қапасқа қамалудан қорыққан Шерғазы балалары Орынборға барудан бас тартты. Шерғазы осыдан кейін саяси өмірге көп араласқан жоқ. Өкімет те оның қауіпсіздігіне көзі жетіп, 1500 сом жылдық жалақы тағайындады. Шерғазы Хиуа хандығын Ресеймен соғысуға үгіттеп, сол арқылы хандықты қалпына келтіруді көкседі. Бірақ арманына жете алмай, ұзаққа созылған науқастан дүние салды.[1][2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Киргизы Оренбургского ведомства // Материалы для географии и статистики России, Мейер Л., СПб, 1865
  2. Государственные деятели казахских ханств в 18 — первой четверти 19 вв., Касымбаев Ж.К., ,3 том, Алматы, 2001
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.Суретті мыннан табуға болады: осы мақаланың тақырыбына байланысты сурет Ортақ қорда табылуы мүмкін; мақаланың өзге тіл уикилеріндегі нұсқаларын қарап көріңіз; өзіңіз жасаған суретті жүктеңіз (авторлық құқықпен қорғалған сурет қоспаңыз!).
{{bottomLinkPreText}} {{bottomLinkText}}
Шерғазы хан
Listen to this article

This browser is not supported by Wikiwand :(
Wikiwand requires a browser with modern capabilities in order to provide you with the best reading experience.
Please download and use one of the following browsers:

This article was just edited, click to reload
This article has been deleted on Wikipedia (Why?)

Back to homepage

Please click Add in the dialog above
Please click Allow in the top-left corner,
then click Install Now in the dialog
Please click Open in the download dialog,
then click Install
Please click the "Downloads" icon in the Safari toolbar, open the first download in the list,
then click Install
{{::$root.activation.text}}

Install Wikiwand

Install on Chrome Install on Firefox
Don't forget to rate us

Tell your friends about Wikiwand!

Gmail Facebook Twitter Link

Enjoying Wikiwand?

Tell your friends and spread the love:
Share on Gmail Share on Facebook Share on Twitter Share on Buffer

Our magic isn't perfect

You can help our automatic cover photo selection by reporting an unsuitable photo.

This photo is visually disturbing This photo is not a good choice

Thank you for helping!


Your input will affect cover photo selection, along with input from other users.

X

Get ready for Wikiwand 2.0 🎉! the new version arrives on September 1st! Don't want to wait?