For faster navigation, this Iframe is preloading the Wikiwand page for Арынғазы хан.

Арынғазы хан

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Арынғазы хан
Арынғазы хан
Лауазымы
Ту
Ту
Кіші жүздің ханы
1816 — 1821
Ізашары Қаратай хан
Ізбасары Шерғазы хан
Өмірбаяны
Діні Ислам
Дүниеге келуі 1783 (1783)
Қазақ хандығы
Қайтыс болуы 1833 (1833)
Ресей империясы
Династия Төре
Әкесі Әбілғазы хан

Арынғазы Абылғазыұлы (17831833) - Кіші жүз ханы, Қайып ханның немересі. 1815 ж. әкесі Абылғазы қайтыс болғаннан кейін шекті, жаппас, арғын, алтын, т.б. рулардың би, старшындары тарапынан құрылтайда хан сайланған.

Ақылдылығымен, парасаттылығымен көзге түскен. Шерғазымен тайталасып, оны хандықтан ығыстыруға ұмтылған. Хиуа ханы Мұхаммед Рахыммен тартысқа түсіп, бірнеше рет соғысқан. Арынғазы қозғалысы деген атпен белгілі саяси ағымның мақсаты — хандық билікті нығайту, Орта жүз бен Кіші жүзде ортақ мемлекет құру, оған ислам дінін, мұсылмандық құқықты, шариғатты тірек ету. Сөйтіп, ол билер мен старшындарды ел билеуден шеттетіп, ер руға жасауыл тағайындады. Арынғазы Ресей протекторатын біріккен қазақ хандығын құру мақсатына пайдалануға ұмтылды. 1819 ж. Шерғазы хан патшаның атына Арынғазының үстінен шағым түсірді. Губернатор П.К.Эссен оған қолдау көрсетті. Тіпті Шерғазыны хандықтан аластатып, Арынғазыны хан ретінде бекітуге патшаға ұсыныс жасаған. Кіші жүздің бір ғана бөлігін басқарса да, патша үкіметінің осы өңірді отарлауына мейлінше қарсылық көрсеткен.

Шерғазының соңынан Санкт-Петербургқа барған. Шерғазыны ғана хан ретінде мойындаған I Николай оны тұтқындау жөнінде нұсқау берді. 1823 ж. Арынғазы ұсталып, Калугаға жер аударылды. 1826 ж. желтоқсан айының 21-де бірнеше сұлтан және белді старшындар Эссеннен Арынғазыны Калугадан өз ауылына қайтаруға өтінген. Эссеннің қолдауына қарамастан, Азиялық комитет бұл ұсынысты қабылдамай тастады. Осыған қарсылық ретінде Арынғазының «партиясы» халық арасында үгіт жүргізіп, Ресейге қарсылық жасауға тырысты. 1833 ж. Арынғазы Калугада дүние салды. Арынғазы күйші де болған. Оның «Арынғазы» атты жеті буынды жыр өлшеміне сай келетін күйі марш сияқты сергек сипатымен, айқын көңілді сазымен ерекшеленеді. Үш бөлімді пішінде дамитын бұл шығарма Құрманғазы, Дәулеткерей, т.б. күй шығармашылығына («Сарыарқа», «Түрмеден қашқан», «Қосалқа») әсер етті.[1][2][3]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Батыс Қазақстан облысы. Эндиклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8
  2. Тереньтев М.А., История Средней Азии. т. 1. СПб, 1906
  3. Крафт И., Сборник узаконий о киргизах степных областей, Оренбург, 1898
{{bottomLinkPreText}} {{bottomLinkText}}
Арынғазы хан
Listen to this article

This browser is not supported by Wikiwand :(
Wikiwand requires a browser with modern capabilities in order to provide you with the best reading experience.
Please download and use one of the following browsers:

This article was just edited, click to reload
This article has been deleted on Wikipedia (Why?)

Back to homepage

Please click Add in the dialog above
Please click Allow in the top-left corner,
then click Install Now in the dialog
Please click Open in the download dialog,
then click Install
Please click the "Downloads" icon in the Safari toolbar, open the first download in the list,
then click Install
{{::$root.activation.text}}

Install Wikiwand

Install on Chrome Install on Firefox
Don't forget to rate us

Tell your friends about Wikiwand!

Gmail Facebook Twitter Link

Enjoying Wikiwand?

Tell your friends and spread the love:
Share on Gmail Share on Facebook Share on Twitter Share on Buffer

Our magic isn't perfect

You can help our automatic cover photo selection by reporting an unsuitable photo.

This photo is visually disturbing This photo is not a good choice

Thank you for helping!


Your input will affect cover photo selection, along with input from other users.

X

Get ready for Wikiwand 2.0 🎉! the new version arrives on September 1st! Don't want to wait?