For faster navigation, this Iframe is preloading the Wikiwand page for Шертер.

Шертер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Шертер – ежелгі шекті аспап. Шертер де домбыра сияқты ойнайды. Шертердің көлемі домбырадан көп кіші, бірақ сыртқы түрі қобызды еске салады, оған жұмыр түр беріп, сыртын терімен қаптайды, аттың қылынан екі шек тартылады. Аспап бір ғана бұрандалы болып келеді, шектің бір басы бұрандаға, екіншісі басына бекітіледі. Шертер аспабы аңыз, ән, ертегілерді айтқанда қолданылған. Ол бақташылар арасында кең тараған. Қазақтың көне музыкалық аспаптарының біріне жататын ол шертіп ойнау тәсіліне байланысты шертер деп аталған. Шертер екі немесе үш ішекті болып келеді. Ертедегі шертерлер ағаштан ойылып, шанағы көнмен (терімен) қапталған. Дыбыс күші қапталған терінің жұқа-қалыңдығына, ішегінің жуан-жіңішкелігіне байланысты. Пернесі болмайды, ішегіне ызған жылқы қылы тағылады. Жалпы тұрқы 650 — 700 мм. Ойнау тәсілі домбыраға жақын болғанымен, жасалуы жағынан қылқобызға көбірек ұқсайды. Бұл аспаптың өткен ғасырларда негізінен малшылар арасында кең тарағандығы жайлы халық аңыздарында айтылады. Шертердің суреті Б.Залесскийдің 1865 жылы Париж қаласында басылып шыққан “Қырғыз (қазақ) далаларындағы тіршілік” атты альбомынан (бұл аспапты ол Маңғыстау қазақтары арасынан кездестірген) табылды. Музыка аспабын жасаушы шебер О.Бейсембаев осы альбомдағы сурет бойынша шертерді қайта жасап шығарды; ал шебер Ә.Аухадиев оның жетілдірілген түрін (1972) әзірледі. Шертердің бір үлгісі Санкт-Петербург этнографиялық мұражайында сақтаулы. Шертердің құлақ күйі кварта не квинта бұрауында болады. Дыбыс көлемі екі жарым октава. Шертерді оркестр мен ансамбльде, сондай-ақ жеке орындау үшін де пайдалануға болады. Кезінде Шертердің жетілдірілген түрі “Айгүл”, “Ғасырлар пернесі”, “Сазген”, т.б. ансамбльдерде пайдаланылды. Торғайдың Арқалық қаласында “Шертер” атты қазақтың халық аспаптарының фольклорлық ансамблі ұйымдастырылды.[1][2]

1967 жылы Ленинградтың көптеген музейлеріндегі музыка құралдарымен танысып, қазақтың және басқа көршілес халықтардың біраз аспаптарын суретке түсіріп алдық. Сонда КСРО халықтарының Мемлекеттік этнографиялық музейінен шертерге өте ұқсас бір аспап кездесті, оны сипаттау документінде қобыз деп жазыпты. Жоғарыда суреттелгендей, бұл да шертердің құрылысына ұқсайды. Айырмашылығы тек сопақтау жасалып, екі ішек тағылуында. Бұл аспапты суретші С. М. Дудин 1902 жылы Сырдария облысынан тауып музейге өткізген.

Ысқышсыз, шертіліп тартылатын осынау аспапты екеуі де қобыз деп аталуының себебі мынада болуы тиіс. Осы кезге дейін қобыз деген сөзге ұқсас кобза, кобуз, комуз, комус деп әр халық ысқышты, шертпелі не болмаса үрмелі аспаптарды атай берген. Сол аспаптарды өз ара ажырату үшін оларды анықтауыш сөзбен қоса атаған. Мысалы, Дағыстандағы шертпелі аспап ағаш комуз, қырғыздың шаңқобызына ұқсас аспап — темір комуз, қырғыздың шертпе аспабы — чертме комуз т. б. Тарту тәсіліне, не болмаса, жасалған материалына қарай атаған. Сол сияқты қазақ халқында да «қобызды» түрлі құралдарға ортак, термин есебінде қолданылғанын байқаймыз. Қыл ішекті ысқышпен тартылатын қыл қобыздан басқа да қобыз атаулы аспаптың бірнеше түрі болған. Мәселен, оларды қыл қобыздан ажырату үшін шаңқобыз үрмелі, темірден не болмаса ағаштан жасалып, ауызға алып тартады, жезқобыз қыл қобыздан ерекшелігі, түлғасы жезден жасалған, қағаз қобыз біраз қазақ аудандарында гармоньды кардоннан жасалуына қарай осылай атаған. Қобыз, қобза, кобуз, комуз: комус аспаптарының аттары, негізінде, бір сөзден пайда болғандығын аңғартады, бірақ ол аспаптардың бір түріне ғана қолданылмаған. Қырғыздардың чертмек не болмаса чертме комуз дегендей, шертердің шертпе қобыз деп те аталуы мүмкін. Қазақтың басқа аспаптарының әр жерде түрлі атпен тарағанын білеміз. Мысалы, гармоньды сырнай, қағаз қобыз дейді.

Домбыраның дамуы шертермен тығыз байланысты сияқты. Шертер домбыраға қарағанда жасалуы жағынан қарапайым болған. Ескі домбыралардың кейбір бөлшектері шертерге ұқсас келеді. Мысалға аспаптың жалпы тұлға ортақтығы, осы кезге дейін Семей облысынан домбыраның үш ішекті болып кездесуі осы ұқсастықтың көрінісі.

Сөйтіп, соңғы кездегі табылған біраз жаңа деректерге сүйенсек, ертеректе қазақтың шертер аспабы болыпты деген халык арасында кездесетін әңгіменің жаны бар екендігін байқаймыз. Ал шертпелі аспап жетіген, шертер және домбыра болып үш түрге бөлінеді. Жетігеннің Күршім қазақтарының арасынан табылғандығы жайында жаңа деректер де табылып отыр.

Қазақтың көне музыка мұраларын байыптап зерттеген сайын, біздің ұлттық мәдениет тарихымызға жаңа дерек, жаңа мәліметтер қосыла түспек. Ондай деректерді әлі де болса іздей түсу, қауым боп қолға алатын келелі мәселе.[3]

Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
  2. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
  3. Мәдениеттану негіздері: Окулық. - Алматы: Дәнекер, 2000. ISBN 9965-485-34-8
{{bottomLinkPreText}} {{bottomLinkText}}
Шертер
Listen to this article

This browser is not supported by Wikiwand :(
Wikiwand requires a browser with modern capabilities in order to provide you with the best reading experience.
Please download and use one of the following browsers:

This article was just edited, click to reload
This article has been deleted on Wikipedia (Why?)

Back to homepage

Please click Add in the dialog above
Please click Allow in the top-left corner,
then click Install Now in the dialog
Please click Open in the download dialog,
then click Install
Please click the "Downloads" icon in the Safari toolbar, open the first download in the list,
then click Install
{{::$root.activation.text}}

Install Wikiwand

Install on Chrome Install on Firefox
Don't forget to rate us

Tell your friends about Wikiwand!

Gmail Facebook Twitter Link

Enjoying Wikiwand?

Tell your friends and spread the love:
Share on Gmail Share on Facebook Share on Twitter Share on Buffer

Our magic isn't perfect

You can help our automatic cover photo selection by reporting an unsuitable photo.

This photo is visually disturbing This photo is not a good choice

Thank you for helping!


Your input will affect cover photo selection, along with input from other users.

X

Get ready for Wikiwand 2.0 🎉! the new version arrives on September 1st! Don't want to wait?