For faster navigation, this Iframe is preloading the Wikiwand page for Ларингит.

Ларингит

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Ларингит (грек. lаrynx — көмекей) — көмекей кілегей қабығының қабынуы. Ларингиттің жедел және созылмалы түрлері бар. Жедел Ларингит көбіне салқын тиюден (салқын тамақ, суық ауа, т.б.) болады. Кейде тұмау, қызылша, қызамық, т.б. аурулар, тіпті көп сөйлеу де Ларингит шалдықтырады. Науқастың дене қызуы көтеріледі де, дел-сал болып, көмекейінің екі шеті қызарып, талаурап ісінеді, тамағы құрғайды, сөйлегенде қиналады, құрғақ жөтел пайда болады. Кейде аурудың асқынуынан көмекейдің екі жағы іріңдеп, ісінеді, жақ, жұтқыншақ безі шошынады, ауырады. Созылмалы Ларингит оның жедел түрін уақтылы емдемеуден және қайталап аурудан, сондай-ақ, темекі тарту, арақ ішу, ұзақ уақыт қатты дауыстап сөйлеу, айқайлаудан, т.б. пайда болады. Созылмалы Ларингит кезінде науқастың дауысы шықпай қалуы мүмкін. Балаларда (6 — 8 жастағы) Ларингиттің ерекше түрі — қатпар асты Ларингит, немесе жалған круп жиі кездеседі. Бұл кезде қабыну салдарынан пайда болған ісік көмекейді тарылтып, баланың дем алуын қиындатады. Ларингиттің бұл түрі экссудативті диатезі және әр түрлі, т.б. аллергиялық аурулары бар балаларда жиі байқалады. Аурудың белгісі: бала аяқ астынан түнде ұйқысынан оянады, қатты тер басады, мазасызданып, тыныс алуы қиындайды. Ерні көгеріп, “қарлықпа” жөтел пайда болады. 20 — 30 минуттан кейін бала тынышталып, ұйықтап кетеді. Дене температурасы қалпына түседі. Егер қатпарлы Ларингитке дауыс саңылауының тарылуы қосылса, баланың өміріне қауіп төнеді. Емі: 5 — 7 күн қатты сөйлемеу, көмекейді тітіркендіретін (ащы, тұзды, қышқыл) аса ыстық, тым салқын тағам ішпеу. Мойынға жылы компресс жасау, кеуде мен арқаға қыша қағаз қою, т.б. ингаляция жасау. Асқынған түріне хирургиялық операция жасалады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]


А. Күлімбетов

Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет.
{{bottomLinkPreText}} {{bottomLinkText}}
Ларингит
Listen to this article

This browser is not supported by Wikiwand :(
Wikiwand requires a browser with modern capabilities in order to provide you with the best reading experience.
Please download and use one of the following browsers:

This article was just edited, click to reload
This article has been deleted on Wikipedia (Why?)

Back to homepage

Please click Add in the dialog above
Please click Allow in the top-left corner,
then click Install Now in the dialog
Please click Open in the download dialog,
then click Install
Please click the "Downloads" icon in the Safari toolbar, open the first download in the list,
then click Install
{{::$root.activation.text}}

Install Wikiwand

Install on Chrome Install on Firefox
Don't forget to rate us

Tell your friends about Wikiwand!

Gmail Facebook Twitter Link

Enjoying Wikiwand?

Tell your friends and spread the love:
Share on Gmail Share on Facebook Share on Twitter Share on Buffer

Our magic isn't perfect

You can help our automatic cover photo selection by reporting an unsuitable photo.

This photo is visually disturbing This photo is not a good choice

Thank you for helping!


Your input will affect cover photo selection, along with input from other users.

X

Get ready for Wikiwand 2.0 🎉! the new version arrives on September 1st! Don't want to wait?