For faster navigation, this Iframe is preloading the Wikiwand page for Көмекей.

Көмекей

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

A.
Көмекей.
ӨкпеҚабырғаМұрын қуысыТанауАуыз қуысыЖұтқыншақКөмейКеңірдекБронхыБронхиолаДиафрагма
Дем алу жүйесі

Көмекей, көмей (лат. larynx ) — тыныс алу түтікше мүшелерінің бастама бөлігі және мойынның алдыңғы жағында орналасқан іші қуысшеміршекті мүше.

Сипаттамасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Көмекей қабырғасының негізін сақинаша, қалқанша, бөбешік және жұп ожауша шеміршектер құрайды. Шеміршектер бір-бірімен және тіласты сүйегімен буындар мен байламдар арқылы қозғалмалы байланысып, оның ішкі қуысы арнасының өзгеріп отыруын қамтамасыз етеді. Түтікше мүше ретінде көмекейдің қабырғасы ішкі — кілегейлі қабықтан, ортаңғы — шеміршекті-талшықты қабықтан және сыртқы — адвентиция қабығынан тұрады. Оның ішкі бетінің екі бүйірінде екі дыбыс қатпары, олардың аралығында дыбыс саңылауы орналасады. Дыбыс қатпарының негізін дыбыс байламы мен дыбыс бұлшықеті құрайды. Демді сыртқа шығару кезінде дыбыс байламының тербелуі нәтижесінде дыбыс шығады. Құйрықсыз қосмекенділердің, кейбір бауырымен жорғалаушылардың, көптеген сүтқоректілердің және адам көмекейінің ішкі бетінде бір-бірімен бұрыштасып орналасқан қатпарланған – дыбыс сіңірі болады. Ол фиброзды эластик. тіннен тұрады және кілегейлі қабықпен қапталған. Көптеген сүтқоректілерде (мыс., кит тәрізділерде) дыбыс сіңірі болмайды, ал кейбір маймылдарда ол шала дамыған. Көмей қуысының алдыңғы жағы тыныс алу саңылауы арқылы жұтқыншаққа, артқы бөлімі кеңірдек қуысына жалғасады. Көмекей жұтқыншақтан дамыған, ал оның шеміршегі – түрі өзгерген желбезек доғалары. Құйрықты қосмекенділердің көбінде, барлық құйрықсыз қосмекенділердің К-інде ожау және оймақ тәрізді шеміршек болады. Бауырымен жорғалаушылар мен құстардың көмекейінің құрылысы ұқсас. Сүтқоректілердің бұл мүшесінде жоғарыда айтылған шеміршектерден басқа қалқан тәрізді және бөбешік, т.б. ұсақ қосымша шеміршектер болады. Сүтқоректілердің көбінде болатын дыбыс сіңірлері ожау тәрізді және оймақ тәрізді шеміршектер арасында керіліп тұрады. К-дің құрылысы қоректену және тыныс алу ерекшелігіне байланысты. Мысалға, кит тәрізділер мен жаңа туған қалталы сүтқоректілердегі ожау және оймақ тәрізді шеміршектер түтікше ұзарып, көмекей қуысына еніп тұрады. Көмекейдің мұндай құрылысы арқасында қалталылар бір мезгілде сүт еме алып, әрі тыныс ала алады, ал кит тәрізділер қорегін жұтқанда, оның көмекейіне су құйылмайды. Адамның көмейінен дыбыс органына және кеңірдекке ауа өтеді, сондай-ақ, бұларға қатты, не сұйық зат түсіп кетуден қорғайды; қ. дауыс.

Көмекей — тыныс жолын (аңқа) кеңірдекпен жалғастырып, қақпақ ретінде азықтың жұтқыншақтан кеңірдекке түспеуін қамтамасыз етеді. Ол екі бағытта (сыртқы ортаға және ішке өкпеге) ауа өткізетін тыныс жолы және дыбыс мүшесі.[1]

Көмекейдегі дыбыс сіңірінің бір-біріне тиіп, аралары тарылып және тербелуінен дыбыс пайда болады. Дыбыстың биіктігі ауа тербелісінің жиілігіне және дыбыс сіңірінің керілуіне байланысты. Адамның және өкпесімен тыныс алатын жануарлардың көмекейінде, әдетте, дыбыс сіңірінің тербелуінен дыбыс түзетін – дыбыс шығару аппараты болады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет.


{{bottomLinkPreText}} {{bottomLinkText}}
Көмекей
Listen to this article

This browser is not supported by Wikiwand :(
Wikiwand requires a browser with modern capabilities in order to provide you with the best reading experience.
Please download and use one of the following browsers:

This article was just edited, click to reload
This article has been deleted on Wikipedia (Why?)

Back to homepage

Please click Add in the dialog above
Please click Allow in the top-left corner,
then click Install Now in the dialog
Please click Open in the download dialog,
then click Install
Please click the "Downloads" icon in the Safari toolbar, open the first download in the list,
then click Install
{{::$root.activation.text}}

Install Wikiwand

Install on Chrome Install on Firefox
Don't forget to rate us

Tell your friends about Wikiwand!

Gmail Facebook Twitter Link

Enjoying Wikiwand?

Tell your friends and spread the love:
Share on Gmail Share on Facebook Share on Twitter Share on Buffer

Our magic isn't perfect

You can help our automatic cover photo selection by reporting an unsuitable photo.

This photo is visually disturbing This photo is not a good choice

Thank you for helping!


Your input will affect cover photo selection, along with input from other users.

X

Get ready for Wikiwand 2.0 🎉! the new version arrives on September 1st! Don't want to wait?