Wikimania
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
«Уикиманиа» (ағылш. Wikimania) — «Уикимедиа қорының» жыл сайынғы халықаралық конференциясы. «Уикиманиа» конференциясы пікірлес, мүдделес адамдардың кездесуімен қатар ғылыми конференция ретінде ұйымдастырылады. Мұнда «Уикимедиа қоры» атқаратын іске қосылған немесе жоспарлау сатысындағы көптеген жобаларға қатысты техникалық, мазмұндық және идеялық талқылаулар өтеді.
«Уикиманиа» барысында «уикимедиашы» (ағылш. wikimedians) қауымдастығы ашық және тегін бағдарламаларды дамыту және қолдану мәселелерінен бастап уики жобаларды әлем бойынша ілгерлету, білім беру технологияларын дамытуға қатысты мәселелерді қамтиды.
Жалпы мағлұмат
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Конференция | Күні | Өткізілген жер | Континент |
---|---|---|---|
Wikimania 2005 | 5 тамыз — 7 тамыз 2005 | Франкфурт (Майн), Германия | Еуразия |
Wikimania 2006 | 4 тамыз — 6 тамыз 2006 | Кембридж, Массачусетс, АҚШ | Солтүстік Америка |
Wikimania 2007 | 3 тамыз — 5 тамыз 2007 | Тайбэй, Қытай Республикасы | Еуразия |
Wikimania 2008 | 17 шілде — 19 шілде 2008 | Александрия, Мысыр | Африка |
Wikimania 2009 | 26 тамыз — 28 тамыз 2009 | Буэнос-Айрес, Аргентина | Оңтүстік Америка |
Wikimania 2010 | 9 шілде — 11 шілде 2010 | Гданьск, Польша | Еуразия |
Wikimania 2011 | 4 тамыз — 6 тамыз 2011 | Хайфа, Израиль | Еуразия |
Wikimania 2012 | 12 шілде — 15 шілде 2012 | Вашингтон, АҚШ | Солтүстік Америка |
Wikimania 2013 | 7 тамыз — 11 тамыз 2013 | Гонконг, ҚХР | Еуразия |
Wikimania 2014 | 6 тамыз — 11 тамыз 2014 | Лондон, Ұлыбритания | Еуропа |
Wikimania 2015 | 15 шілде — 19 шілде 2015 | Мехико, Мексика | Америка |
Wikimania 2016 | 21 маусым — 28 маусым 2016 | Эзино-Ларио, Италия | Еуразия |
Уикиманиа-2005
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Толығырақ — Уикиманиа-2005.
Уикиманиа-2006
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Толығырақ — Уикиманиа-2006.
Уикиманиа-2007
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Толығырақ — Уикиманиа-2007.
Уикиманиа-2008
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Толығырақ — Уикиманиа-2008.
Уикиманиа-2009
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Толығырақ — Уикиманиа-2009.
Уикиманиа-2010
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Толығырақ — Уикиманиа-2010.
Уикиманиа-2011
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Толығырақ — Уикиманиа-2011.
2011 жылы Уикиманиа конференциясы Израильдің Хайфа қаласында өтті. Бұл жолғы конференцияға 56 елден 700-ге жуық адам қатысты. Аталған конференция Израиль мемлекетінде өткізілгендіктен араб елдерінен келетін қатысушылар болмады. Басқа да мұсылман елдері қатыспады. Біраз халықтың елдердің келмегеніне қарамастан бұл жиналыс осы уақытқа дейін өткен ең ірі конференция болды.
Конференцияның орталық тақырыбы ретінде ағылшын және ірі тілдердегі редакторлар (мақала жазатын адамдар) санының азая бастағандығы таңдалды. Ірі тілдердегі редакторлар санының азайып жатқандығын Уикимедиа Қоры өткізген сұрау дәлелдеді. Қордың жұмысын қамтамасыз ету үшін жыл сайын жиналатын қаражаттың үлкен бөлігі ағылшын тілді қауымдастықтан түседі. Әлемнің ірі алпауыт интернет компанияларын Қордың және энциклопедияның жұмысын қамтамасыз ету үшін демеушілік қаражат беруге үгіттеу жұмысы ұйымдастырылуда.
Қалыптасқан дәстүр бойынша Уикиманиа конференциясының соңғы күні Уикипедия энциклопедиясының негізін қалаушы Джимми Уейлс, Уикипедияның дамуына қатысты шолу жасайды. Бұл жолғы шолуында Джимбо кіші тілдердің дамуына тоқталып, Уикипедияның әлі де тірі еендігін және даму мүмкіндіктерінің көп екендігін айтып, "Қазақ Уикипедиясының" дамуына ерекше тоқталды. Қазақ Уикипедиясында 2011 жылдың сәуір айында 4 белсенді редактор және 7000-ға жуық мақала болды. Тамыз айында белсенді редакторлар саны 232-ге дейін, ал мақала саны 70 000 жетті. "Мұндай қарқынды даму ешбір уики-қауымдастық тарихында болмаған" - деді Джимми Уейлс. Аталған көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін және Уикипедия жобасын халық арасында жүргізгін насихат жұмысы үшін "WikiBilim" қоғамдық қорының құрылтайшысы Рауан Кенжеханұлы Әлемнің жыл уикипедияшысы (Global Wikipedian of the Year) деп танылды. Ал, "WikiBilim" қоғамдық қорына Джимми Уейлстің арнайы гранты (5000 АҚШ доллары) табыс етілетіндігі жарияланды.
Джимми Уейлс 2011 жылдың 16 желтоқсан күні Қазақстанға баратындығын хабарлады.
Уикиманиа-2012
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Толығырақ — Уикиманиа-2012-ге шақыру.
2012 жылы Уикиманиа конференциясы Америка Құрама Штаттарының астанасы - Вашингтон қаласында өтеді.
Уикиманиа-2013
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Толығырақ — Уикимании-2013 сайты.
Уикиманиа-2013 2013 жылы Гонконгта (ҚХР) Гонконг Политехникалық университетінде тамыздың 7-11 аралығында өтті. Бұл жылы Назарбаев зияткерлік мектептерінде құрылған Уикипедия клубының мүшелері Уикимания конференциясына алғашқы рет қатысты. Назарбаев зияткерлік мектептері делегациясы барлығы 46 адамнан тұрды, оның 33-і 7-ші және 12-ші сынып аралығындағы оқушылар. Осы жайында толығырақ «Назарбаев Зияткерлік мектептері» оқушыларының Халықаралық «Wikimania Hong Kong 2013» конференциясына қатысуы.
Уикиманиа-2014
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Уикимания-2014 Лондон қаласында (Ұлыбритания) 2014 жылы 8 тамыздан 11 тамызға дейін өтті.
Толығырақ — Уикимания-2014 сайты.
Уикиманиа-2015
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Уикимания-2015 Мексиканың астанасы Мехикода 15 шілдеден 19 шілдеге дейін өтті.
Уикиманиа-2016
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Уикиманиа-2016 Италияның Эзино-Ларио қаласында, 21 маусым мен 28 маусым аралығында өтеді.
Уикиманиа-2017
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Уикиманиа-2017 Канаданың Монреаль қаласында 11 тамыз бен 13 тамыз аралығында өтеді.
Сыртқы сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Text is available under the CC BY-SA 4.0 license; additional terms may apply.
Images, videos and audio are available under their respective licenses.