For faster navigation, this Iframe is preloading the Wikiwand page for Уикипедия:Талқылау легі бетіндегі тақырып.

Уикипедия:Талқылау легі бетіндегі тақырып

Amangeldi Mukhamejan (талқылауүлесі)

@Batyrbek.kz: Телеграмда тың идея бөлісті. Сол идеяны көпшіліктің талқысына салып, жүзеге асырған жөн деп санаймын. Тұлға жайлы мақала атауын "Аты Тегі" форматында жазуды ұсынамын. қазіргі кезде Қазақ Уикипедия кеңістігінде тұлға жайлы мақаланың атауы орыстардікіндей "Аты Әкесінің аты Тегі" форматында жазылып жүр. Орыстардың аты-жөні көбіне ұқсас болғандықтан олар әкесінің атын жазып ажыратады, ал бізге ондай қажеттілік жоқ деп есептеймін. Мәселен, Қайрат Рысқұлбековтың әкесінің атын білмей-ақ кім екенін білуге болады, себебі басқа Қайрат Рысқұлбеков жоқ.

Kasymov (талқылауүлесі)

Әзірше мен қарсымын.

Malik Nursultan B (талқылауүлесі)

Келісемін👍

Madi Dos (талқылауүлесі)

Қолдаймын. Қазақ тілінің заңдылығы бойынша солай жазылып жүр.

Kaiyr (талқылауүлесі)

Қарсымын. Ресми құжатта, энциклопедияларда толық аты жөні жазылады. Аты, тегі, әкесінің аты. Тағы да бүйректен сирақ шығармайық. Аты тегінен айдау қоя салуға болады тез табу үшін. Уикипедияда емле бойынша жаңа ереже ойлап табу қажет емес. Әкесінің аты қазақша жазылатыңат бөлігі, сондықтан да қазақтылық белгі ретінде де қалуы керек. Оның барлығын дұрыс жылжытатын, сілтеме түзейге көп уақыт пен күш кетеді. Оны ертең ешкім дұрыс түзеп шықпайды. Қазақстан үкіметі сияқты пайдасыз ауыстырумен айналыса беруді тоқтату керек.

Салиха (талқылауүлесі)

Қарсымын. Құжат бойынша жазылғаны дұрыс.

Amangeldi Mukhamejan (талқылауүлесі)

@Салиха: Есімі құжат жүзінде жазылады, толық есімі мақалада аталып өтеді, алайда мақала атауында АӘТ деп созбақтамай Аты мен тегін ғана жазайық деп отырмыз.

Muzaffar Turgunov (талқылауүлесі)

Мүлдем қарсымын.

Мықтыбек Оразтайұлы (талқылауүлесі)

дұрыс

Batyrbek.kz (талқылауүлесі)

Өзім бастаған соң өзім қолдаймын. Дина Кенжеқызы Нұрпейісова деп керегі жоқ. Тек Дина Нұрпейісова десе жеткілікті.

Casserium (талқылауүлесі)

Қолдаймын. Жақсы бастама!

Тұран (талқылауүлесі)

Толықтай келісемін. Тек қана Аты мен Тегі болса жетеді деп ойлаймын.

Ерден Карсыбеков (талқылауүлесі)

Іздеудің оңтайлығы жағын алсақ, жағдайлардың көбісінде аты мен фамилиясы жеткілікті болады.

Бұл Тұран жасырған пікір (тарихы)
Мағыпар (талқылауүлесі)

Құжаттарында қалай жазылса солай болу керек, өзбекшеге т.б. өзімізше аудару дұрыс емес.

Жалпы Уикипедия энциклопедиялық бағытта болғандықтан ресми болу керек.

Amangeldi Mukhamejan (талқылауүлесі)

@Мағыпар: Есімі құжат жүзінде жазылады, толық есімі мақалада аталып өтеді, алайда мақала атауында АӘТ деп созбақтамай Аты мен тегін ғана жазайық деп отырмыз.

Kasymov (талқылауүлесі)

Біріншіден ботпен жасай саламыз деген нәрсе меніңше бос әңгіме, талай сондай жұмыстар қалып қойып жатты. Қаншама мақала, үлгілерді түзету керек. Одан да мақала сапасы мен уикипедия құрылымын дұрыстайық

Мықтыбек Оразтайұлы (талқылауүлесі)

Бұған дейін жазылғандар тұра берсін. Бұдан кейінгілерді солай жасайық

Nurkhan (талқылауүлесі)

Қарсымын. Ағылшынша энциклопедияға ұқсатқыңыз келетііні байқалады, онда екі адам Джордж Буш болса онда арасында екінші, үшінші аттарының бас әріптері қосылып жазылады. Әкесінің аты қазақшада қысқартылмайды, сондықтан да мұндай аса қажеттілік көрінбейді. Оның барлығын жылжытып, сілтеме түзетуге көп күш кетеді. Одан да мақала санын арттыруға күш салайық!

Amangeldi Mukhamejan (талқылауүлесі)

@Nurkhan:Әкесінің атын қысқарту жайлы еш жерде жазбадық қой. Аты-жөні ұқсастарды жақша ішіне мансабын я басқа да маңызды параметрін алып жазамыз. Мәселен Жомарт Сәрсенбай деген ғалым мен футболшы болса, бар болғаны Жомарт Сәрсенбай (футболшы), Жомарт Сәрсенбай (ғалым) деп ажырата саламыз.

Alphy Haydar (талқылауүлесі)

Дұрыс идея. Тақырып ықшам болғаны дұрыс. Ал, мақала ішінде бәрін толық жазуға, тіпті қажет болса арғы аталарын түгел көрсетіп беруге болады.))

Орел Карл (талқылауүлесі)

Мұнда тек орыстар мен қазақтарға ғана қатысты емес. Біз тек қазақтардың ғана тұлғаларын жазбаймыз ғой. Мұнда орыстардың әсерін ұмытып, басқа да батыс, яғни ағылшындар, француздардікін не болмаса түркі халықтардың үлгілерін ескере өзіміздікін жасасақ жақсы болар еді. Негізі, бұл ой жақсы, менің еш қарсылығым жоқ.

Unknown Alash (талқылауүлесі)

Amangeldi Mukhamedjan-мен келісемін.

Gayrat98 (талқылауүлесі)

Келісемін, бірақ бірдей Аты Тегі болса екеуін де Аты Тегі Әкесінің аты сол екі мақалада болғаны жөн. Gayrat98 (талқылау) 15:11, 2022 ж. желтоқсанның 15 (+06)

Amangeldi Mukhamejan (талқылауүлесі)

Бірдей болғанда жақшаға мансабын жаза салуға болады

Мықтыбек Оразтайұлы (талқылауүлесі)

Иә. Мәселен, Сафуан Шәймерденов (жазушы), Сафуан Шәймерденов (актер) т.с.с

«Тұлға жайындағы мақала атауы» тақырыбына жауап беру
{{bottomLinkPreText}} {{bottomLinkText}}
Уикипедия:Талқылау легі бетіндегі тақырып
Listen to this article

This browser is not supported by Wikiwand :(
Wikiwand requires a browser with modern capabilities in order to provide you with the best reading experience.
Please download and use one of the following browsers:

This article was just edited, click to reload
This article has been deleted on Wikipedia (Why?)

Back to homepage

Please click Add in the dialog above
Please click Allow in the top-left corner,
then click Install Now in the dialog
Please click Open in the download dialog,
then click Install
Please click the "Downloads" icon in the Safari toolbar, open the first download in the list,
then click Install
{{::$root.activation.text}}

Install Wikiwand

Install on Chrome Install on Firefox
Don't forget to rate us

Tell your friends about Wikiwand!

Gmail Facebook Twitter Link

Enjoying Wikiwand?

Tell your friends and spread the love:
Share on Gmail Share on Facebook Share on Twitter Share on Buffer

Our magic isn't perfect

You can help our automatic cover photo selection by reporting an unsuitable photo.

This photo is visually disturbing This photo is not a good choice

Thank you for helping!


Your input will affect cover photo selection, along with input from other users.

X

Get ready for Wikiwand 2.0 🎉! the new version arrives on September 1st! Don't want to wait?