For faster navigation, this Iframe is preloading the Wikiwand page for Әуесқойлық.

Әуесқойлық

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Музыкаға әуесқой бикеш

Әуесқойлық— 1) адам бойындағы ұнамды қасиет, белгілі бір іске ерекше құмарту, қызыға шұғылдану; 2) кәсіби маман болмай-ақ кейбір қызмет саласымен ыждағатты түрде айналысу. Әуесқойлық адамның белгілі бір кәсіпке мамандануына, кейбір саладағы мағлұматын байытуына ықпал етеді, кәсіби шеберлікті меңгеруге алғышарттар жасайды. Дәстүрлі қазақ қоғамында жас ұрпақ бойындағы Әуесқойлықты дамытуға ерекше мән берілген. Нақтылы кәсіпке не өнер саласына ынтасы бар баланы жас кезінен сол кәсіптің не өнердің кәнігі шеберлері жанына алып баулыған. Қас шеберлік өнегесі осы арқылы ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отырған.

Кеңес одағы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Кеңес Одағы кезінде де Әуесқойлықты дамытуға ерекше мән беріліп, үгіт-насихат жұмысының қуатты бағытына айналдырылды. Білім қоғамы, кітапқұмарлар қоғамы, мәдениет ескерткіштерін қорғау қоғамы (1992 жылдан қазақ тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау қоғамы), т.б. қоғамдық ұйымдар қалың көпшіліктің дүниетанымын, білімге, өз өлкесінің тарихы мен мәдениетіне қызығушылығын тәрбиелеу бағытында жемісті қызмет атқарды. 30-жылдардың аяғында өнерге Әуесқойлықты дамытуға бір орталықтан әдістемелік басшылық жасау үшін Республикасы халық шығармашылық үйі (1998 жылдан бастап қазақ мәдениет және өнертану ғылыми-зерттеу институты) құрылды. Бұл орталықта өнердің әр саласы бойынша әуесқойлар бірлестіктері тұрақты жұмыс істеді. Сурет салумен, ән-күй шығарумен, классикалық немесе ұлттық билермен, кино түсірумен, театр өнерімен айналысатын адамдарға кең жол ашылды. Музыка өнерінде әуесқойлар тұрақты ұжымдар (хор, оркестр, ансамбль) құрып, жергілікті халыққа мәдени қызмет көрсетуде біршама игі істер атқарды.

Қазақстанда мұндай ұжымдардың алғашқыларының бірі — 1924 жылы Петропавл педагогикалық техникумында хормейстер И.В. Коцык ұйымдастырған төрт дауысты қазақ хоры. Әуесқой әншілер мен аспапшыларды біріктірген музыка ұжымдары Республикасы, бүкілодақтық байқауларға қатысып, өзара өнер сайыстары өтіп тұрды. Сондай-ақ, әуесқой театр ұжымдары шағын интермедия, скетчтерден бастап, тұтас спектакль қою дәрежесіне жетті. Әуесқой бишілер үйірмелері де табысты жұмыс істеді. Киноәуесқойлар түсірген көркем, деректі, ғыл.-көпшілік, спорттық, ұжымдық, отбасылық фильмдер теледидардан берілетін табиғат, саяхатшылық, қызықты тосын оқиғалар туралы хабарларда қосымша материал ретінде пайдаланылып жүр. Елімізде әуесқой аңшылар мен балықшылар ерікті одаққа біріккен. Әуезқойлық спорт саласында да кең таралған.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Әуесқойлық Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I том
{{bottomLinkPreText}} {{bottomLinkText}}
Әуесқойлық
Listen to this article

This browser is not supported by Wikiwand :(
Wikiwand requires a browser with modern capabilities in order to provide you with the best reading experience.
Please download and use one of the following browsers:

This article was just edited, click to reload
This article has been deleted on Wikipedia (Why?)

Back to homepage

Please click Add in the dialog above
Please click Allow in the top-left corner,
then click Install Now in the dialog
Please click Open in the download dialog,
then click Install
Please click the "Downloads" icon in the Safari toolbar, open the first download in the list,
then click Install
{{::$root.activation.text}}

Install Wikiwand

Install on Chrome Install on Firefox
Don't forget to rate us

Tell your friends about Wikiwand!

Gmail Facebook Twitter Link

Enjoying Wikiwand?

Tell your friends and spread the love:
Share on Gmail Share on Facebook Share on Twitter Share on Buffer

Our magic isn't perfect

You can help our automatic cover photo selection by reporting an unsuitable photo.

This photo is visually disturbing This photo is not a good choice

Thank you for helping!


Your input will affect cover photo selection, along with input from other users.

X

Get ready for Wikiwand 2.0 🎉! the new version arrives on September 1st! Don't want to wait?