For faster navigation, this Iframe is preloading the Wikiwand page for Ұялы съезі.

Ұялы съезі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Жалпыхалықтық мәслихат

Ұялы съезі1828 ж. Глянск қамалына жақын Ұялы мекенінде өткен жалпыхалықтық мәслихат.


Оған Орынбор шекара комиссиясының төрағасы Г.Ф. Генс қатысып, 1827 ж. Ішкі Орданы шарпыған жұтқа байланысты өрбіген дүрбелең уақиғаның — халықтың Жәңгір ханға алғашқы наразылығының себеп-салдарын анықтауды мақсат етті. Жиын, дау-дамай, айтыс-тартыспен басталған Ұялы съезі бір аптаға созылды. Онда Бөкей Ордасының белгілі старшындары Шеркеш Жақсыбайұлы, Жаналы Саңғырықұлы, Науша Қаржауұлы, т.б. Жәңгір ханға алым-салық көбейткені, тым орысшылдығы, қара халық мүддесімен санаспайтындығы туралы ауыр айып тақты. Олардың қолдаушысы Қайыпқали Есімов Орынбордың Ордоносгаус түрмесінде отырғандықтан жиынға қатыса алмады. Әйтсе де Шөке Нұралыханұлы, Шыңғали Орманұлы сияқты сұлтандар сөйлеушілерге астыртын дем беріп, Жәңгірді сүріндіруге тырысып бақты. Съезде Жайық және Ішкі шептегі казак-орыстардың қазақтарға жасаған зорлық-зомбылығы да ашық айтылды. Генс жиынға бүлікшіл старшындардың мысын басып, хан құзыретіне мүлтіксіз бағындыру үшін келген болатын. Бірақ жиын барысында хан астамшылығына ашынған топты ықтырып, ықтиярға көндіру оңайға түспесіне көзі жетіп, әкімшілік-мәмілегерлік саясат ұстануға мәжбүр болды. Ең алдымен ханның құзыреттілігін шектеу мақсатымен Хан кеңесі атты өкілетті орган құрып, оған байұлының әр руынан 12 би мүше болды, сондай-ақ сұлтандар да тартылды. Мысалы, Шөке хан кеңесінің төрағасы, Мүшеғали (Шыңғалидың інісі) бас хатшы ретінде бекітілді. Бөкей Ордасы тұрғындарының казак-орыс шептерімен даулы істерін шешу үшін хан депутаттығы құрылды. Осылайша жергілікті орталық билік екіге бөлініп, ел басқару ісінен шеттеп қалған рубасылары лауазымды қызметке ие болды. Жәңгірдің өзі мәмілеге келіп, өзара түсіністікке жүгінген соң старшындар да көп қарсыласпай, ханға адал қызмет етуге ант берді. Осы жиында ханды жақтаушылар арасында Исатай Тайманұлы да бар еді. Генс оны Ішкі Орданы билеу ісіне сіңірген еңбегі үшін шекара комиссиясының мадақ қағазымен марапаттады. Ұялы съезіне қатысушы старшындардың талабымен Генс Қайыпқали сұлтанды қамаудан босатуға ықпал етті.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
{{bottomLinkPreText}} {{bottomLinkText}}
Ұялы съезі
Listen to this article

This browser is not supported by Wikiwand :(
Wikiwand requires a browser with modern capabilities in order to provide you with the best reading experience.
Please download and use one of the following browsers:

This article was just edited, click to reload
This article has been deleted on Wikipedia (Why?)

Back to homepage

Please click Add in the dialog above
Please click Allow in the top-left corner,
then click Install Now in the dialog
Please click Open in the download dialog,
then click Install
Please click the "Downloads" icon in the Safari toolbar, open the first download in the list,
then click Install
{{::$root.activation.text}}

Install Wikiwand

Install on Chrome Install on Firefox
Don't forget to rate us

Tell your friends about Wikiwand!

Gmail Facebook Twitter Link

Enjoying Wikiwand?

Tell your friends and spread the love:
Share on Gmail Share on Facebook Share on Twitter Share on Buffer

Our magic isn't perfect

You can help our automatic cover photo selection by reporting an unsuitable photo.

This photo is visually disturbing This photo is not a good choice

Thank you for helping!


Your input will affect cover photo selection, along with input from other users.

X

Get ready for Wikiwand 2.0 🎉! the new version arrives on September 1st! Don't want to wait?