For faster navigation, this Iframe is preloading the Wikiwand page for Құлпынай.

Құлпынай

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Құлпынай

Құлпынай[1] (лат. Fragarіa moschata) – раушангүлдер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Кейбір мәліметтер бойынша құлпынай бүлдіргеннің екі түрінің буданы болып саналады. Биіктігі 30 – 35 см, жапырағы үш тармақты, ірі, ашық жасыл, қалың түпті. Гүл сабақтары жапырақтардан биік орналасады, гүлі ақ, дара жынысты. Жемісі – жидек, тәтті, хош иісті. Мамырда гүлдеп, маусымда жеміс береді. Құлпынай суыққа төзімді, бірақ ұзақ уақыт болатын суықта, әсіресе, қарсыз жылдары түптері үсіп кетеді. Құрғақшылыққа төзімсіз, көлеңкелеу жерде жақсы өседі. Жеміс беруі бүлдіргенге қарағанда төмен. Құлпынайдың Шпанка, Миланская, Гүлжан, т.б. сорттары бар. Жабайы құлпынай Испания, Италия, т.б. Еуропа елдері аумақтарында кездеседі.

Өсімдік туралы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Құлпынай – бүлдіргендер тобы, раушангүлдер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Биіктігі 20-35 см, сабағы тік, жапырақтары үш салалы, ашық жасыл түсті. Өскен кезде мұртшалары пайда болып, мұртшалар арқылы өсімдік тез арада көлденең жайылады. Құлпынайдың гүлдері 5-12 күлтелі, ақ түсті. Гүлдері әрқашан жапырақтарының үстіңгі бетінде орналасады. Гүлсағақтары қысқа. Жидегі қызыл түсті, хош иісті. Жидегінің сыртқы қабатында орналасатын тұқымдарының саны 200-ге дейін жетеді. Құлпынай – жарықсүйгіш өсімдік. Құлпынайдың табиғи түрі тек Еуропада өседі. Бізде екпе түрлері ғана өседі. Сұрпына қарай ерте көктемде, жазда, күзде жеміс береді. Сонымен қатар жаз бойы, күздің суық күндеріне дейін жеміс беретін сұрыптары бар.

Қолданылуы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Құлпынай дәрумендерге аса бай. Құрамындағы С дәруменінің мөлшері цитрус өсімдіктеріне қарағанда анағұрлым көп. Сонымен қатар минералдар мен микроэлементтері де көп: темір, магний, калий, кальций, мырыш, марганец, фосфор, кремний, мыс, йод бар. Құлпынай дәрумен жетіспеушілікке өте пайдалы. Ағзаны тазартып, зәрді және терді айдайды. Құрамындағы антиоксиданттар қартаю процесін тежейді. Иммунитетті күшейтіп, қан аздыққа көмектеседі. Микробқа қарсы қасиеті жоғары болғандықтан, асқазан ауруы бар адамдарға аса пайдалы. Темекі шегетіндерде қатерлі ісік пайда болуы ықтимал, сондықтан құлпынайды көп жеу керек. Жөтел және өкпе аурулары кезінде құлпынайдың жапырақтарын қайнатып ішсе, тез арада жазылып кетуге болады. Құлпынайды десерт ретінде жейді. Құлпынайдың пайдасын арттыру және организмге сіңімдірек болу үшін, қаймақпен немесе кілегеймен жеу керек. Құлпынайдан шырын, тосап, джем жасайды. Хош иісі үшін парфюмерияда қолданады.

Құлпынай туралы тақпақ

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Нарттай болып құлпынай

Пісіпті ғой, шіркін –ай!

Құлпынайдың дәмінен

Татуға жұрт ынтық-ай!

Болар сусын десең де,

Тоймайсың канша жесең де.

Жасайды одан әтір де,

Жапырағы ем жөтелге.

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қ 74 Құлжабаева Г.Ә.;«Өсімдіктер әлемі» оқу-әдістемелік кешені, Жидектер: Дидактикалық материал. - Алматы, 2011. - 16 б;ISBN 978-601-7237-31-8

  1. “Қазақ Энциклопедиясы”, VI-том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет.


{{bottomLinkPreText}} {{bottomLinkText}}
Құлпынай
Listen to this article

This browser is not supported by Wikiwand :(
Wikiwand requires a browser with modern capabilities in order to provide you with the best reading experience.
Please download and use one of the following browsers:

This article was just edited, click to reload
This article has been deleted on Wikipedia (Why?)

Back to homepage

Please click Add in the dialog above
Please click Allow in the top-left corner,
then click Install Now in the dialog
Please click Open in the download dialog,
then click Install
Please click the "Downloads" icon in the Safari toolbar, open the first download in the list,
then click Install
{{::$root.activation.text}}

Install Wikiwand

Install on Chrome Install on Firefox
Don't forget to rate us

Tell your friends about Wikiwand!

Gmail Facebook Twitter Link

Enjoying Wikiwand?

Tell your friends and spread the love:
Share on Gmail Share on Facebook Share on Twitter Share on Buffer

Our magic isn't perfect

You can help our automatic cover photo selection by reporting an unsuitable photo.

This photo is visually disturbing This photo is not a good choice

Thank you for helping!


Your input will affect cover photo selection, along with input from other users.

X

Get ready for Wikiwand 2.0 🎉! the new version arrives on September 1st! Don't want to wait?