For faster navigation, this Iframe is preloading the Wikiwand page for Қорықша.

Қорықша

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Қорықша[1] – жануарлардың, өсімдіктердің жеке түрлері, су, орман, жер нысандары қорғалатын және табиғи ресурстары шектеулі түрде пайдаланылатын аумақ. Ол мемлекеттің табиғи қорық қорының бір немесе бірнеше нысандарын сақтауға және толықтыруға арналады. Қорықша жерінде шаруашылық жұмыстары шектеулі түрде жүргізіледі. Қорықшаның қорықтан айырмашылығы онда бүкіл табиғат кешені емес, оның тек белгілі бір бөлігі ғана қорғалады. Мыс., Қапшағай аңшылық қорық ш-нда дәрі-дәрмектік шөптерді жинауға тыйым салынғанымен, аң аулауға рұқсат етіледі. Олар зоология, ботаника, гидрология, геология, геоморфология, гидрогеология, топырақты, ландшафты және кешенді, жергілікті және респ. мәндегі Қорықша болып бөлінеді. Онда белгіленген тәртіппен ғылыми, мәдени-ағарту, үгіт-насихат жұмыстары жүргізіледі.


Қорықшалардың ерекшелігі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қорықшалардың ерекшелігі - мұнда табиғат нысандарының тек жеке бөліктерін шаруашылыққа шектеп, белгілі бір мерзімде және қорғауға алынған нысандарға зиян келтірмейтін мөлшерде ғана пайдалануға рұқсат етіледі. Қазақстанда қазіргі уақытта жалпы ауданы 4600 мың га 80 қорықша бар. Олар қорғалатын нысандарына байланысты геологиялық, ботаникалық, хайуанаттар қорықшалары т.б. деп бөлінеді.

Геологиялық қорықшалар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Геологиялық қорықшалар ерекше, сирек кездесетін геологиялық түзілістері мен жер бедерінің пішіндері бар ландшафтыларды қамтиды.

Ботаникалық қорықшалар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ботаникалық қорықшалар өсімдік жамылғысының ерекшелігіне қарай әр зонаның ландшафтыларында орналасқан. Мұнда флораны сақтау және қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.


Хайуанаттар қорықшалары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Хайуанаттар қорықшалары жабайы жануарлар мен құстардың миграциясы жолдарында орналасқан табиғат кешендерін қамтиды, мұнда фаунаны толығымен қорғау қолға алынған. Қорықшалармен қатар, қоршаған ортаның жай-күйіне қатысты ғылыми жұмыстар жүргізілетін биосфералық қорықтар, резерваттар ұйымдастыруға болады. Елімізде болашақта оларды ұйымдастыру жоспарланған.

Қазақстандағы маңызды мемлекеттік қорықшалар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазақстандағы маңызды мемлекеттік қорықшалар қатарына Алматы, Зеренді, Рахман бұлағы, Балқаш маңы қорықшалары жатады.

  1. Алматы мемлекеттік қорықшасы Алматы облысының оңтүстік- шығысында орналасқан, ауданы- 724 мың га. Іле Алатауының 2000-4000 м биіктіктегі шығыс бөлігін алып жатыр. Мұнда субальпілік шалғынды орта және биік таулы ландшафтылар басым, шыршалы ормандарды қамтиды. Өзен бойларында ұсақ жапырақты қайыңды-көктеректі ормандар, тал мен жиденің бұталы шоқтары, әр түрлі шөпті шалғындар өседі. Жануарлар дүниесінен: сілеусін, қоңыр аю, қасқыр, түлкі, елік, арқар, таутекелер бар.
  1. Зеренді мемлекеттік қорықшасы Ақмола облысында орналасқан, ауданы 34,5 мың га. Аумағының ерекшелігі- оқшау орналасқан гранитті таңғажайып шоқырлардың, жалдар мен бұйраттардың болуы. Қалың қарағайлы орман алқаптары шалғындармен кезектесіп отырады. Қорықша аумағында табиғаты тамаша, байлыққа бай Зеренді көлі бар. Мұнда әр түрлі тұяқты және бағалы терілі аңдар ( елік, борсық,қоян, тиін, т.б.) және жабайы құстар (саңырау құр, қырғауыл) тіршілік етеді.
  1. Рахман бұлағы қорықшасы Шығыс Қазақстан облысының Катон Қарағай ауданы жерінде, ауданы- 109 га. Қорықша Алтайдың орталық бөлігінде орналасқан. Оның құрамында бал қарағай мен самырсыннан тұратын Алтай тауының тайгалық ландшафтылары енеді. Әсіресе 1738 м биіктікте тау арасында орналасқан Рахман көлі тамаша табиғатымен таңдандырады. Көлден Арасан өзені ағып шығады. Сәл төменірек тау беткейінен сарқырап құлап ағатын көптеген бұлақтары бар. Сондай тау аңғарларының бірінде кремнийлі минералды суы бар Рахман бұлағы орналасқан. Ыстық судың температурасы 40 градусқа дейін жетеді және олар гранит-тақтасты жыныстардан ағып шығады.
  1. Балқаш маңы қорықшасы Алматы облысында орналасқан, ауданы 200 мың га. Мұнда ұсақ төбелі құмды ландшафтылар басым. Негізгі өсімдік жамылғысын жүзгін мен құм қарағанынан тұратын бұталы шоқтармен Іленің атырауында өсетін ақ сексеуіл құрайды. Өзен салаларында жайылма тоғайлары, қияқты-қамысты шоқтар өскен. Тұяқты, бағалы терілі аңдармен су құстары қорғауға алынған. Әсіресе қабандарды, қарақұйрық ондатр мен жетісу қырғауылын қорғау маңызды орын алып отыр

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. "Қазақ энциклопедиясы", VI-том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет.
{{bottomLinkPreText}} {{bottomLinkText}}
Қорықша
Listen to this article

This browser is not supported by Wikiwand :(
Wikiwand requires a browser with modern capabilities in order to provide you with the best reading experience.
Please download and use one of the following browsers:

This article was just edited, click to reload
This article has been deleted on Wikipedia (Why?)

Back to homepage

Please click Add in the dialog above
Please click Allow in the top-left corner,
then click Install Now in the dialog
Please click Open in the download dialog,
then click Install
Please click the "Downloads" icon in the Safari toolbar, open the first download in the list,
then click Install
{{::$root.activation.text}}

Install Wikiwand

Install on Chrome Install on Firefox
Don't forget to rate us

Tell your friends about Wikiwand!

Gmail Facebook Twitter Link

Enjoying Wikiwand?

Tell your friends and spread the love:
Share on Gmail Share on Facebook Share on Twitter Share on Buffer

Our magic isn't perfect

You can help our automatic cover photo selection by reporting an unsuitable photo.

This photo is visually disturbing This photo is not a good choice

Thank you for helping!


Your input will affect cover photo selection, along with input from other users.

X

Get ready for Wikiwand 2.0 🎉! the new version arrives on September 1st! Don't want to wait?