For faster navigation, this Iframe is preloading the Wikiwand page for Қара қарақат.

Қара қарақат

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Қара қарақат

Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Қос жарнақтылар
Тұқымдасы: Тасжарғандар тұқымдасы
Тегі: Қара қарақат
Түрі: R. nigrum
Екі-есімді атауы
Ribes nigrum

Қара қарақатШығыс және Орталық Қазақстанның орманды дала және таулы аудандарындағы едәуір танымал бұта. Батыста ол Орал өзенінің бассейніне дейін тараған, ал оңтүстік-шығыста Жоңғар Алатауына дейін тараған. Алдыңғы түр сияқты, ылғалды жерді жақсы көреді, өзен жағалауында, сазды жерлердің жиегінде, ылғалды ормандарда өседі. Бұл түрдің бұтақтары түзу, биіктігі 1,5 метрге дейін, жас бұтақтар алғашқыда бозарып тұрады, жаздың аяғында қоңыр түске ауысады. Жапырағы саусақ салалы, ұзын. Қара қарақатқа тән бір ерекшелік жапырағы мен жас бұтақтарының төменгі жағында болатын сары бездің болуы, өсімдікке хош иіс береді. Гүлдері күлгіндеу немесе жасылдау, сирек шашақты, әр шашағында бестен шоғырланған. Қарақат мамыр, маусым айларында гүлдейді, шыбынның көмегімен тозаңданады. Қолайсыз жағдайларда да өзі тозаңданады, бұл жиі болып тұрады (бір гүлдің ішінде). Жемісі хош иісті, қара немесе қошқыл. Көптеген ұсақ тұқымды жидек шілде тамыз айларында пісіп жетіледі. Түқымын құстар таратады. Қара қарақат көпшілікке жабайы күйінде де мәдени түрде де белгілі. Жалпы алғанда Қазақстанның барлық ай-мағында өсіріледі. Бірақ жабайы қарақат жоғары бағаланады. Себебі қантты витаминге бай тағам ретінде және емдік мақсатта, көкөністерді консервілеуде жапырағы хош иіс беруге кеңінен қолданады.

Өсімдік туралы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қара қарақат – қарлығандар тұқымдасына жататын көпжылдық бұталы өсімдік. Биіктігі 1-2 метр. Қазақстанда, Еуропаның барлық аймақтарында, Ресейде, Сібірде, Қытайда және Моңғолияда өседі. Күн сәулесі жақсы түсетін жерлерді ұнатады. Көлеңкелі жерде өссе, гүлдеуі сирек болып, жемісі аз және ұсақ болады. Жапырағы 3-5 см, жиектері аратісті, беті тегіс, 5 қалақты, қою жасыл түсті. Гүлдерінің ұзындығы 7-9 мм, диаметрі 4-6 мм, түсі күлгін-қызыл, қоңырау тәріздес, гүлсағағында қатарласып өседі. Жемісінің пішіні домалақ, диаметрі 1см, шар тәріздес, қара және қою жасыл түстілері де болады.

Қолданылуы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қара қарақаттың құрамында 85% су, 1% ақуыз, 8% көмірсулар, 3% өзек, органикалық қышқылдар, К, Е, В, В2, РР, С, А дәрумендері, каротин, калий, кальций, магний, фосфор және темір микроэлементтері бар. Сонымен қатар глюкоза мен фруктозаға бай. Қарақаттың жапырағында, бүршігінде, жидегінде аскорбин қышқылы өте мол.

Диабетпен ауыратын адамдарға қара қарақаттың жаңа шыққан жапырақтарынан салат жасап немесе бұқтырып шай ішкен пайдалы. Қара қарақаттан жасалған қайнатпа суық тигенде дене қызуын басуға, бронхитті, жөтелді емдеуде пайдасы мол. Сонымен қатар адам ағзасын ауыр металдардан, токсиндер мен шлактардан тазартады.

Қара қарақат жемісін табиғи қалпында жеген пайдалы. Кептірілген қара қарақаттан қайнатпа жасап, қыста тұмау кезінде ішеді. Медицинада жапырағы, жемісі және сабағы қолданылады. Сонымен қатар қара қарақаттан тосап, сусын, шырын алады. Кондитерлік өнімдер жасағанда пайдаланады. Көкөністер мен саңырауқұлақтарды тұздағанда жағымды иіс пен дәм беру үшін қара қарақаттың жапырақтарын қосады.

Қазақстанда

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Шығыс және Орталық Қазақстанның орманды дала және таулы аудандарындағы едәуір танымал бұта. Батыста ол Орал өзенінің бассейіне дейін тараған, ал Оңтүстік-Шығыста Жоңғар Алатауына дейін тараған. Алдыңғы түр сияқты, ылғалды жерді жақсы көреді, Өзен жағалауында, сазды жерлердің жиегінде, ылғалды ормандарда өседі. Бұл түрдің бұтақтары түзу, биіктігі 1,5 метрге дейін, жас бұтақтар алғашқыда бозарып тұрады, жаздың аяғында қоңыр түске ауысады. Жапырағы саусақ салалы, ұзын. Қарақатқа тән бір ерекшелігі жапырағы мен жас бұтақтарының төменгі жағында болатын сары (железок) сызықтың болуы, өсімдікке хош иіс береді. Гүлдері күлгіндеу немесе жасылдау, сирек шашақты, әр шашағында бестен шоғырланған. Қарақат мамыр, маусым айларында гүлдейді, шыбынның көмегімен тозаңданады. Қолайсыз жағдайларда да өзі тозаңданады, бұл жиі болып тұрады (бір гүлдің ішінде). Жемісі хош иісті, қара немесе қошқыл. Көптеген ұсақ тұқымды жидек шілде, тамыз айларында пісіп жетіледі.Тұқымын құстар таратады. Қара қарақат көпшілікке жабайы күйінде де, мәдени түрде де белгілі. Жалпы алғанда Қазақстанның барлық аймағында өсіріледі. Бірақ жабайы қарақат жоғары бағаланады. Себебі қантты витаминге бай тағам ретінде және емдік мақсатта көкөністерді консервілерде жапырағы қош иіс беруге кеңінен қолданады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазақстанның өсімдіктер әлемі

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қ 74 Құлжабаева Г.Ә.;«Өсімдіктер әлемі» оқу-әдістемелік кешені, Жидектер: Дидактикалық материал. - Алматы, 2011. - 16 б;ISBN 978-601-7237-31-8

{{bottomLinkPreText}} {{bottomLinkText}}
Қара қарақат
Listen to this article

This browser is not supported by Wikiwand :(
Wikiwand requires a browser with modern capabilities in order to provide you with the best reading experience.
Please download and use one of the following browsers:

This article was just edited, click to reload
This article has been deleted on Wikipedia (Why?)

Back to homepage

Please click Add in the dialog above
Please click Allow in the top-left corner,
then click Install Now in the dialog
Please click Open in the download dialog,
then click Install
Please click the "Downloads" icon in the Safari toolbar, open the first download in the list,
then click Install
{{::$root.activation.text}}

Install Wikiwand

Install on Chrome Install on Firefox
Don't forget to rate us

Tell your friends about Wikiwand!

Gmail Facebook Twitter Link

Enjoying Wikiwand?

Tell your friends and spread the love:
Share on Gmail Share on Facebook Share on Twitter Share on Buffer

Our magic isn't perfect

You can help our automatic cover photo selection by reporting an unsuitable photo.

This photo is visually disturbing This photo is not a good choice

Thank you for helping!


Your input will affect cover photo selection, along with input from other users.

X

Get ready for Wikiwand 2.0 🎉! the new version arrives on September 1st! Don't want to wait?