For faster navigation, this Iframe is preloading the Wikiwand page for Қазақ Кеңес энциклопедиясы.

Қазақ Кеңес энциклопедиясы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Қазақ Кеңес энциклопедиясы
Қосымша том

Қазақ кеңес энциклопедиясы (немесе Қазақ совет энциклопедиясы) — алғашқы әрі ең ірі қазақ тіліндегі әмбебап энциклопедия.

Қазақ КСР ғылым академиясы құрастырған энциклопедия 19721978 жылдары 12 томы басылып шығады. Анықтамалық томы да бар (қазақшасы – 1980, орысшасы – 1981). 1985 жылғы қысқа төрттомдық қазақ және орыс тілдеріндегі «Қазақ КСР» энциклопедиясына негіз болады (1989 жылға дейін шықты).

Бас редакторы — академик М.Қ. Қаратаев.

Қосымша 13-том әліпбилік пәндік-есім корсеткішіне арналған (1982). Тұңғыш әмбебап энциклопедияда қазақ халқының ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі тарихи жолын, Қазақ КСР-ның құрылу және тарихи қалыптасу кезеңдерін, экономика, ғылым, мәдениет пен әдебиет саласындағы табыстарын, туыскан халықтардың, соц. елдердің достығы мен ынтымағын көрсететін материалдар мен құнды деректер жинақталған.

Қазақ жерінің жануарлар дүниесі мен өсімдіктер әлемі, табиғи байлықтары кең қамтылған. Республиканың өндіріс орындары, кеніштер, қалалар мен ауылдар, оқу ордалары мен мәдени мекемелер, ұжымдык, кеңестік шаруашылықтар тарихы мен соңғы жетістіктері туралы мол мағлұматтар бар. Халықтың ардақты ұлдары, батырлары мен ғалымдары, өнер қайраткерлері жайында өмірбаяндық деректер келтірілген. Бұл күрделі еңбекті әзірлеуге республика ғана емес, Мәскеу, Санкт-Петербург, Киев, одақтас республикалар ғалымдары мен зиялы қауымы, ғылым мен мәдениет орталықтары кеңінен тартылған.

Көрнекті ғылым қайраткерлері - академиктер: У.М. Ахмедсафин, О.А. Байқоңыров, С.Б. Бәйішев, Т.Б. Дарқанбаев, Ә.Х. Марғұлан, т.б. ғалымдар мақалалар жазған. Энциклопедияның 8 мың- нан астам авторының ішінде 313 ғылым докт., 4 мың ғылым канд. бар. Жалпы есептегенде "ҚСЭ-ның" 12 томына 48931 мақала енгізілген. Энциклопедия түрлі-түсті карталармен, диаграмма-кестелермен, сұлбалармен жабдықталып, портреттермен және фотосуреттермен көркемделген.[1] Әрбір томдардың бет саны:

  • Бірінші – 648.
  • Екінші – 642.
  • Үшінші – 624.
  • Төртінші – 672.
  • Бесінші – 656.
  • Алтыншы – 640.
  • Жетінші – 648.
  • Сегізінші – 664.
  • Тоғызыншы – 640.
  • Оныншы – 648.
  • Он бірінші – 632.
  • Он екінші – 600.
  • Он үшінші (қосымша) – 752.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6
{{bottomLinkPreText}} {{bottomLinkText}}
Қазақ Кеңес энциклопедиясы
Listen to this article

This browser is not supported by Wikiwand :(
Wikiwand requires a browser with modern capabilities in order to provide you with the best reading experience.
Please download and use one of the following browsers:

This article was just edited, click to reload
This article has been deleted on Wikipedia (Why?)

Back to homepage

Please click Add in the dialog above
Please click Allow in the top-left corner,
then click Install Now in the dialog
Please click Open in the download dialog,
then click Install
Please click the "Downloads" icon in the Safari toolbar, open the first download in the list,
then click Install
{{::$root.activation.text}}

Install Wikiwand

Install on Chrome Install on Firefox
Don't forget to rate us

Tell your friends about Wikiwand!

Gmail Facebook Twitter Link

Enjoying Wikiwand?

Tell your friends and spread the love:
Share on Gmail Share on Facebook Share on Twitter Share on Buffer

Our magic isn't perfect

You can help our automatic cover photo selection by reporting an unsuitable photo.

This photo is visually disturbing This photo is not a good choice

Thank you for helping!


Your input will affect cover photo selection, along with input from other users.

X

Get ready for Wikiwand 2.0 🎉! the new version arrives on September 1st! Don't want to wait?