For faster navigation, this Iframe is preloading the Wikiwand page for Қазақстан — Монако қатынастары.

Қазақстан — Монако қатынастары

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Қазақстан - Монако арақатынасы
Қазақстан және Монако

Қазақстан

Монако

Қазақстан — Монако қатынастарыҚазақстан Республикасы мен Монако Ханзадалығы арасындағы қатынастар

Дипломатия

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2009 жылғы 15 қаңтарда – дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылды.

2011 жылы Қазақстанның Монакодағы Құрметті консулдығы ашылды (Владимир Семенихин басқаруда).

2012 жылы Монаконың Қазақстандағы Құрметті консулдығы ашылды (Қайрат Оразбеков басқаруда).

2013 жылғы наурыздан бастап Монаконың Қазақстандағы қоса атқаратын Елшісі Эвелин Жанта болып табылады (резиденциясы Лондонда).

2018 жылғы маусымнан бастап Қазақстанның Монакодағы қоса атқаратын Елшісі Жан Ғалиев болып табылады.

Саяси қарым-қатынастар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жоғары деңгейдегі байланыстар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Монакода 1 рет болды (ресми сапармен – 2013 жылғы 27-28 қыркүйекте).

Монако князі Альбер II Қазақстанға үш рет келді (ресми сапар – 2012 ж. 2-5 қараша, жеке сапар – 2014 ж. 14 қараша, "ЭКСПО-2017" аясындағы жұмыс сапары – 2017 ж. 24-25 маусым).

Жоғары деңгейдегі байланыстар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2018 жылғы 6-7 желтоқсанда ЕҚЫҰ СІМК алаңында Миланда екі мемлекеттің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары Қайрат Әбдірахманов пен Жилль Тонеллидің толық форматты кездесуі ұйымдастырылды.

Негізгі шарттар мен келісімдер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Туризм саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісім (2013 жылғы 28 қыркүйек).

Қазақстан Республикасы мен Монако Князьдігі арасындағы Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы мемлекетаралық келісім (2015 ж.5 наурыз).

Негізгі оқиғалар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2012 ж. ақпанда Монакода ҚР Елшілігі Монаконың Экономикалық даму палатасымен және ҚР Құрметті консулымен бірлесіп ұйымдастырған алғашқы Қазақстан-монаколық бизнес-семинар өтті.

2013 жылғы қыркүйекте қазақстандық-монаколық бизнес форум өтті, оған қазақстандық компаниялардың 40-қа жуық өкілі және 60-тан астам монаколық бизнесмендер жиналды.

Монако ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуын ресми түрде растаған алғашқы елдердің бірі. 2017 ж. 24-26 Маусымда көрмеде Князьдіктің Ұлттық күнін өткізу шеңберінде монаколық компаниялардың 20-ға жуық өкілі Астанаға келді.

2018 жылғы 12-15 шілдеде "Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" (ХЖТИЖО) ҰАҚ басшысы Р.Жошыбаев Монакоға сапармен келді. Сапардың басты қорытындысы ХЖТИЖО мен Монако Князі II Альбер Қоры арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою болды.

2018 жылғы 27 қыркүйекте АХҚО Басқарушысы Қ.Келімбетовтің Монакоға сапары өтті, оның барысында мемлекеттік министр С.Тэлльмен кездесу, сондай-ақ Князьдіктің қаржылық және іскерлік орталарына арналған АХҚО тұсаукесері өтті.

Сауда-экономикалық қарым-қатынастар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

ҚР статистикалық деректері бойынша, Князьдікпен тауар айналымының көлемі 2021 жылы өткен жылмен салыстырғанда 11% - ға төмендеп, 32,8 мың АҚШ долларын құрады. (тек импорт). 2020 жылғы тауар айналымы 36,1 мың АҚШ долларын құрады. (тек импорт), бұл 2019 жылмен салыстырғанда 54,5% - ға аз (79,4 мың АҚШ долл.).). Сыртқы саудадағы негізгі үлес косметика, электр жабдықтары және тұтыну тауарларына тиесілі.

2020 жылғы 22 маусымда "Monaco Economic Board" ұлттық агенттігімен онлайн келіссөздер жүргізілді, оның барысында ҚР инвестициялық жобаларының тизерлері таныстырылды және "Kazakh Invest" ҰК бірлесіп ҚР инвестициялық мүмкіндіктері тақырыбында вебинарлар сериясын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

2020 ж.16 қарашада ҚР Елшілігінің бастамасымен "Қазақстан-Монако" атты алғашқы инвестициялық вебинар өткізілді, оған Князьдіктің іскерлік топтарының, мемлекеттік құрылымдар мен екі мемлекеттің даму институттарының өкілдерінен жүзге жуық қатысушылар жиналды.

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2012 ж. қарашада Қазақстанның елордасы Бейбітшілік және келісім сарайында "Грейс Келли дәуірі" атты әлемге әйгілі көрме өтті, оның салтанатты ашылуына Президент Н.Назарбаев пен Князь II Альбер қатысты. Көрме әйгілі Голливуд актрисасы және Монако князі Ренье III-нің әйелі Грейс Келлидің жеке өміріне арналды.

2014 ж. желтоқсанда Монте-Карло қаласында қазақстандық суретшілер М.Бекеев, Г.Исмаилова, Э.Казарян және А Ноданың көрмесі өтті.

2017 ж. қаңтарда Монакода Қазақстанның мәдениет күні өтті, оның барысында фильмдер көрсетілімі және Алматы симфониялық оркестрінің концерті ұйымдастырылды.

2017 ж. маусымда Монако Ұлттық күні аясында Астанада "ЭКСПО-2017" көрмесінде Монте-Карло Халықаралық цирк фестивалінің ұжымы өнер көрсетті.

2018 жылдың қыркүйегінде Монте-Карлода "Астана Балет" труппасы өнер көрсетті.

2019 жылдың наурыз айында екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 10 жыл толуына орай және жастар жылы аясында ұйымдастырылған "Тұран" халық аспаптар ансамблінің концерті өтті.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
{{bottomLinkPreText}} {{bottomLinkText}}
Қазақстан — Монако қатынастары
Listen to this article

This browser is not supported by Wikiwand :(
Wikiwand requires a browser with modern capabilities in order to provide you with the best reading experience.
Please download and use one of the following browsers:

This article was just edited, click to reload
This article has been deleted on Wikipedia (Why?)

Back to homepage

Please click Add in the dialog above
Please click Allow in the top-left corner,
then click Install Now in the dialog
Please click Open in the download dialog,
then click Install
Please click the "Downloads" icon in the Safari toolbar, open the first download in the list,
then click Install
{{::$root.activation.text}}

Install Wikiwand

Install on Chrome Install on Firefox
Don't forget to rate us

Tell your friends about Wikiwand!

Gmail Facebook Twitter Link

Enjoying Wikiwand?

Tell your friends and spread the love:
Share on Gmail Share on Facebook Share on Twitter Share on Buffer

Our magic isn't perfect

You can help our automatic cover photo selection by reporting an unsuitable photo.

This photo is visually disturbing This photo is not a good choice

Thank you for helping!


Your input will affect cover photo selection, along with input from other users.

X

Get ready for Wikiwand 2.0 🎉! the new version arrives on September 1st! Don't want to wait?