For faster navigation, this Iframe is preloading the Wikiwand page for Қазақстандағы АЭС туралы референдум.

Қазақстандағы АЭС туралы референдум

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Қазақстандағы АЭС туралы референдум
Ядролық энергия
6 қазан 2024
Сайлау түрі Республикалық референдум
Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?
Иә
0 %
Жоқ
0 %

Қазақстандағы тұңғыш атом электр станциясының құрылатынын шешетін референдум 2024 жылғы 6 қазанда өтеді деп жоспарланған.[1]

Референдумде ұсынылған ойды дауыс берушілердің көпшілігі қолдап дауыс беріп жатса, елдегі тұңғыш атом электр станциясы Алматы облысының Үлкен ауылында салынатын болады. Тоқаев елде тұрақты электр қуатын орнату үшін қажетті шара ретінде сипаттаған бұл идеяны жергілікті экологтар қауіпті бола алатын бастама ретінде көреді де, оған қарсы жергілікті тұрғындардың бір бөлігі наразылық білдіреді. Экологтардың ұсынысқа деген күмәні Балқаштағы онсыз да төмен су деңгейіне байланысты.[2]

Алғышарттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Референдум өткізуді тұңғыш рет Тоқаевтың өзі 2019 жылы ұсынған еді.[3] Бұл бастама қазбалы отын қолданысы мен Көшетхана эффектісінің салдарын азайту және мемлекеттегі тоқ өшіп қалу мәселесін шешу үшін электр қуатының бір жаңа көзін табу мақсатынан шыққан еді.[4][5][6] Бұл идея Семей полигонында кеңестік ядролық қаруды сынаудан шыққан экологиялық және денсаулық сақтау мәселелерінен және станция құрылысына Ресейдің әлеуетті қатысуына қарсылықтан байланысты туындаған қоғамдық наразылық жағдайында пайда болды.[3]

2023 жылғы қыркүйекте елде стансаның салыну-салынбауы жайлы референдумның шынында да өтетіні шешілді, Тоқаев осыны Қазақстанның уран қорын қолдануының керектігі жайлы сөйлеп жатқанында айтты.[7][8]

2024 жылғы 27 маусымда болған наградтау рәсімі кезінде сөйлеген сөзінде Тоқаев референдумның сол жылғы күзде өтетінін жариялады.[2] Сенат кулуарында энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов референдумда сұралатын сұрақтар жайлы айтып берді. Оның сөзінше, халық тек бір сұраққа, АЭС салынуының қолдайтын, не қолдамайтыны жайлы ғана жауап беріп жатады. Алайда ол бұл ақпараттың «өз ойы» екенін және егжей-тегжейді үкімет кейін өзі жариялап жататынын айтты.[9]

АЭС салынуына кімнің көмек көрсететіні әлі анықталмаған. Алайда ресейлік (Росатом), оңтүстік кореялық, қытайлық, не франциялық компаниялардың кандидатуралары жайлы белгілі.[9]

2024 жылғы 2 қыркүйектегі Халыққа жолдауы кезінде Тоқаев референдумның 6 қазанда өтетінін жариялады.[1] Келесі күні ол сәйкесінше болған жарлыққа қой қойды. Жарлықта, оған қоса, референдумда болатын басты сұрақ та жазылған:[10]

« Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?[a] »

Қосымша ақпарат

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. орыс. «Согласны ли Вы со строительством атомной электростанции в Казахстане?»

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. a b Референдум по АЭС в Казахстане состоится 6 октября 2024 года — Токаев  (орыс.) (2 сентября 2024).
  2. a b Тоқаев: АЭС бойынша референдум биыл күзде өтеді  (қаз.). Азаттық радиосы (27 маусым 2024). Тексерілді, 27 маусым 2024.
  3. a b Kozhanova, Nazira Nuclear Energy in Kazakhstan? The Problem of Accountability  (ағыл.). thediplomat.com (1 October 2021).
  4. Satubaldina, Assel Kazakhstan to Hold Referendum on Nuclear Power Plant Construction  (ағыл.). The Astana Times (1 September 2023). Тексерілді, 17 қазан 2023.
  5. Konurbaeva, Aigerim Blackout in Central Asia. Countries Need to Expand Power Capacity  (ағыл.). CABAR.asia (27 January 2022). Тексерілді, 17 қазан 2023.
  6. Kazakhstan dispatch: President Tokayev announces nuclear power plant proposal will be decided in a national referendum  (ағыл.). JURIST (5 September 2023). Тексерілді, 17 қазан 2023.
  7. Kazakhstan to hold referendum on nuclear plant construction  (ағыл.). Nikkei Asia (1 September 2023). Тексерілді, 17 қазан 2023.
  8. Kazakhstan to hold referendum on first nuclear plant  (ағыл.). www.euractiv.com (1 September 2023). Тексерілді, 17 қазан 2023.
  9. a b Төленді, Ақниет Тоқаев атом электр станциясын салу бойынша референдум күзде өтетінін айтты  (қаз.). kz.kursiv.media (27 маусым 2024). Тексерілді, 27 маусым 2024.
  10. АЭС бойынша референдумда қойылатын сұрақ анықталды  (қаз.) (3 қыркүйек 2024).
{{bottomLinkPreText}} {{bottomLinkText}}
Қазақстандағы АЭС туралы референдум
Listen to this article

This browser is not supported by Wikiwand :(
Wikiwand requires a browser with modern capabilities in order to provide you with the best reading experience.
Please download and use one of the following browsers:

This article was just edited, click to reload
This article has been deleted on Wikipedia (Why?)

Back to homepage

Please click Add in the dialog above
Please click Allow in the top-left corner,
then click Install Now in the dialog
Please click Open in the download dialog,
then click Install
Please click the "Downloads" icon in the Safari toolbar, open the first download in the list,
then click Install
{{::$root.activation.text}}

Install Wikiwand

Install on Chrome Install on Firefox
Don't forget to rate us

Tell your friends about Wikiwand!

Gmail Facebook Twitter Link

Enjoying Wikiwand?

Tell your friends and spread the love:
Share on Gmail Share on Facebook Share on Twitter Share on Buffer

Our magic isn't perfect

You can help our automatic cover photo selection by reporting an unsuitable photo.

This photo is visually disturbing This photo is not a good choice

Thank you for helping!


Your input will affect cover photo selection, along with input from other users.

X

Get ready for Wikiwand 2.0 🎉! the new version arrives on September 1st! Don't want to wait?