For faster navigation, this Iframe is preloading the Wikiwand page for Ғалымдар үйіндегі Қаныш Сәтбаевтың мемориалдық мұражайы.

Ғалымдар үйіндегі Қаныш Сәтбаевтың мемориалдық мұражайы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Академик Қ.И. Сәтбаевтың мемориалдық мұражайы
Құрылған уақыты 1987 жыл
Орналасқан жері Қазақстан, Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 28

Ғалымдар үйіндегі Қаныш Сәтбаевтың мемориалдық мұражайыҚаныш Сәтбаевтың Қазақстан Ғылым академиясына қарасты Ғалымдар үйіндегі мемориалдық мұражайы.

Қазақ КСР Министр Кеңесінің 1987 жылғы 14 тамыздағы қаулысына сай ұйымдастырылды. 1999 жылдың сәуір айында ашылды. Мұражайға арналған бөлмелер 5 қабаттағы 4 залды алып жатыр. Кеңестік Шығыс республикаларынан шыққан тұңғыш КСРО Ғылым Академиясының академигі Қаныш Сәтбаевтың өмірі мен қызметіне арналған мұражайдың материалдары былайша топтастырылған:

Бірінші зал

I тақырып: өмір жолының басталуы:

  • а) Туған жері, балалық шағы;
  • ә) Білімге баспалдақ;
  • б) Семей. Мұғалімдік семинария;
  • в) Ревком мүшесі. Халық судьясы;
  • г) Студенттік жылдар. Томск технология институты.

II тақырып: «Жезқазған – Қаныш Сәтбаевтың төл перзенті»;

  • а) Тарих беттері.
  • ә) Үлкен Жезқазған үшін күрес.
  • б) Қаныш Сәтбаев атындағы Жезқазған тау-кен металлургия комбинаты

III тақырып: Ұлы Отан соғысы.

  • а) Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін.
  • ә) Жезді марганеці - Оралдың қорғаныс зауыттарына.

Екінші залҚаныш Сәтбаев және Қазақстан ғылымы. Бұл залда Қаныш Имантайұлы - Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы әрі оның тұңғыш президенті. Ол ғылым мен өндірістің байланысы үшін талмай күресіп, ғалымдарды республиканың дамуына игі әсерін тигізетін өзекті шаруашылық және мәдени мәселелерге бағыттай отырды.

Сәтбаев әсіресе, ғылыми кадрлар мәселесіне ерекше мән беріп, олардың өсуіне маңдай терін көп төккен. Залдың ортасында Сәтбаевтың мүсінші Хакімжан Есімханұлы Наурызбай жасаған кеуде мүсіні орын алған. Ал оған қарама-қарсы - Қазақстанның пайдалы кен орындарының картасы. Академиктің геология саласына сіңірген еңбегін паш ететін материалдар да көптеп қойылған. Осы залда Қаныш Имантайұлы мемлекет және қоғам қайраткері ретінде де танылады. Ол КСРО Жоғарғы Кеңесі депутаттығына бірнеше рет сайланған. КОКП XX, XXI, XXII съездеріне делегат боп қатысты.

Үшінші зал - Сәтбаевтың президенттік бөлмесі. Мұнда оның 60-жылдары пайдаланған жұмыстық заттары бар. Қанекеңнің жобасына жасалған шкаф та осында тұр.

Төртінші зал - Сәтбаев өмірінің кезендері.

  • а) Сәтбаевтың мерейтойы.
  • ә) Сәтбаев - интернационалист,
  • б) Аяулы азамат.
  • в) Сәтбаев туралы естеліктер.

Ал қалған ғылыми бөлікте Сәтбаев құрған академияның бүгіні бейнеленген.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қаныш Сатпаев. Энциклопедия / Бас редактор Б.Ө.Жақып. — Алматы «Қазақ энциклопедиясы», 2011 жыл. ISBN 9965-893-74-8
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет.
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.Суретті мыннан табуға болады: осы мақаланың тақырыбына байланысты сурет Ортақ қорда табылуы мүмкін; мақаланың өзге тіл уикилеріндегі нұсқаларын қарап көріңіз; өзіңіз жасаған суретті жүктеңіз (авторлық құқықпен қорғалған сурет қоспаңыз!).


{{bottomLinkPreText}} {{bottomLinkText}}
Ғалымдар үйіндегі Қаныш Сәтбаевтың мемориалдық мұражайы
Listen to this article

This browser is not supported by Wikiwand :(
Wikiwand requires a browser with modern capabilities in order to provide you with the best reading experience.
Please download and use one of the following browsers:

This article was just edited, click to reload
This article has been deleted on Wikipedia (Why?)

Back to homepage

Please click Add in the dialog above
Please click Allow in the top-left corner,
then click Install Now in the dialog
Please click Open in the download dialog,
then click Install
Please click the "Downloads" icon in the Safari toolbar, open the first download in the list,
then click Install
{{::$root.activation.text}}

Install Wikiwand

Install on Chrome Install on Firefox
Don't forget to rate us

Tell your friends about Wikiwand!

Gmail Facebook Twitter Link

Enjoying Wikiwand?

Tell your friends and spread the love:
Share on Gmail Share on Facebook Share on Twitter Share on Buffer

Our magic isn't perfect

You can help our automatic cover photo selection by reporting an unsuitable photo.

This photo is visually disturbing This photo is not a good choice

Thank you for helping!


Your input will affect cover photo selection, along with input from other users.

X

Get ready for Wikiwand 2.0 🎉! the new version arrives on September 1st! Don't want to wait?