For faster navigation, this Iframe is preloading the Wikiwand page for Шақай Мүбарак Герей.

Шақай Мүбарак Герей

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Шақай Мүбарак Герей
қырымтат. Şaqay Mubarek Geray,
شاقاى مبارك كراى
Лауазымы
Ту
Ту
Қырым нұреддині
Ту
Ту
1584 — 1588
Ізашары II Сағадат Герей
Ізбасары Сафа Герей
Өмірбаяны
Діні ислам
Дүниеге келуі XVI ғасыры
Қайтыс болуы 1593 (1593)
Шеркесия
Династия Герейлер
Әкесі I Дәулет Герей
Балалары Жәнібек Герей,
Дәулет Герей

Шақай Мүбарак Герей (қырымтат. Şaqay Mubarek Geray; 1593 жылы қай.) — нұреддин (1584-1588), Қырым ханы I Дәулет Герейдің (1551-1577) ұлы, Қырым хандары II Мехмет Герей (1577-1584) және II Ислам Герейдің (1584-1588) інісі.

Шақай Мүбарак Герей ханзада әкесі Қырым ханы I Дәулет Герейдің Ресей патшалығына және Ұлы Литва кінәздігіне қарсы көптеген әскери жорықтарына қатысты.

1578 жылы Мүбарак Герей ханзада аға-інісі Әділ Герей және Ғазы Гереймен бірге Күнгей Кавказға жорық жүргізіп, Осман империясы жағында Сефевилерге қарсы әскери әрекеттерге қатысты. Кавказ жорығы татар әскерінің талқандалып, Әділ Герей қалғайдың тұтқынға түсуімен аяқталды.

Ағалары Қырым ханы Мехмет Герей мен Алып Герей қалғай арасындағы текетіресте Мүбарак Герей соңғының жағына шықты. 1584 жылы түрік сұлтаны III Мұрат Қырым ханы Мехмет Герейді тақтан тайдырып, оның інісі II Ислам Герейді (1584-1588) жаңа хан етіп жариялады. Ислам Герей түрік әскерімен Кефеге келді. Мехмет Герей сұлтанның жарлығына бағынудан бас тартып, Қырым татарларының әскерін жинап, Кефені жауып тастады. Ислам Герейдің жағына бауырлары Алып Герей, Шақай Мүбарак Герей және Селәмет Герей өтті. Мехмет Герей Ислам Герейдің жағына өткен әскердің қолдауынан айырылып, Қырымнан Ноғай Ордасына қашуға әрекеттенеді, бірақ Орқапы маңында оны бауыры Алып Герей қалғай қуып жетіп өлтіреді.

Жаңа Қырым ханы Ислам Герей (1584-1588) өзінің бауырлары Алып Герей мен Шақай Мүбарак Герейді, тиісінше, қалғай және нұреддин етіп тағайындады. 1584-1585 жылдары Шақай Мүбарак Герей нұреддин Қырым ханы Ислам Герейді қайтыс болған II Мехмет Герейдің үлкен ұлы Сағадат Гереймен қақтығыста қолдады.

1588 жылдың көктемінде Қырым ханы II Ислам Герей қайтыс болғаннан кейін Осман үкіметі жаңа Қырым ханы етіп II Ғазы Герейді (1588-1607) тағайындады. Алып Герей қалғай мен Шақай Мүбарак Герей нұреддин жаңа ханнан кек алудан қорқып, Қырымнан қашуға мәжбүр болды. Алып Герей қалғай Ыстанбұлға, ал Шақай Мүбарак Герей нұреддин Шеркесияға қашты. Мүбарак Герей Беслен әулетінен шыққан шеркес билеушінің қызы Дүрбикеге үйленді. 1593 жылы Шақай Мүбарак Герей Шеркесияда айдауда қайтыс болды.

Шақай Мүбарак Герей шеркес ханшайымы Дүрбикемен болған некеден: Жәнібек пен Дәулет есімді екі ұл сүйеді. Жәнібек Герей(1568-1636), қалғай (1608-1610) және Қырым ханы (1610-1623, 1628-1635) және Дәулет Герей (қай. 1631), нұреддин (1608-1610) және қалғай (1610—1623, 1628—1631).

Әйелі:

  • Дүрбике — шеркестік Бесленей руы билеушісінің қызы.

Ұлдары:

  • Жәнібек ханзада — қалғай (1608-1610), Қырым ханы (1610-1623, 1628-1635)
  • Дәулет ханзада — нұреддин (1608-1610), қалғай (1610-1623, 1628-1631)

Қыздары:

  • Халима ханым сұлтан — Азамат Шырын бейдің әйелі
  • Фатима ханым сұлтан
{{bottomLinkPreText}} {{bottomLinkText}}
Шақай Мүбарак Герей
Listen to this article

This browser is not supported by Wikiwand :(
Wikiwand requires a browser with modern capabilities in order to provide you with the best reading experience.
Please download and use one of the following browsers:

This article was just edited, click to reload
This article has been deleted on Wikipedia (Why?)

Back to homepage

Please click Add in the dialog above
Please click Allow in the top-left corner,
then click Install Now in the dialog
Please click Open in the download dialog,
then click Install
Please click the "Downloads" icon in the Safari toolbar, open the first download in the list,
then click Install
{{::$root.activation.text}}

Install Wikiwand

Install on Chrome Install on Firefox
Don't forget to rate us

Tell your friends about Wikiwand!

Gmail Facebook Twitter Link

Enjoying Wikiwand?

Tell your friends and spread the love:
Share on Gmail Share on Facebook Share on Twitter Share on Buffer

Our magic isn't perfect

You can help our automatic cover photo selection by reporting an unsuitable photo.

This photo is visually disturbing This photo is not a good choice

Thank you for helping!


Your input will affect cover photo selection, along with input from other users.

X

Get ready for Wikiwand 2.0 🎉! the new version arrives on September 1st! Don't want to wait?