For faster navigation, this Iframe is preloading the Wikiwand page for Франк мемлекеті.

Франк мемлекеті

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Франк империясы (481-814 жж)
Саяси шекараның өзгерісі

Франк мемлекеті, Франк империясы — Батыс Еуропада 5 ғасырдың аяғы мен 9 ғасырдың ортасында өмір сүрген ортағасырлық мемлекет. Атауы франктер тайпалар одағының атынан шыққан. Франк мемлетінің тарихы 3 кезеңге бөлінеді. “Меровингтер кезеңі”, “Майордомдар кезеңі”, “Каролингтер кезеңі”. 486 ж. сали франктері Хлодвиг X (481 — 511) басшылығымен Батыс Рим империясының Галлия провинциясын жаулап алғаннан кейін Франк мемлекетті пайда болды. Хлодвиг тұсында Франк мемлекеті орта және жоғары Рейн алабын бағындырды. Аквитаниядағы вестготтардың иеліктерін (507) және Рейннің жағалауындағы шығыс франктерін жаулап алу нәтижесінде кеңейді. Хлодвигтің балалары билеген кезеңде бургундар патшалығы (534), Прованс (536, алемандардың Альпі маңындағы иеліктері, тюрнгтердің Везер мен Эльба аралығында жерлері (6 ғасырдың 30-жылдары) және Дунайдағы баварлар Франк мемлекетіне бағынды (6 ғасырдың 50-жылдары). Майордом Карл Мартелдің (715 — 741) билігі кезінде араб әскерлері Испаниядан өтіп, Галлияға шабуыл жасады. Карл оларды 732 ж. Пуатье түбінде талқандады. Арабтар тарапынан төнген қауіп Карл Мартелді күшті атты әскер құруға итермеледі. 741 ж. Карл Мартелл қайтыс болғаннан кейін оның баласы Қортық Пипин таққа отырды. Лангобардтардан қысым көріп жүрген Рим папасының көмегімен 751 ж. франк ақсүйектерінің Суассондағы жиналысында ресми түрде франктер королі деп жарияланған ол Италияға, Лангобард корольдігіне қарсы екі рет жорық жасап, жаулап алған жерлерін Рим папасына сыйлады. Мұнда 756 ж. Папа мемлекеті құрылып, 870 жылға дейін өмір сүрді. Римдегі қазіргі Ватикан мемлекеті сол “Пипин сыйлығының” жұрнағы болып табылады. Каролингтер әулетінің ең атақты королі Ұлы Карл (768 — 814) Франк империясын құрды (800). Ұлы Карл билігінің соңына қарай Франк империясы өзінің жер көлемі жағынан бұрынғы Батыс Рим империясына жақындады. Қарудың күшімен және Ұлы Карлдың беделімен құрылған Франк империясы ұзақ өмір сүрмеді. Карл өлгеннен кейін-ақ оның империясы ыдырай бастады. 843 ж. Карлдың балалары мен немерелері Верден қасында империяны бөлісу жөнінде келісім жасады. Империя үшке бөлініп, үш корольдік пайда болды. Кейіннен олардың орнына Франция, Германия және Италия мемлекеттері дүниеге келді. Карл мен оның мұрагерлері билік жүргізген кезең тарихта “Каролингтердің қайта өрлеуі” деп аталып кетті. 8 — 9 ғасырларда Франк мемлекеттінің экономикасы мен мәдениетінің дамуы біршама жанданды. Тың жерлерді игеру қолға алынды, қолөнері өркендеді. Жерорта т. жағалауын жаулап алуға байланысты сыртқы сауда өрістеді. Жерорта теңізінің мәдени орталықтарымен және Ирландиямен қарым-қатынас жолға қойылды.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том

Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет.
{{bottomLinkPreText}} {{bottomLinkText}}
Франк мемлекеті
Listen to this article

This browser is not supported by Wikiwand :(
Wikiwand requires a browser with modern capabilities in order to provide you with the best reading experience.
Please download and use one of the following browsers:

This article was just edited, click to reload
This article has been deleted on Wikipedia (Why?)

Back to homepage

Please click Add in the dialog above
Please click Allow in the top-left corner,
then click Install Now in the dialog
Please click Open in the download dialog,
then click Install
Please click the "Downloads" icon in the Safari toolbar, open the first download in the list,
then click Install
{{::$root.activation.text}}

Install Wikiwand

Install on Chrome Install on Firefox
Don't forget to rate us

Tell your friends about Wikiwand!

Gmail Facebook Twitter Link

Enjoying Wikiwand?

Tell your friends and spread the love:
Share on Gmail Share on Facebook Share on Twitter Share on Buffer

Our magic isn't perfect

You can help our automatic cover photo selection by reporting an unsuitable photo.

This photo is visually disturbing This photo is not a good choice

Thank you for helping!


Your input will affect cover photo selection, along with input from other users.

X

Get ready for Wikiwand 2.0 🎉! the new version arrives on September 1st! Don't want to wait?