УЕФА Чемпиондар Лигасының финалы 2016
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
УЕФА Чемпиондар Лигасының финалы 2016 | |||||||
Турнир | |||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|
| |||||||
"Реал" пенальтилер сериясында 5:3 есебімен жеңіске жетті | |||||||
Дата |
28 мамыр 2016 | ||||||
Стадион | |||||||
Көрермендер |
71 972 | ||||||
УЕФА Чемпиондар Лигасының финалы 2016 — 2015/16 жылғы УЕФА Чемпиондар Лигасының шешуші ойыны. 2016 жылы 28 мамырда Миландағы "Сан-Сиро" стадионында өтіп, Испанияның ғана емес, Мадридтің қос клубы — "Реал" және "Атлетико" кездесті. Негізгі және қосымша уақыт 1:1 есебімен тең аяқталып, пенальтилер сериясында "Реал" 5:3 есебімен жеңіске жетіп, 11-ші рет осы турнирдің жеңімпазы атанды.
Матч
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Фактілер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Тарихта екінші рет бір қаланың командалары өзара финалда ойнады.
- "Джузеппе Меацца" стадионы 2001 жылы да осы турнирдің финалын қабылдаған. Ол жолы Германияның "Бавария" және Испанияның "Валенсия" клубтары кездесіп, дәл осылай негізгі уақыт 1:1 есебімен аяқталып, пенальтилер тебісу арқылы жеңімпаз анықталған. Айта кетейік, ол жолы "Бавария" чемпион атанған-ды. Тағы бір ұқсастық: ол жолы да матч барысында бір пенальти соғылмаған еді (Мехмет Шолль қателескен болатын), бұл жолы да "Атлетико" шабуылшысы Антуан Гризманн 47 минутта пенальтиді соға алмады.
- "Атлетико" 4 маусым қатарынан осы турнирде "Реалдан" өте алмады (2013/14, 2014/15, 2015/16, 2016/17). Соның екеуінде (2013/14, 2015/16) бұлар финалда жолықты.
- "Реалда" бапкер қызметін уақытша атқарып жүрген Зинедин Зидан ойыншы ретінде де, бапкер ретінде де Чемпиондар Лигасының жеңімпазы атанды. Бұған дейін мұндай жетістікке қол жетккізгендер саны алтау еді: Мигель Муньос, Джованни Трапаттони, Карло Анчелотти, Йохан Кройф, Франк Райкаард, Хосеп Гвардиола.
Протокол
[өңдеу | қайнарын өңдеу]28 мамыр, 2016 |
|
Джузеппе Меацца (Сан-Сиро), Милан Көрермендер саны: 71,942 Төреші: Марк Клаттенбург (Англия) |
||||||
|
|
|
|
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
|
Text is available under the CC BY-SA 4.0 license; additional terms may apply.
Images, videos and audio are available under their respective licenses.