For faster navigation, this Iframe is preloading the Wikiwand page for Түйеқұстәрізділер.

Түйеқұстәрізділер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Түйеқұстәрізділер (лат. Struthioniformes) – қырсыз төсті құстар тобының бір отряды [1].

Түйеқұстәрізділер
Африкалық түйеқұс
Африкалық түйеқұс
Ғылыми топтастыруы
Әлемі: Эукариоттар
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Құстар
Сабы: Түйеқұстәрізділер

Түйеқұстәрізділердің қаңқа қалдықтары миоцен дәуірінен Солтүстік Африкадан, Оңтүстік Еуропадан, Кіші және Оңтүстік-Шығыс Азиядан табылған. Ғылыми деректер бойынша 7 – 12 түрі тіршілік еткен. Қазіргі кезде 1 ғана түрі – түйеқұс (лат. Struthіo camelus) белгілі. Бұл осы күнгі тіршілік ететін құстардың ішіндегі ең ірісі. Биіктігі 2,7 м, салмағы 130 кг-нан асады. Африканың саванна және шөлейтті аймақтарында таралған. Қысқа аралықта, әсіресе қауіп төнгенде 72 км/сағатқа дейін шапшаң жүгіре алады.[2]. Қауырсындары денесін біркелкі жауып жатады, оның желпуіштерінде ілмекшелері болмайтындықтан, жеке-жеке шашақталып тұрады. Қораздарының қанат қауырсындарының ұшы мен құйрық қауырсыны ақ, қалған жері қара, мекиендерінде – қоңыр сұр түсті болады. Басы мен мойнын мамық жапқан.

Түйеқұстәрізділердің аяқтары ұзын әрі өте мықты. Сирақтары мен жіліншіктерінде қауырсын болмайды. Сүйек ішіндегі ауа қуысы нашар жетілген, құйрық (шонданай) безі болмайды, ішегі ұзын, етті қарыны қалың. Жер бетіндегі екі саусағы бар бірден бір құс. Түйеқұстәрізділер топтанып жүреді, 3 – 5 жасында жыныстық жағынан жетіледі. Полигамды, бірнеше мекиені жұмыртқаларын бірігіп, жер бетінен ойыстап, шұңқыр етіп қазған бір ұяға салады. Жұмыртқасы ірі, оның салмағы 1,5 кг-ға жетеді, оны түнде қоразы, күндіз мекиені басады. Балапандар 6 – 7 аптадан кейін шығып, 6 – 8 айда ересек құсқа айналады.

Қазіргі кезде түйеқұстарды көптеген елдерде арнайы фермаларда өсіреді. Қазақстанда алғаш рет Қостанай облысындағы Қарабатыр шаруа қожалығында қолдан өсіріле бастады. Қазір мұндай арнайы фермалар Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданның Есік елді мекенінде, Шымкент қаласының маңында бар. Түйеқұстәрізділердің еті, жұмыртқасы және қауырсындары өте қымбат бағаланады.

Дереккөздері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
  2. Гиннес рекордтар кітабы 2013
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет.


{{bottomLinkPreText}} {{bottomLinkText}}
Түйеқұстәрізділер
Listen to this article

This browser is not supported by Wikiwand :(
Wikiwand requires a browser with modern capabilities in order to provide you with the best reading experience.
Please download and use one of the following browsers:

This article was just edited, click to reload
This article has been deleted on Wikipedia (Why?)

Back to homepage

Please click Add in the dialog above
Please click Allow in the top-left corner,
then click Install Now in the dialog
Please click Open in the download dialog,
then click Install
Please click the "Downloads" icon in the Safari toolbar, open the first download in the list,
then click Install
{{::$root.activation.text}}

Install Wikiwand

Install on Chrome Install on Firefox
Don't forget to rate us

Tell your friends about Wikiwand!

Gmail Facebook Twitter Link

Enjoying Wikiwand?

Tell your friends and spread the love:
Share on Gmail Share on Facebook Share on Twitter Share on Buffer

Our magic isn't perfect

You can help our automatic cover photo selection by reporting an unsuitable photo.

This photo is visually disturbing This photo is not a good choice

Thank you for helping!


Your input will affect cover photo selection, along with input from other users.

X

Get ready for Wikiwand 2.0 🎉! the new version arrives on September 1st! Don't want to wait?