For faster navigation, this Iframe is preloading the Wikiwand page for Тайфун.

Тайфун

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

1980-2005 жж.

Тайфун (ағылш. typhoon, қыт. тай фын – үлкен жел) – Тынық мұхиттың Оңтүстік-шығыс Азияға жақын бөлігінде пайда болып, сұрапыл дауыл түрінде әрекет ететін тропиктік циклонның аты. Тайфун көбінесе жаз бен күзде Филиппин және Маршалл аралдарының аралығында түзіліп, сағатына 10 – 20 км (тәулігіне 350 – 500 км) жылдамдықпен солтүстікке, солтүстік-батысқа жылжиды. Құрлыққа жеткеннен кейін солтүстіктен, солтүстік-шығыс бағытқа ауысып, сағатына 30 – 50 км (кейде 100 км-ге дейін) жылдамдықпен Жапон аралдарына барады. Тайфун жолында тропиктен тыс циклонға айналады. Одан әрі Амур-Сахалин аймағы мен Курилл аралдарына, кейде Камчатка түбегіне дейін өтеді. Жыл сайын 20 – 25 (кейде 45-ке дейін) Тайфун пайда болады. Әрекет ететін уақытының ұзақтығы бірнеше тәуліктен бірнеше аптаға дейін созылады. Орт-ндағы ауа қысымы 960 – 970 мбар, кейде 900 мбар-ға дейін төмендейді. Төмендеу қысымды орт-нда жел сағат тіліне қарсы бағытта ұйытқып, сұрапыл күшпен (жылдамдығы 50 м/с немесе 180 км/сағ., кейде. жылдамдығы сағатына 300 – 400 км-ге жетеді) соғады. Тайфунның төмендеу қысымды орт. мұхит бетін сорып, сол тұста деңгейін көтереді. Циклондағы мұхит деңгейінің айырмасы жағалауға жеткенде жойқын күшке айналады. Биіктігі 15 – 17 м, кейде 20 м-ге жететін толқын жолында кездескеннің бәрін қиратып, үлкен апат әкеледі. Мәселен, Жапон аралдарында өткен бір Тайфун кезінде мұхит деңгейі 2 м көтеріліп, 10 мин. ішінде екі ірі қала – Осака мен Кобе қатты қирап, 3 мыңдай адам шығыны болып, 15 мыңнан астамы жарақаттанды. Тайфун өткенде нөсер жаңбыр жауады (кейде тәуліктік мөлш. 1000 мм-ге жетеді). Тайфунды алдын ала болжаудың маңызы зор. Халықаралық келісім бойынша арнаулы метеоролог. Жер серіктері Тайфунды суретке түсіріп, оның түзілуін және ауысу бағытын хабарлап отырады. Бұл ашық мұхиттағы кемелердің бағытын өзгертуге, жағалаудағы халықты алдын ала сақтандыруға мүмкіндік береді. Дүние жүзі метеорологтарының келісімі бойынша жаңа түзілген әрбір Тайфун әйел атымен аталады.

Ең қатты тайфундар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Күні Апаттын болған жері Тайфунның түрі Қаза тапқан адамдардың саны
13 қараша 1970 ж. Шығыс Пәкістан Бохола 300 мыңнан 500 мыңға дейін
2 қыркүйек 1984 ж. Филиппин Айк 1363
2—3 қараша 1995 ж. Филиппин Анджела 722
31 шілде — 1 тамыз 1996 ж. Тайвань Херб 400
2—3 қараша 1997 ж. Вьетнам, Таиланд Линда 3 500
17 қыркүйек — 23 қазан 1998 ж. Филиппин Викки, Зеб, Бэбс > 1 000
10 — 15 желтоқсан 1998 ж. орталық Вьетнам, Филиппин Фэйт > 45
5 — 9 қыркүйек 2005 ж. Жапон Наби > 20
10 — 11 тамыз 2006 ж. Қытай Саомай 134
14 қазан — 13 қараша 2007 ж. Вьетнам Лекима және т.б 155
7 тамыз — 10 тамыз 2009 ж. Филиппин, Тайвань, Қытайдың оңтүстік-шығыс жағалауы Моракот >700
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том


{{bottomLinkPreText}} {{bottomLinkText}}
Тайфун
Listen to this article

This browser is not supported by Wikiwand :(
Wikiwand requires a browser with modern capabilities in order to provide you with the best reading experience.
Please download and use one of the following browsers:

This article was just edited, click to reload
This article has been deleted on Wikipedia (Why?)

Back to homepage

Please click Add in the dialog above
Please click Allow in the top-left corner,
then click Install Now in the dialog
Please click Open in the download dialog,
then click Install
Please click the "Downloads" icon in the Safari toolbar, open the first download in the list,
then click Install
{{::$root.activation.text}}

Install Wikiwand

Install on Chrome Install on Firefox
Don't forget to rate us

Tell your friends about Wikiwand!

Gmail Facebook Twitter Link

Enjoying Wikiwand?

Tell your friends and spread the love:
Share on Gmail Share on Facebook Share on Twitter Share on Buffer

Our magic isn't perfect

You can help our automatic cover photo selection by reporting an unsuitable photo.

This photo is visually disturbing This photo is not a good choice

Thank you for helping!


Your input will affect cover photo selection, along with input from other users.

X

Get ready for Wikiwand 2.0 🎉! the new version arrives on September 1st! Don't want to wait?