For faster navigation, this Iframe is preloading the Wikiwand page for Согров қорықшасы.

Согров қорықшасы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Согров қорықшасы
Жалпы мағлұмат
Ауданы134 100 га
Құрылған уақыты1968 жыл
Орналасуы
54°42′53″ с. е. 68°51′05″ ш. б. / 54.71465584° с. е. 68.85150471° ш. б. / 54.71465584; 68.85150471 (G) (O) (Я)Координаттар: 54°42′53″ с. е. 68°51′05″ ш. б. / 54.71465584° с. е. 68.85150471° ш. б. / 54.71465584; 68.85150471 (G) (O) (Я) (T)
Ел Қазақстан
АймақСолтүстік Қазақстан облысы
АуданҚызылжар ауданы
Согров қорықшасы (Қазақстан)
Согров қорықшасы
Согров қорықшасы (Солтүстік Қазақстан облысы)
Согров қорықшасы

Согров – мемлекеттік табиғи зоологиялық қорықша. 1968 жылы құрылып, 1986 жылы мерзімсіз дәрежеге ауыстырылды. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1986 жылғы 17 ақпандағы № 69 қаулысымен республикалық маңызы бар қорықша санатына ауыстырылды. Ауданы 134100 га. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысын іске асыру туралы Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің бұйрығымен қорықша Көкшетау ұлттық паркі құрамына бекітіліп, заңды мәртебеге ие болды. Құрылу мақсаты - аңшылық жануарлар түрлерін сақтау және көбейту.

Географиялық орны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы жерінде орналасқан, батыс шекарасы - Есіл өзенінің бойымен 45 км созылады, солтүстік шекарасы – Ресейдің Түмен облысы шекарасымен өтеді.

Қорықша табиғатта сирек кездесетін түрлерді қамтитын бірегей табиғи экожүйе. Есіл алабының бойында тропиктік ормандарға тән су басқан ормандар созылып жатыр. Мұнда тропикалық ормандардың өсімдіктері лиана – құлмақ, сүйсіндер, тікенді жартылай лиана - қарабүлдірген, сонымен қатар биіктігі екі метрге жететін бұталар, ағаштар мен шөптер өседі. Суық климаттың реликтісі ретінде ескі қарағайлы ормандар сақталған. Қорықшада ландшафтың тағы бір түрі – қайың-емен ормандары тән. Сонымен қатар тайгалық ландшафттың жалпақ жапырақты ормандары өсімдіктерінің, далалық ландшафттың, көлдер маңында өсетін су өсімдіктерінің, тропикалық флора элементтері бар Есіл бойындағы су басқан ормандардың қолайлы ареалы. Қорықша Солтүстік Қазақстан облысында Қазақстанның Қызыл кітабына енген орхидеялардың "шолпанкебістер" деп аталатын 3 түрі өсетін жалғыз жер: ірі гүлді шолпанкебіс, кәдімгі шолпанкебіс, сепкіл шолпанкебіс және бұйра лалагүл. Қорғауға алынған түрлер: кәдімгі қарағай, қайың, көктерек, ақ терек, қара терек, мойыл, тал, кәдімгі құлмақ, көкшілсұр бүлдірген, қосүйлі мысықтабан, кәдімгі еркекқырыққұлақ, қоңырауша, дөңгелек жапырақты алмұртшөп, балшытыр, орман аюбалдырғаны.

Жануарлар мен құстардан: жабайы шошқа, түлкі, жанаттәрізді ит, ақ қоян, ор қоян, сасық күзен, аққалақ, сары күзен, ақкіс, борсық, ондатр, құр, сұр шіл, үйрек, қаз, қасқалдақ, шалшықшы құс. Көрнекі түрлері: құндыз, американдық күзен, аққұр. Қазақстанның Қызыл кітабына енген түрлер: бұйра бірқазан, қызғылт бірқазан, сұңқылдақ аққу, ақбас үйрек, шиқылдақ қаз, қызылжемсаулы қарашақаз, сұр тырна, ақбас тырна, бақалтақ қыран, дала қыраны, қарақұс, бүркіт, жыланшы бүркіт, ителгі, үкі, орман сусары. Қорғауға алынған түрлер: ақмаңдайлы қаз, сұр қаз, қоңыр үйрек, барылдауық үйрек, бізқұйрық үйрек, қасқалдақ, мамырқұс, бөдене, аққұр, сұрқұр, құр, шұбарқұр, бұлан, елік, жабайы шошқа, құндыз, түлкі, қарсақ, сасық күзен, борсық, ондатр, жанаттәрізді ит, кермарал, қасқыр, аққалақ, сары күзен, американдық күзен, ақкіс, ақ қоян, ор қоян.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Сайт "Особо охраняемые природные территории Республики Казахстан" https://oopt.kz/
{{bottomLinkPreText}} {{bottomLinkText}}
Согров қорықшасы
Listen to this article

This browser is not supported by Wikiwand :(
Wikiwand requires a browser with modern capabilities in order to provide you with the best reading experience.
Please download and use one of the following browsers:

This article was just edited, click to reload
This article has been deleted on Wikipedia (Why?)

Back to homepage

Please click Add in the dialog above
Please click Allow in the top-left corner,
then click Install Now in the dialog
Please click Open in the download dialog,
then click Install
Please click the "Downloads" icon in the Safari toolbar, open the first download in the list,
then click Install
{{::$root.activation.text}}

Install Wikiwand

Install on Chrome Install on Firefox
Don't forget to rate us

Tell your friends about Wikiwand!

Gmail Facebook Twitter Link

Enjoying Wikiwand?

Tell your friends and spread the love:
Share on Gmail Share on Facebook Share on Twitter Share on Buffer

Our magic isn't perfect

You can help our automatic cover photo selection by reporting an unsuitable photo.

This photo is visually disturbing This photo is not a good choice

Thank you for helping!


Your input will affect cover photo selection, along with input from other users.

X

Get ready for Wikiwand 2.0 🎉! the new version arrives on September 1st! Don't want to wait?