For faster navigation, this Iframe is preloading the Wikiwand page for Скептицизм.

Скептицизм

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Скептизм (көне грекше: σκεπτικός — қарастыратын, зерттейтін) —

  1. объективті шындықты дұрыс тану мүмкіндігіне күдікпен қарайтын философиялық бағыт; бұл жағынан скептицизм агностицизмге — дүниені танып білу мүмкіндігін жоққа шығаратын философиялық бағытқа жақын, соның бастапқы сатысы болып табылады;
  2. бір нәрсеге сыни тұрғыдан, күдікпен қарау, мүмкіндігіне, шындығына күмәндану;
  3. күдікшілдік, сенбеушілік.

Әлемдік философияда нақты мәдени-тарихи жағдайға сай және дүниені философиялық тұрғыдан түсінудің негізгі жолдарына байланысты пайда болған скептицизмнің әр түрлі формалары бар. Скептицизмәдетте ғылымдағы, таным процесіндегі күрделі бетбұрыстар, теориялық нұсқамалардың (парадигмалардың) өзгеруі тұсында пайда болды. Скептицизм негізінен ғылым саласында, таным процесінде орын алатын ұстаным, сонымен бірге оның белгілі бір арнаулы өмірлік, тұлғалық ұстаным ретінде де маңызы бар. Парасатты адам кез келген мағлұматты, пікірді, идеяларды көзжұмбайлықпен жай қабылдай бермейді, ой елегінен өткізеді, сынайды, күдіктенеді. Скептицизмнің орын алу себебі: таным — танылатын затқа, құбылыс — мәнге, сөз — іске, теория — шындыққа сәйкес келе бермейді, олардың арасында алшақтық болады.

Философия тарихында скептицизмнің туындауында дүниедегі құбылыстардың, ұғымдардың шарттылығы ой-пікірі адамның көңіл-күйіне және қалыптасқан жағдайларға байланысты өзгеріп отыратындығы себеп болды. Ертедегі скептиктердің ішінен (софистер, Пиррон, Энисидем, т.б.) бізге еңбектері жеткені Секст Эмприк (200 — 250). Скептицизмнің мәнісін ол былай түсіндіреді: “мына жағдайды көз алдыңызға келтіріңіз: көптеген асыл заттары бар үйден түнде адамдар алтын іздеп жатыр; әркім алтын таптым деп ойлайды, бірақ шынында да алтын тапса да, тапқаны алтын екенін білмейді. Сол сияқты философтар да кең үй сияқты осы дүниеге ақиқатты табу үшін енеді; егер де олар ақиқатты тапса да тапқаны шынында да ақиқат па? Мұны біле алмайды”. Қайта өрлеу дәуірінде скептицизм принципі ортағасырлық догматтық ойлау, схоластиканы жоққа шығару бағытында болды. Француз философы Рене Декарт (1596 — 1650) скептицизмді жаңа заман философиясының және ғылымының негізін қалау ісінде шығарм. тәсіл ретінде пайдаланып, дүниені ойлау арқылы танып білуге болатынын паш еткен әйгілі қағидасын ұсынды: “Ойлаймын, демек өмір сүремін”. Скептицизм құбылыстарға, болып жатқан процестерге, оқиғаларға сын көзімен, күдіктене қарауды ұсынады. Бірақ күдіктенумен шектелмей, ойлану, іздену, танып білу, түсіну арқылы күдіктерді жеңе біліп, күмәннан арылу керек. Жаңа құбылыстардың сырын танып білуде тағы да скептицизмге жүгініп, осылайша шындықты іздеу жолы шексіз ізденістен тұрады. Абай “Анау айтса анаған, мынау айтса мынаған” сене беретін, ере беретін, “ақсақал айтты, бай айтты, кім болса, мейлі сол айтты” деп далақтап шаба беретін парықсыз адамдарды сынға алды.[1]

Пайдаланылған cілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Энциклопедиясы, 7 том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет.
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.Суретті мыннан табуға болады: осы мақаланың тақырыбына байланысты сурет Ортақ қорда табылуы мүмкін; мақаланың өзге тіл уикилеріндегі нұсқаларын қарап көріңіз; өзіңіз жасаған суретті жүктеңіз (авторлық құқықпен қорғалған сурет қоспаңыз!).
{{bottomLinkPreText}} {{bottomLinkText}}
Скептицизм
Listen to this article

This browser is not supported by Wikiwand :(
Wikiwand requires a browser with modern capabilities in order to provide you with the best reading experience.
Please download and use one of the following browsers:

This article was just edited, click to reload
This article has been deleted on Wikipedia (Why?)

Back to homepage

Please click Add in the dialog above
Please click Allow in the top-left corner,
then click Install Now in the dialog
Please click Open in the download dialog,
then click Install
Please click the "Downloads" icon in the Safari toolbar, open the first download in the list,
then click Install
{{::$root.activation.text}}

Install Wikiwand

Install on Chrome Install on Firefox
Don't forget to rate us

Tell your friends about Wikiwand!

Gmail Facebook Twitter Link

Enjoying Wikiwand?

Tell your friends and spread the love:
Share on Gmail Share on Facebook Share on Twitter Share on Buffer

Our magic isn't perfect

You can help our automatic cover photo selection by reporting an unsuitable photo.

This photo is visually disturbing This photo is not a good choice

Thank you for helping!


Your input will affect cover photo selection, along with input from other users.

X

Get ready for Wikiwand 2.0 🎉! the new version arrives on September 1st! Don't want to wait?