For faster navigation, this Iframe is preloading the Wikiwand page for Сейдәзім Қадырбаев.

Сейдәзім Қадырбаев

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына сәйкес болу үшін жетілдіру қажет.Осы мақаланы әрі қарай дамытуға көмектесіңіз.

Сейдәзім Қадырбаев - Торғай өлкесінен Алаш орда қозғалысына қатысқан тұлғалардың бірі, белгілі алашшыл қайраткер. А. Байтұрсынұлы, М.Дулатов секілді ұлт көсемдері елдің есті азаматтарын оятуға ықпал етті. Ол 1885 жылы қазіргі Қостанай облысының Жангелді ауданында туған. Торғайдағы орыс-қазақ мектебін бітірген. Көп оқымаса да тумысынан зерек С.Қадырбаев көп білімді өмірдің өзінен үйренеді. Қызмет істей жүріп өздігін ізденіп, білімін толықтырады.

1913-1918 жылдар аралығында Орынборда сот кеңселерінде ұсақ қызметкер болып істейді. Сөйте жүріп көп нәрсені көкірекке түйеді, талай әлеуметтік істердің сырын түсінеді. Ең соңында халық үшін қызмет істеп, ел алдындағы азаматтық борышын ақтауға бел буады. Сәті түскенде, сол кезде Алаш қозғалысы жұмыс істей бастайды да, қазаққа қызмет етем деген ізгі ниетті азаматтардың талабын қайтармай, үмітін ұштап, өз қатарына тартады. С.Қадырбаев 1918 жылы Алаш орданың Торғайдағы әскери бөлімінің мүшесі болып кабылданады. Ол екі жыл бойы алашордашылар қатарында күрес жүргізеді.

1919 жылы Амангелді Имановтың өліміне себеп болған Торғайдағы кикілжіңдерге байланысты айыпталады. Тағылған айып дәлелденбей, көп кешікпей босатылады. Одан кейін де Алаш орда үкіметінде қызмет атқарады. Алаш орда таратылып, кеңес үкіметі орнағанда кеңшілікке ие болғандардың қатарында Қадырбаев та болса керек. Ол 1920 жылы Қазақ автономиялық кеңестік соңиалистік республикасы Әділет халық комиссариатының заң шығару бөліміне жұмысқа алынады. 1929 жылға дейін осы мекемеде жауапты қызметтер атқарады. Кеңес жұмысын қанша тиянақты істесе де, өкімет оның бір кездегі алашордашыл болғанын кешіре алмайды. Алаш ордаға қатысу кеңес үкіметі үшін өте ауыр қылмыс жасағанмен тең еді. Халықтар достығын ауыздан тастамайтын үкімет халықтардың теңдікке ұмтылған азаматтарын аяусыз жаншып отырған. 1929 жылы Алаш ордаға қатысқаны үшін Сейдәзім Қадырбаев тағы айыпталып, тұтқынға алынады. Аса ауыр айып тағылып, 1930 жылы Воронежге жер аударылады. Кейін үкімет оны босатады. Еліне келіп, біраз уақыт ел арасында жүреді. 1937 жылы ол кайта ұсталады. Бұл жолы тұтқыннан босап шығу мүмкін емес еді, Алаш шыл болғанын өзі де жасыра алмайды. Енді алашордашыларды жер аудару, түрмеге қамау дегендердің бәрі жеңіл жаза болып көрінеді де, үкімет оларды шетінен ату жазасына кеседі. Қадырбаев Сейдәзім 1937 жылы ату жазасына кесіледі.[1]]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет.
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.Суретті мыннан табуға болады: осы мақаланың тақырыбына байланысты сурет Ортақ қорда табылуы мүмкін; мақаланың өзге тіл уикилеріндегі нұсқаларын қарап көріңіз; өзіңіз жасаған суретті жүктеңіз (авторлық құқықпен қорғалған сурет қоспаңыз!).


{{bottomLinkPreText}} {{bottomLinkText}}
Сейдәзім Қадырбаев
Listen to this article

This browser is not supported by Wikiwand :(
Wikiwand requires a browser with modern capabilities in order to provide you with the best reading experience.
Please download and use one of the following browsers:

This article was just edited, click to reload
This article has been deleted on Wikipedia (Why?)

Back to homepage

Please click Add in the dialog above
Please click Allow in the top-left corner,
then click Install Now in the dialog
Please click Open in the download dialog,
then click Install
Please click the "Downloads" icon in the Safari toolbar, open the first download in the list,
then click Install
{{::$root.activation.text}}

Install Wikiwand

Install on Chrome Install on Firefox
Don't forget to rate us

Tell your friends about Wikiwand!

Gmail Facebook Twitter Link

Enjoying Wikiwand?

Tell your friends and spread the love:
Share on Gmail Share on Facebook Share on Twitter Share on Buffer

Our magic isn't perfect

You can help our automatic cover photo selection by reporting an unsuitable photo.

This photo is visually disturbing This photo is not a good choice

Thank you for helping!


Your input will affect cover photo selection, along with input from other users.

X

Get ready for Wikiwand 2.0 🎉! the new version arrives on September 1st! Don't want to wait?