For faster navigation, this Iframe is preloading the Wikiwand page for Ресей орталық мұсылмандары діни басқармасы.

Ресей орталық мұсылмандары діни басқармасы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Ресей орталық мұсылмандары діни басқармасы
Центральное духовное управление мусульман России
Өзге атаулары:

Европалық Ресей және Сібір мұсылмандар діни басқармасы, Ішкі Ресей және Сібір орталық мұсылмандарыдіни басқармасы

Құрылуы:

22 қыркүйек 1788

Елдері:

Ресей (Солтүстік Кавказдан басқа), Беларусь, Молдова, Латвия

Тілдері:

орыс,

Мүфти:

Талгат Таджуддин

Штаб-пәтері:

Башқұртстан, Үфі, Ғабдолла Тоқай көшесі, 50 үй

Бас ғибадатханасы:

Үфідегі бірінші соборлы мешіт

Діні:

Ислам

Ресми сайты:

http://www.cdum.ru/

Ресей орталық мұсылмандары діни басқармасы — ресейлік орталықтандырылған діни ұйым. Өзінің юрисдикциясын Ресей (Солтүстік Кавказдан басқа), Беларусь, Молдова, Латвия елдерінде жүргізеді. Үфі қаласында орналасқан.

Үфідегі бірінші соборлы мешіт
Ресей және Еуропалық ТМД елдерінің орталық мұсылмандары діни басқармасы (тақтайша)
Талгат Таджуддин. 1-ші жоғарғы муфтий, Ресей орталық мұсылмандары діни басқармасы төрағасы

РОМДБ Екатерина II жарлығы бойынша 1788 жылы 22 қыркүйекте құрылды. Ашылуы 1789 жылы 4 желтоқсанда Үфіде болды. Үфі өкілі О. А. Игельстромның өтінімі бойынша діни шенді тұлғаларды тексеруге және олардың ішінен «сенімділерді» сұрыптауға арналған мемлекеттік мекеме ретінде құрылды.

МДОБ құрылған уақытта «Үфі мұсылмандар заңы діни жиналысы» (1796 жылдан бастап — Орынборлық) деп аталды және оның оның өкiлеттiгi Үфі өкілеттілігінде, Орынбор губерниясында (кейін Ресейідің Тавр губерниясынан басқа барлық жерде) аумағында жүргізілді.[1].

1846—1917 жылдары Орынбор мұсылмандары діни жиналысы деп аталды.

Діни жиналыс 1917 жылы Ішкі Ресей және Сібір орталық мұсылмандары (1918 жылға дейін Диния назараты ретінде ұлттық мұсылмандар басқармасы — Ішкі Ресей және Сібір мұсылман түркі-татарлардың ұлттық органының орталық атқару органының құрамында болды) діни басқармасы деп аты өзгертілді. ОМДБ құрылымы үш сатылы болды: жоғарғы (Диния назараты — төраға мүфти және алты қазы мүшелері); орта (мухтасибат) — мухтасиб басқарған үш адам; төменгі (мутаваллиат) — әр мешітте молда, муэдзин және хатшы қазнашы.

1923 жылдың 10—25 маусымында Үфіде Қоқан, Такшкент, Қырымнан 285 делегат және мүфтилер қатысқан II Бүкілресейлік мұсылман дінбасылары съезі өтті. ОМДБ ның мүфтиі және төрағасы болып Р. Фахретдин сайланды. Бұл съезд Үфі мүфтияты өзінің округының мұсылмандарының ғана емес және де КСРО мұсылмандарының басым бөлігінің діни орталығы екенін көрсетті. РСФСР НКВДсы 1923 жылдың 30 қарашасында ОМДБның өкілеттілігі РСФСРдың Европалық бөлігі мен Сібірде Қазақ ССРді қоса алғанда жүретін Жарлықты бекітті.[2]

1944 жылдан бастап КСРО мұсылмандарының діни істерін басқаруды төрт тәуелсіз орталықтар атқарды — Орта Азия және Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы (Ташкент), Кавказ мұсылмандар діни басқармасы (Баку), Солтүстік Кавказ мұсылмандар діни басқармасы (Буйнакск), Европалық КСРО және Сібір мұсылмандар діни басқармасы (Үфі).[3]

1948 жылы мұсылман дінбасылары съезінде ОМДБ Европалық Ресей және Сібір мұсылмандар діни басқармасы болып қайта құрылды және жаңа жарғы қабылданды. Жаңа жарғы бойынша кейбір кесесідей өкілеттіліктер алынып тасталды: медресе және діни мектеп құру, діни қызметкерлерді дайындау курсын ұйымдастыру, мухтасибтарды құру, метрикалық кітаптарды жүргізу. ОМДБ тек дінбасшыларды тағайындау және мешіттер мен ғибадат үйлерін есепке алу сияқты діни функцияларын сақтап қалды.

1989 жылы РОМДБ жанында Р. Фахретдин атындағы медресе құрылды (қазір Үфідегі Ресей Ислам Университеті).

1992 жылы VI Ресей мұсылмандарының кезектен тыс съездінде ЕСМДБті Ресей және Европалық ТМД елдеріеің орталық мұсылмандар діни басқармасы болып қайта құры туралы шешім қабылданды. Ірі аймақтық діни орталықтар (мухтасибаттар) мұсылман діни басқармасы болып ауыстырылды және Жоғарғы мүфти лауазымы бектіліп бұл лауазым Талгат Таджуддинге берілді.

Ресей президенті Владимир Путин 2013 жылдың 23 мамырында Ресей орталық мұсылмандары діни басқармасының құрылуының 225 жылдығын 2013 жылдың қыркүйек айының аяғында мерекелеуге ұлттық маңыздылығын беру қажеттілігін айтты.[4].

Орталық органдары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1992 жылдан РОМДБ төрағасы — Жоғарғы муфтий Шейх-уль-ислам Талгат Сафич Таджутдинов.

РОМДБ басқару органы болып Мәжіліс, Президиум, Мүфтилер кеңесі, умелдер кеңесі табылады. Орталық ревизия комиссиясы РОМДБ—тың бақылаушы орган болып табылады.

Аймақтық құрылымы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ресейдің жеке субъектілернде немесе жеке мемлекеттер территориясында аймақтық мұсылмандардың діни басқармасы РОМДБ құрамында жұмыс атқарады.

2002 жылдың 1 қаңтарына РОМДБ құрамында 28 аймақтық мұсылмандардың діни ұйымдары жұмыс атқарады. РОМДБ басшысы мүфти шенімен РОМДБ төрағасы болып табылады.

РОМДБ Мухтасибат деп аталатын аумақтық басқармалардан құралады. Мухтасибаттар әдетте діни ұйым мәртебесіне ие және жоғары тұрған діни ұйыммен құрылады.Имам-мухтасиб шенімен Мухтасибалқасының төрағасы Мухтасибат басшысы болып табылады.

Қала, ықшамаудан, кент, ауыл территорияларында Махалла деп аталатын жергілікті мұсылман діни ұйымдары құрылады. Жергілікті мұсылман діни ұйымының басшысы болып имам хатыб табылады.

Барлық дін қызметкерлері мерзімсіз уақытқа тағайындалады.

  • Башқұртстан мұсылмандары діни басқармасы
  • Татарстан мұсылмандары діни басқармасы
  • Нижегород облысы мұсылмандары діни басқармасы
  • Самара облысы мұсылмандары діни басқармасы
  • Европалық Ресей мұсылмандары діни басқармасы
  • Карелия мұсылмандары діни басқармасы
  • Пермь крайы мұсылмандары діни басқармасы
  • КЧР және Ставрополь мұсылмандары діни басқармасы
  • Кабардин Балкария мұсылмандары діни басқармасы
  • Дагестан мұсылмандары діни басқармасы
  • Мордовия мұсылмандары діни басқармасы
  • Сібір және Қиыр Шығыс мұсылмандары діни басқармасы
  • ХМАО мұсылмандары діни басқармасы
  • Пенза облысы мұсылмандары діни басқармасы (РДУМ)
  • Галиев Галимджан Мухаметзянович (Аль-Баруди) (1917—1921);
  • Фахретдинов Ризаитдин Фахретдинович (1923—1936);
  • Расулев Габдрахман Зайнуллович (1936—1950);
  • Хиялетдинов Шакир Шайхисламович (1951—1974);
  • Исаев Габдельбарый Низаметдинович (1975—1980);
  • Тадзетдинов Талгат Сафич (Таджуддин) (с 1980 года).
  • Ресей мүфтилер кеңесі
  • Диния назараты
  • Орынбор мұсылмандарының діни жиналысы

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Башкортостан. Краткая энциклопедия Мұрағатталған 3 қарашаның 2013 жылы.
  2. А. Хабутдинов, Д. Мухетдинов Ислам в СССР: предыстория репрессий Мұрағатталған 1 маусымның 2013 жылы.
  3. Королева Л.А, Королев А. А.ГОСУДАРСТВО И ИСЛАМ В СССР: ИЗ ОПЫТА ВЗАИМООТНОШЕНИЙ
  4. Интерфакс: Путин считает, что 225-летие ЦДУМ следует отметить на государственном уровне
{{bottomLinkPreText}} {{bottomLinkText}}
Ресей орталық мұсылмандары діни басқармасы
Listen to this article

This browser is not supported by Wikiwand :(
Wikiwand requires a browser with modern capabilities in order to provide you with the best reading experience.
Please download and use one of the following browsers:

This article was just edited, click to reload
This article has been deleted on Wikipedia (Why?)

Back to homepage

Please click Add in the dialog above
Please click Allow in the top-left corner,
then click Install Now in the dialog
Please click Open in the download dialog,
then click Install
Please click the "Downloads" icon in the Safari toolbar, open the first download in the list,
then click Install
{{::$root.activation.text}}

Install Wikiwand

Install on Chrome Install on Firefox
Don't forget to rate us

Tell your friends about Wikiwand!

Gmail Facebook Twitter Link

Enjoying Wikiwand?

Tell your friends and spread the love:
Share on Gmail Share on Facebook Share on Twitter Share on Buffer

Our magic isn't perfect

You can help our automatic cover photo selection by reporting an unsuitable photo.

This photo is visually disturbing This photo is not a good choice

Thank you for helping!


Your input will affect cover photo selection, along with input from other users.

X

Get ready for Wikiwand 2.0 🎉! the new version arrives on September 1st! Don't want to wait?