For faster navigation, this Iframe is preloading the Wikiwand page for Пол Скоулз.

Пол Скоулз

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Пол Скоулз Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Туған күні

16 қараша 1979 (1979-11-16) (44 жас)

Туған жері

Солфорд Англия

Азаматтығы

Англия Англия

Бойы

168

Салмағы

70

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

карьерасын аяқтады

Клуб карьерасы[* 1]
1993—2011 Англия Манчестер Юнайтед 466 (102)
2012—2013 Англия Манчестер Юнайтед 33 (5)
1993—2013 Барлығы 499 (107)
Ұлттық құрамы[* 2]
1997—2004  Англия 66 (14)
Бапкерлік карьерасы
2019 Англия Олдем Атлетик
  1. Кәсіби клубтарда соққан голдары мен ойындары тек әртүрлі ұлттық лига чемпионаттарында ғана саналады.
  2. Ресми матчтарда ұлттық құрамда болған ойындары мен голдар саны.

Пол Арон Скоулз (ағылш. Paul Aaron Scholes; 16 қараша 1974 жыл[1], Солфорд, Үлкен Манчестер, Англия) — англиялық футболшы, жартылай қоғраушы, футбол жаттықтырушысы.

Скоулз 14 жасынан бастап "Манчестер Юнайтед" академиясында жаттыға бастады. 1993 жылы клубпен тұңғыш келісім шартын жасасқанымен, ресми ойындарға 1994/95 жылғы маусымда ғана қатысты. Эрик Кантонаның дисквалификациясы мен Марк Хьюздің жарақаты Скоулзға жол ашты, 1994 жылы 21 қыркүйекте тұңғыш ойынын өткізді. Бұл лига кубогы матчы болатын.

Үш күннен соң Премьер лигадағы тұңғыш ойынын "Ипсвич Таунға" қарсы өткізіп, екі гол соқты.

1998/99 жылғы маусым қорытындысында "Манчестер Юнайтед" Премьер-лигада, Англия кубогында, УЕФА Чемпиондар лигасында топ жарды. Осы жетістіктерге Пол өлшеусіз үлес қосты. 1999 жылы 17 наурызда Миланда "Интер" қақпасына гол соқты, "Манчестер Юнайтед" "Сан-Сирода" соңғы рет 1984 жылы гол соққан екен, Пол Скоулз сол жағымсыз серияны бұзды.

1999 жылғы табысты маусымнан соң клуб жетекшілігі Скоулзды әлемдік деңгейдегі футболшы ретінде мойындады. Пол ұзақ жылдар бойы ортаңғы шепте Рой Кинмен тізе қосып ойнады.

Ұзақ жылдар бойы клубтың негізгі құрамында ойнаған Скоулз 2011 жылы жазда карьерасын аяқтады.

2012 жылы қаңтарда сегіз айлық үзілістен соң карьерасын қайта жаңғыртатынын мәлімдеді де, 8 қаңтарда "Манчестер Ситиге" қарсы кубок ойынында алаңға шықты. 14 қаңтарда Англия чемпионатындағы "Болтонға" қарсы ойында гол да соқты. "Бұл керемет болды. Атақты ойыншылардың футболмен қоштасқанын көру өте аауыр тиеді, әсіресе олар өте жоғары деңгейде ойнап жүрсе. Скоулздың футболдан кеткені жаныма қатты батқан, өйткені ол әлі командаға керемет пайдасын тигізе алатын еді. Қайта оралғанына шексіз қуаныштымын" деп ағынан жарылды "Манчестердің" бапкері Алекс Фергюсон.

2012/13 жылғы маусым қорытындысында "Манчестер Юнайтед" тағы да Англия чемпионы атанды. Осы маусымнан соң команда бапкері Алекс Фергюсон да, Пол Скоулз да клубтан біржола кетті.

Ұлттық құрама

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Скоулз 1998, 2002 жылдары әлем чемпионатына, 2000, 2004 жылдары Еуропа чемпионатына қатысты. 2004 жылғы Еуропа чемпионатынан соң отабсына көбірек уақыт бөлу мақсатында құрамамен қоштасты.

Клубтық жетістіктері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Манчестер Юнайтед

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Англия чемпионы (11): 1995/96, 1996/97, 1998/99, 1999/2000, 2000/01, 2002/03, 2006/07, 2007/08, 2008/09, 2010/11, 2012/13
  • Англия кубогы (3): 1995/96, 1998/99, 2003/04
  • Лига кубогы (2): 2008/09, 2009/10
  • Англия суперкубогы (5): 1996, 1997, 2003, 2008, 2010
  • Чемпиондар лигасы (2): 1998/99, 2007/08
  • Құрлықаралық кубок: 1999
  • Клубтар әлем чемпионаты: 2008

Жеке жетістіктері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Англия футболының құрмет залы: 2008
  • Премьер лиганың үздігі (4): қаңтар 2003, желтоқсан 2003, ақпан 2006, тамыз 2010

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
{{bottomLinkPreText}} {{bottomLinkText}}
Пол Скоулз
Listen to this article

This browser is not supported by Wikiwand :(
Wikiwand requires a browser with modern capabilities in order to provide you with the best reading experience.
Please download and use one of the following browsers:

This article was just edited, click to reload
This article has been deleted on Wikipedia (Why?)

Back to homepage

Please click Add in the dialog above
Please click Allow in the top-left corner,
then click Install Now in the dialog
Please click Open in the download dialog,
then click Install
Please click the "Downloads" icon in the Safari toolbar, open the first download in the list,
then click Install
{{::$root.activation.text}}

Install Wikiwand

Install on Chrome Install on Firefox
Don't forget to rate us

Tell your friends about Wikiwand!

Gmail Facebook Twitter Link

Enjoying Wikiwand?

Tell your friends and spread the love:
Share on Gmail Share on Facebook Share on Twitter Share on Buffer

Our magic isn't perfect

You can help our automatic cover photo selection by reporting an unsuitable photo.

This photo is visually disturbing This photo is not a good choice

Thank you for helping!


Your input will affect cover photo selection, along with input from other users.

X

Get ready for Wikiwand 2.0 🎉! the new version arrives on September 1st! Don't want to wait?