Нұрлан Далбай
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Нұрлан Далбай (11 сәуір 1961, Алматы қаласы) - суретші.
- 1983 жылы Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін аяқтады;
- 1989 жылы Е. Репин атындағы академияны аяқтады.
- 1990 жылы Дрезден қаласындағы (Германия) Жоғарғы өнер мектебінде тәжірибе жинақтаудан өтті.
- 1993 жылдан Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі.
Шығармашылығы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Ғ.Орманов (бюст, 1984)
- Алматыдағы Тәуелсіздік монументі (1998, басқа авторлармен бірге)
- Атырау қаласындағы Д.Нүрпейісова (1999)
- Астана қаласындағы Кенесары хан ескерткіші (2001)
- Оралдағы Абай (2002)
- М.Мақатаев (2002)
- Ә.Қастеев (2004)
- Сырым Датұлы
- Астанадағы Талғат Бигелдинов ескерткіші (2021)
... т.б. ескерткіштердің авторы.
Кескіндеме саласында да еңбек етеді. 1987 жылы Алматыда жеке көрмесі ұйымдастырылды. Халықаралық көрмелерге (Германия, 1996; Баку, 1999; Лондон, 2000, т.б.) қатысқан.
Жеке еңбектері Қазақстан, Франция, Түркия, Германия, Швеция және т.б. жеке коллекцияларынан табылады.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Бұл — тұлға туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Text is available under the CC BY-SA 4.0 license; additional terms may apply.
Images, videos and audio are available under their respective licenses.