For faster navigation, this Iframe is preloading the Wikiwand page for Низами.

Низами

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Низами Гәнжауи, Ілияс ибн Жүсіп Низами (17.8.1141, Гәнжа қ. – 1209, сонда) – Әзірбайжан ақыны. Негізгі шығармалары парсы тілінде жазылған. “Гәнжауи” – оның лақап аты. Әкесі Иранда, кейін Гәнжа шаһарында тұрған, ұлын түркі халқының дәстүрінде тәрбиелеген. Низами 11 – 12 ғасырлардағы Тұран, Иран, Кавказ билеушілерінің тақ таласын батыл сынап, ел тұрмысын жырлады. Оның басты шығармасы – “Хамса” (“Бес кітап”), оған “Құпиялар қазынасы” (1173 – 80), “Хұсрау – Шырын” (1181), “Ләйлі – Мәжнүн” (1188), “Жеті сұлу” (1197) және “Ескендірнама” (1203) атты бес дастаны кірген. Лирик. өлеңдер жинағының жеке бөлімдері, 6 қасида, 116 ғазел, 2 қыта, 30 рубаи, тағы басқа туындылары сақталған. Низами дастандары композициялық құрылымы, сюжет тартымдылығы, тіл көркемдігі және биік адамгершілік идеясымен ерекшеленді. “Құпиялар қазынасы” – 20 тараудан тұратын діни философиялық поэма, ақын мұнда ел билеушілерін әділдікке, халқына қамқор болуға шақырады. “Ләйлі–Мәжнүн” көне араб аңызының сюжеті негізінде жазылса, “Жеті сұлу” Баһрам Гур шаһ жөніндегі аңызға негізделген. Поэма Баһрам Гурдің жеті әйелінің әңгімесі арқылы мазмұндалып, патшаның әділдік жағында болуы мен зұлымдыққа қарсы күресі суреттелген. Ақын “Ескендірнама” немесе “Даңқ” кітабында Ескендірді данышпан, әділетті патша ретінде бейнелеген. Низами шығармалары көптеген шығыс ақындарына әсер етті, 13 ғасырдан оның поэмаларына еліктеп жазылған туындылар пайда болды. Мысалы, Әмір Хұсрау Дехлеуи, Ә.Науаи, Ә.Жәми, тағы басқа ақындардың дастандары. “Хұсрау – Шырынды” 1383 ж. Сарай Беркедегі қыпшақ Құтып жырға қосса, “Жеті сұлу” дастанының “Турандот ханшасы” атты бөлімін неміс ақыны Гете жырлаған. Низами дастандары ерте кезден-ақ қазақ арасына тараған. Низами дастаны негізінде Абай “Ескендір” поэмасын жазса, Шәкерім де шығармасында Низами сюжеттерін пайдаланған.[1]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Гәнжауи
  • Ескендір

Шығармалары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Искандер-наме, М., 1953;
  • Хосров и Ширин, М., 1955;
  • Семь красавиц, М., 1959;
  • Ләйлі – Мәжнүн, А., 1962;
  • Жеті сұлу, А., 1980;
  • Собр. соч. в 3-х томах, Баку, 1991.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Энциклопедиясы, 7 том 2 бөлім
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет.
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.Суретті мыннан табуға болады: осы мақаланың тақырыбына байланысты сурет Ортақ қорда табылуы мүмкін; мақаланың өзге тіл уикилеріндегі нұсқаларын қарап көріңіз; өзіңіз жасаған суретті жүктеңіз (авторлық құқықпен қорғалған сурет қоспаңыз!).
{{bottomLinkPreText}} {{bottomLinkText}}
Низами
Listen to this article

This browser is not supported by Wikiwand :(
Wikiwand requires a browser with modern capabilities in order to provide you with the best reading experience.
Please download and use one of the following browsers:

This article was just edited, click to reload
This article has been deleted on Wikipedia (Why?)

Back to homepage

Please click Add in the dialog above
Please click Allow in the top-left corner,
then click Install Now in the dialog
Please click Open in the download dialog,
then click Install
Please click the "Downloads" icon in the Safari toolbar, open the first download in the list,
then click Install
{{::$root.activation.text}}

Install Wikiwand

Install on Chrome Install on Firefox
Don't forget to rate us

Tell your friends about Wikiwand!

Gmail Facebook Twitter Link

Enjoying Wikiwand?

Tell your friends and spread the love:
Share on Gmail Share on Facebook Share on Twitter Share on Buffer

Our magic isn't perfect

You can help our automatic cover photo selection by reporting an unsuitable photo.

This photo is visually disturbing This photo is not a good choice

Thank you for helping!


Your input will affect cover photo selection, along with input from other users.

X

Get ready for Wikiwand 2.0 🎉! the new version arrives on September 1st! Don't want to wait?