For faster navigation, this Iframe is preloading the Wikiwand page for Немертиндер.

Немертиндер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Немертиндер
Parborlasia corrugatus
Parborlasia corrugatus
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Nemertea
Schultze, 1851

Немертиндер (лат. Nemertea, Nemertini, Nemertinea) – омыртқасыздардың бір типі. Көпшілігі теңіз жағалауларында еркін тіршілік етеді, тек кейбір түрлері тұщы суларда және паразиттік тіршілік етуге бейім. Немертиндердің 1 класы, 1000-ға жуық түрі белгілі. Денесі құрт тәрізді созылыңқы, ұзындығы 2 – 20 см-ден 30 м-ге (Lіneus longіssіmus) жететін түрі де кездеседі. Денесін бір қабатты кірпікшелі эпителий (оның астында көп қабатты бұлшық еттер орналасқан) жауып тұрады. Мұнда көптеген кілегейлі бездері болады. Ішкі мүшелер арасын паренхима толтырып тұрады. Ас қорыту жүйесі жақсы жетілген. Ішегі ауыз тесігінен басталып, аналь тесігіне дейін созылған. Немертиндердің ерекше мүшесі – тұмсығы. Ол денесінің алдыңғы ұшында арнайы тұмсық қынабы – ринхоцелом деп аталатын қуыстың ішінде имек тәрізді оралып жатады. Тұмсығымен қорегін ұстайды және ол қорғаныш қызметін атқарады. Немертиндер – жыртқыштар. Ұсақ құрттармен, шаянтәрізділермен, моллюскалармен қоректенеді. Жүйке жүйесі бас түйіндерінен және денесінің ұзына бойына созылған бағаналардан (бүйірлік және арқалық) тұрады. Бұдан бір жұп күшті бүйір жүйке бағаналары басталады. Сезім органдарына: екі бүйір саңылауы, церебральды мүшелері және көздері кіреді. Қан айналу жүйесі негізінен үш қан тамырынан (арқа және екі бүйірлі) тұрады, олар қоректік заттарды тасымалдайды. Тыныс алу органы жоқ. Зәр шығару жүйесі протонефридиялы. Денесінің алдыңғы екі бүйірінде арнайы тесігі бар қос зәр шығару түтігі орналасқан. Немертиндер дара жыныстылар. Ұрықтануы сырттай. Жұмыртқадан пилидий деп аталатын еркін жүзетін планктонды дернәсіл (тұтас кірпікшелі эпителиймен қапталған) шығады. Пилидий эпителиясы уақытша ғана қызмет атқарып, дернәсіл ересек құртқа айналғанда түсіп қалады. Дернәсілден пайда болған жас құрт пилидий қабырғасын бұзып сыртқа шығады да, теңіздің түбіне түсіп, өз бетімен тіршілік етеді.[1]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Энциклопедиясы, 7 том 2 бөлім
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет.


{{bottomLinkPreText}} {{bottomLinkText}}
Немертиндер
Listen to this article

This browser is not supported by Wikiwand :(
Wikiwand requires a browser with modern capabilities in order to provide you with the best reading experience.
Please download and use one of the following browsers:

This article was just edited, click to reload
This article has been deleted on Wikipedia (Why?)

Back to homepage

Please click Add in the dialog above
Please click Allow in the top-left corner,
then click Install Now in the dialog
Please click Open in the download dialog,
then click Install
Please click the "Downloads" icon in the Safari toolbar, open the first download in the list,
then click Install
{{::$root.activation.text}}

Install Wikiwand

Install on Chrome Install on Firefox
Don't forget to rate us

Tell your friends about Wikiwand!

Gmail Facebook Twitter Link

Enjoying Wikiwand?

Tell your friends and spread the love:
Share on Gmail Share on Facebook Share on Twitter Share on Buffer

Our magic isn't perfect

You can help our automatic cover photo selection by reporting an unsuitable photo.

This photo is visually disturbing This photo is not a good choice

Thank you for helping!


Your input will affect cover photo selection, along with input from other users.

X

Get ready for Wikiwand 2.0 🎉! the new version arrives on September 1st! Don't want to wait?