For faster navigation, this Iframe is preloading the Wikiwand page for Мұқановтың әдеби-мемориалдық мұражай үйі.

Мұқановтың әдеби-мемориалдық мұражай үйі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Мұқановтың әдеби-мемориалдық мұражай үйі - С.Мұқановтың әдеби мұрасын сақтап, насихаттауға арналған тарихи-мәдени мекеме.


Алматы қаласында Төлебаев к-сі 125/3, С.Мұқановтың өзі 1965-1973 жылдары тұрған үйінде 1978 жылы 21 қарашада ашылған.

Мұражай үйі әдеби және мемориалдық бөлімдерден тұрады. Мұражайдың әдеби бөлімінде жазушының зерттеулері мен сын мақалалары, монографиялары, ҚР FA-ның Ш.Уәлиханов атындағы сыйлық дипломы және т.б. құжаттар бар. Оның 1922 - 35 жылдары Ленинградта (қазіргі Санкт-Петербург), Мәскеуде оқыған кезіндегі суреттер мен құжаттар рет-ретімен орналастырылған. Мұнда Тәттімбет пен Үкілі Ыбырайдың фотосуреттері бар. Суретші Ү.Әжиевтің, С.Мұқанов пен орыс жазушысы М.Горькийдің достығын бейнелейтін "М.Горький және С.Мұканов" атты картинасы да осы залда. Жазушы наградалары - екі Ленин ордені, екі Еңбек Қызыл Ту, "Құрмет белгісі" ордендері, КСРО медальдары, сондай-ақ оның Қазақстан Жоғары Кеңесінің депутаттығына бірнеше рет сайланған куәліктері қойылған. Мұражай экспозициясында түрлі қолжазбалар, жазушының поэзиялық, прозалық және әдеби сын шығармаларының басылымдары бар.

Жазушының "Сұлушаш" (1928), "Адасқандар" (1931), "Жұмбақ жалау" (1938), "Балуан-Шолақ" (1941), "Сырдария" (1948) романдары мен "Шоқан Уәлиханов" (1953), "Қашқар қызы" (1958), "Сәкен Сейфуллин" (1964) атты драмалық шығармалары туралы мол мәліметтер берілген. "Адасқандар (1931) романының басты кейіпкері - Бүркіт (Сұлтанбек) пен Бәтестің (Бәтима) түпнұсқа суреттер махаббат хикаясына байланысты көне күнделіктің мұқабасы Қызылорда қаласындағы сотқа (1927 қоғамдық айыптаушы ретінде қатысқан С.Мұқановтың куәлігі қойылған. "Балуан-Шолақ" романының (ҚХР, Шыңжаң) араб әріпімен басылған нұсқасы. Шәкәрімнің 1933 жылы Сәбитке жазған хаты мен фотосуреті, М.Жұмабаевтың "Шолпан" өлеңдер жинағы (1913 М.Дулатовтың "Бақытсыз Жамал (1914) романы, Ж.Аймауытовтың "Мансапқорлар" (1925), т.б.


Мұқановтың жеке мұрағатында сақталған кітаптар бар. Мұражайдың мемориалдық бөлімінде жазушының қабылдау бөлмесі, жұмыс орны, демалыс бөлмесі, толық сақталған мыңға жуық кітабы бар, кітапханасы да осы бөлімде. Тұрмыстық заттары, үй жиһаздары, шет елдерден келген түрлі сыйлықтар, картиналар т.б. экспонаттар қойылған. Мұражайда түрлі дәрістер оқылып, кинолофильмдер көрсетіледі.

Мұқановтың 100 жылдық мерейтойы қарсаңында ғимарат күрделі жөндеуден өткізіліп, экспозициясы жаңартылды, 8 мыңнан астам экспонат жинақталды.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.Суретті мыннан табуға болады: осы мақаланың тақырыбына байланысты сурет Ортақ қорда табылуы мүмкін; мақаланың өзге тіл уикилеріндегі нұсқаларын қарап көріңіз; өзіңіз жасаған суретті жүктеңіз (авторлық құқықпен қорғалған сурет қоспаңыз!).
{{bottomLinkPreText}} {{bottomLinkText}}
Мұқановтың әдеби-мемориалдық мұражай үйі
Listen to this article

This browser is not supported by Wikiwand :(
Wikiwand requires a browser with modern capabilities in order to provide you with the best reading experience.
Please download and use one of the following browsers:

This article was just edited, click to reload
This article has been deleted on Wikipedia (Why?)

Back to homepage

Please click Add in the dialog above
Please click Allow in the top-left corner,
then click Install Now in the dialog
Please click Open in the download dialog,
then click Install
Please click the "Downloads" icon in the Safari toolbar, open the first download in the list,
then click Install
{{::$root.activation.text}}

Install Wikiwand

Install on Chrome Install on Firefox
Don't forget to rate us

Tell your friends about Wikiwand!

Gmail Facebook Twitter Link

Enjoying Wikiwand?

Tell your friends and spread the love:
Share on Gmail Share on Facebook Share on Twitter Share on Buffer

Our magic isn't perfect

You can help our automatic cover photo selection by reporting an unsuitable photo.

This photo is visually disturbing This photo is not a good choice

Thank you for helping!


Your input will affect cover photo selection, along with input from other users.

X

Get ready for Wikiwand 2.0 🎉! the new version arrives on September 1st! Don't want to wait?