For faster navigation, this Iframe is preloading the Wikiwand page for Минерал су.

Минерал су

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Минерал су

Минералды сулар – түрлі ауруларға шипа болатын табиғи сулар. Ол жер бетінен сіңген сулардан, шөгінділермен бірге көмілген теңіз суларынан, метаморфизм мен жанартау процестері нәтижесінде босаған сулардан қалыптасады. Тотығу реакциясы басым болатын жер бетіне таяу Минералды сулар құрамында азот, оттек, көмір қышқыл газы, ал тотықсыздану реакциясы басымырақ болатын тереңірек горизонттарда көміртек газдары, күкіртсутек көбірек болады. Минералды сулар кендерінің типтері құрылымдық, гидродинамикалық, гидрогеохимиялық ерекшеліктеріне қарай ажыратылады. Судың шипалық қасиеті ондағы барлық еріген заттар мен арнаулы биологиялық әсері бар құраушылар (CO2, H2S, AsS, т.б.) мөлшеріне қарай анықталады. Минералды сулардағы минералды қосындылардың мөлшері 2 г/л-ден төмен болғанда әлсіз, 2 – 5 г/л-де аз, 5 – 15 г/л-де орташа, 15 – 35 г/л-ден жоғары болғанда минералды, 35 – 50 г/л-де – тұзды, 50 г/л-ден астам болғанда күшті тұзды сулар болып саналады. Минералды 7 – 8 г/л-ге дейінгілерін ішу, ал басқаларын әр мөлшерде тұщы сумен қосып, шомылу арқылы емге пайдаланады. Температурасына қарай салқын (200С-қа дейін), жылы (20 – 370С), ыстық (37 – 420С) және өте ыстық (42ӘС-тан жоғары) болып бөлінеді. Аниондары мен катиондарының шамасына сәйкес Минералды сулар хлоридті, гидрокарбонатты, сульфатты, натрийлі, кальцийлі, магнийлі, газ бен арнаулы элементтеріне қарай көмірқышқылды, сульфидті, азотты, бромды, иодты, темірлі, күшәлалы, кремнийлі, радиоактивті (радонды) болып ажыратылады. Минералды сулардың құрамындағы кальций денедегі ісіктерге қарсы ем болып, жүйке жүйесін нығайтады. Хлорлы магний суы қан тамырын кеңейтеді. Сульфатты сулар негізінен өт пен ішті тазалауға көмектеседі. Йодты сулар тамақтың қалқанша безінің, өкпе - бауырдың қызметін жақсартады. Бромды сулар орталық жүйке тамыр қызметін қалпына келтіреді. Темір қосындысы қанның гемоглобиніндегі темір жетіспеушілігін толықтырады. Гемоглобиннің артуына Минералды сулардағы кобальт, никель, күшәла да пайдалы. Сондай-ақ көмірқышқылды сулар қан тамырларының қабілетін жақсартып, жүрекке әл береді. Кремний қышқылды, күкіртсутекті сулар ревматизм, бруцеллез, радикулит, жүрек, тері, т.б. көптеген ауруларға ем. Минералды сулар Қазақстан жерінде, таулы және жазық аймақтарда көп кездеседі. Қазіргі кезге дейін олардың 100-ден астам алабы зерттеліп, шипалық қасиеттері анықталған. Көпшілігіне гидрогеологиялық барлау жұмыстары жүргізіліп, 70%-дан астамы (көбінесе Оңтүстік және Оңтүстік - Шығыс аудандарда) пайдаланылуда. Мысысалы, “Алмаарасан”, “Қапаларасан”, “Сарыағаш”, “Мерке”, т.б. көптеген емдеу-сауықтыру орындары бар.[1]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет.


{{bottomLinkPreText}} {{bottomLinkText}}
Минерал су
Listen to this article

This browser is not supported by Wikiwand :(
Wikiwand requires a browser with modern capabilities in order to provide you with the best reading experience.
Please download and use one of the following browsers:

This article was just edited, click to reload
This article has been deleted on Wikipedia (Why?)

Back to homepage

Please click Add in the dialog above
Please click Allow in the top-left corner,
then click Install Now in the dialog
Please click Open in the download dialog,
then click Install
Please click the "Downloads" icon in the Safari toolbar, open the first download in the list,
then click Install
{{::$root.activation.text}}

Install Wikiwand

Install on Chrome Install on Firefox
Don't forget to rate us

Tell your friends about Wikiwand!

Gmail Facebook Twitter Link

Enjoying Wikiwand?

Tell your friends and spread the love:
Share on Gmail Share on Facebook Share on Twitter Share on Buffer

Our magic isn't perfect

You can help our automatic cover photo selection by reporting an unsuitable photo.

This photo is visually disturbing This photo is not a good choice

Thank you for helping!


Your input will affect cover photo selection, along with input from other users.

X

Get ready for Wikiwand 2.0 🎉! the new version arrives on September 1st! Don't want to wait?