For faster navigation, this Iframe is preloading the Wikiwand page for Материалды емес мәдени мұра.

Материалды емес мәдени мұра

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Но маскасы; Жапония - өзінің материалды емес мәдени мұрасын заңнама арқылы (1950 ж.) қорғап, ілгерілеткен тұңғыш мемлекет.

Материалды емес мәдени мұра (ағылш. intangible cultural heritage) — 1990-шы жылдары материалды мұраға басты көңіл бөлетін Әлемдік мұра тізімі ұқсастығына сәйкес ұсынылған тұжырымдама. 2001 жылы UNESCO мемлекеттер мен мемлекеттік емес ұйымдардың арасында анықтама дайындап шығу мақсатында сауалнама жүргізіп шыққан болатын. [1] 2003 жылы материалдық емес мәдени мұраны қорғау туралы конвенция қабылданды. [2] Қазақстан Республикасы аталған Конвенцияны 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 514-IV Заңға сәйкес ратификациялады.

Конвенцияның мақсаттары мыналар болып табылады:

  • материалдық емес мәдени мұраны сақтау;
  • тиісті қоғамдастықтардың, топтардың және жекелеген адамдардың материалдық емес мәдени мұрасын құрметтеу;
  • материалдық емес мәдени мұраның және оны өзара танудың маңыздылығына жергілікті, ұлттық және халықаралық деңгейлерде назар аудару;
  • халықаралық ынтымақтастық және көмек.

2014 жылдың 26 қарашасынан бері қазақтың дәстүрлі күй өнері мен киіз үй жасау тәсілі әлемдік материалды емес мұра тізіміне енді. [3]

Анықтамасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

UNESCO Конвенциясының 2 бабында материалды емес мәдени мұраға келесіндей беріледі. [4]

«Материалдық емес мәдени мұра» қоғамдастықтар, топтар және кейбір жағдайларда жекелеген адамдар өздерінің мәдени мұрасының бір бөлігі ретінде таныған әдет-ғұрыптарды, түсініктері мен пайымдарының нысандарын, білім мен дағдыны - сондай-ақ олармен байланысты құралдарды, заттарды, артефактілерді және мәдени кеңістікті білдіреді. Ұрпақтан ұрпаққа берілетін осындай материалдық емес мәдени мұра қауымдастықтармен және топтармен оларды қоршаған ортаға, олардың табиғатпен өзара іс-қимылына және олардың тарихына байланысты тұрақты түрде қайта жасалады және адам шығармашылығы мен мәдени әртүрлілікті құрметтеуге ықпал ете отырып, оларда төлтума ерекшелік пен ұрпақтар сабақтастығы сезімін қалыптастырады. Осы Конвенцияның мақсаттары үшін адам құқықтары жөніндегі қолданыстағы халықаралық-құқықтық актілермен және қоғамдастықтар, топтар мен жекелеген адамдар арасындағы өзара құрмет, сондай-ақ орнықты даму талаптарымен сәйкес келетін материалдық емес мәдени мұра ғана назарға алынады.

— материалдық емес мәдени мұраны қорғау туралы Конвенция

Конвенцияда материалдық емес мәдени мұра қандай салаларда көрініс табатыны нақты көрсетілген:

  • материалдық емес мәдени мұраның тасымалдағышы ретінде тілді қоса алғанда, пайымның дәстүрлері мен нысандары;
  • орындаушылық өнерлер;
  • әдет-ғұрыптар, салт-жоралар, мейрамдар;
  • табиғат пен дүниеге қатысты білімдер мен әдет-ғұрыптар;
  • дәстүрлі кәсіптермен байланысты білімдер және дағдылар.


Материалдық емес мәдени мұра қорғау анықтамасы:

материалдық емес мәдени мұраның, ең бастысы формалды және формалды емес жасаудың көмегімен оны сәйкестендіруді, құжаттауды, зерттеуді, сақтауды, қорғауды, танымал етуді, оның рөлін арттыруды, оны беруді қоса алғанда, материалдық емес мәдени мұраның өміршеңдігін қамтамасыз ету мақсатында шаралар қабылдауды, сондай-ақ осындай мұраның әртүрлі аспектілерін қайта жаңғыртуды білдіреді.

— материалдық емес мәдени мұраны қорғау туралы Конвенция

Суреттер галереясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Адамзаттың ауызекі және материалдық емес мәдени мұрасының жауһарлары
    • Адамзаттың материалдық емес мәдени мұра тізімі

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Meetings (co-)organized by the Section of Intangible Cultural Heritage // UNESCO
  2. Safeguarding Intangible Cultural Heritage // UNESCO
  3. Eighteen new elements inscribed on the Representative List.
  4. Материалдық емес мәдени мұраны қорғау туралы конвенцияны ратификациялау туралы(қолжетпейтін сілтеме) // Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 514-IV Заңы
{{bottomLinkPreText}} {{bottomLinkText}}
Материалды емес мәдени мұра
Listen to this article

This browser is not supported by Wikiwand :(
Wikiwand requires a browser with modern capabilities in order to provide you with the best reading experience.
Please download and use one of the following browsers:

This article was just edited, click to reload
This article has been deleted on Wikipedia (Why?)

Back to homepage

Please click Add in the dialog above
Please click Allow in the top-left corner,
then click Install Now in the dialog
Please click Open in the download dialog,
then click Install
Please click the "Downloads" icon in the Safari toolbar, open the first download in the list,
then click Install
{{::$root.activation.text}}

Install Wikiwand

Install on Chrome Install on Firefox
Don't forget to rate us

Tell your friends about Wikiwand!

Gmail Facebook Twitter Link

Enjoying Wikiwand?

Tell your friends and spread the love:
Share on Gmail Share on Facebook Share on Twitter Share on Buffer

Our magic isn't perfect

You can help our automatic cover photo selection by reporting an unsuitable photo.

This photo is visually disturbing This photo is not a good choice

Thank you for helping!


Your input will affect cover photo selection, along with input from other users.

X

Get ready for Wikiwand 2.0 🎉! the new version arrives on September 1st! Don't want to wait?