For faster navigation, this Iframe is preloading the Wikiwand page for Мария Гаэтана Аньези.

Мария Гаэтана Аньези

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Бұл мақала әлі тексерістен өтпеді. Тексерілмеген мақалалардағы мәліметтер сенімсіз болуы мүмкін. Тексерушілерге нұсқаулықты оқу үшін оң жақтағы көрсет дегенді басыңыз. Мақала тексерушілерге: мақаланы тексерілді деп белгілеу үшін бұл үлгіні алып тастаңыз. Мақаланы тіркелгеніне 6 ай болған, 500 өңдеме жасаған барлық қатысушылар және осы екі шарттың біреуін болсада қанағаттандыратын қатысушылар тексерілді деп белгілей алады. 2015 жылдың шілдесінен бергі тексерілмеген мақалалар мына санатта тізімделеді: Санат:Уикипедия:Тексерілмеген мақалалар. Осы айдағы тексерілмеген мақалалар санатын бастау. Осы айдағы тексерілді деп белгіленген мақалалар: https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=Арнайы:Жуықтағы_өзгерістер&tagfilter=Тексерілді+деп+белгіледі Бұл мақаланы 2022-01-17, 16:11 кезінде (2 жыл бұрын) Kasymov (журналы | үлесі) соңғы рет өңдеді. Тексерілмегендер: 2042 (осы айдағы: 2) (наурыз)
Мария Гаэтана Аньези
Туған күні

16 мамыр 1718 (1718-05-16)

Туған жері

Милан, Милан княздығы

Қайтыс болған күні

9 қаңтар 1799 (1799-01-09) (80 жас)

Қайтыс болған жері

Милан, Цисальп Республикасы

Азаматтығы

Итальяндық

Ғылыми аясы

Математик

Жұмыс орны

Болонья университеті

Ғылыми жетекші

Рамиро Рампинелли

Мария Гаэтана Аньези

Мария Гаэтана Аньези (итал. Maria Gaetana Agnesi; 16 мамыр 17189 қаңтар 1799)[1]итальяндық математик, теолог, гуманист, филантроп және философ. Ол университетте математика профессоры болып тағайындалған және математика саласындағы оқулығын жазған тұңғыш әйел болған. [2]

Мария дифференциалды және интегралдық есептеулерге арналған бірінші кітапты жазған және де өзінің ешқашан қызмет етпеуіне қарамастан, Болон университетіндегі факультет мүшесі болып саналған.

Мария Гаэтана Аньези Милан қаласындағы сауатты және бай көпес отбасысында дүниеге келген.[3] [4] [5] Пьетро Аньези, Марияның әкесі, жібекпен сауда жасаған[6], жанұясын Милан дворяндарының қатарына қосқысы келген. 1717 жылы осы мақсатымен Бривиус де Броклз отбасынан шыққан Анна Фортунато Бривиоға үйленеді. Оның отбасысы 21 баладан тұрған[7], ал Мария оның үлкені болған. Оның әпкелерінің бірі Мария Тереза болған, әйгілі музыкант және композитор, оған қоса Сальери, Моцарт және Гайднмен бірге тансы болған.

5 жасында француз тілінде де, итальян тілінде де сөйлегенді білетін. Ол 11 жасқа толғанға дейін испан, неміс, грек, иврит, және латын тілдерін үйреніп, «жеті тілді шешен» деп аталған.[8] Осы себептерден адамдар бала кезінен бастап Марияны вундеркинд деп санаған.

Болонья Университетінің Мария Гаэтана Аньезиге берген дипломы

12 жасында Мария аса көп сабақ оқығаннан жұмбақ аурумен ауыра бастады, осы себептен оған атпен серуендеу және бимен айналысуға кеңес берілген. Бірақ осы емдеулер көмек бермеді, тырыспа ұстауы өршеленді, осыдан кейін оған модерацияны ұстау белгіленді. 14 жасына қарай ол баллистика мен геометрияны оқыды.[9]

Анасының өлімі оған қоғамдық өмірден кетуіне және үй шаруашылығының басқаруын өзіне алуына себепкер болды. 21 жасында Аньезиде монастырға бару мақсаты болған, бәрақ оның әкесі бұған рұқсат бермеген. Пьетро Анези, Мария математика саласындағы зерттеулерімен айналысса ғана қалаған қайырымдылық жұмыстарымен айналысуға рұқсат берген. Оның сабақтары мен қойылымдарынан басқа, Мария інілеріне сабақ беруге міндетті болған. Осы кезден ол қоғаммен барлық қарым-қатынасты тоқтатып, өзін математикаға арнады.[10]

1751 жылы ол қайтадан ауыра бастады,сол себептен дәрігерлер оған оқуға тыйым салды. Бір жылдан кейін оның әкесі қайтыс болады, сосын ол теологияны зерттей бастап, кедейлерге, үйсіздерге және науқастарға көмек берді. 1783 жылы ол "Пио Тривульцио" деген әйелдерге арналған қарттар үйінің негізін қалап, оның директоры болды және осы жердің монахтары сияқты өмір сүрді. 1799 жылы 9 қаңтарда Мария Аньези кедей болып қайтыс болды және он жаппай қабірде 15 басқа адамдармен бірге жерленген болатын.[11]

Математикаға қосқан үлестері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1739 жылы Маркиз Гуилла де Л'Опиталдың "traité analytique des sections coniques" кітабын оқығаннан кейін, ол 1740 жылы сол кездегі ең танымал итальяндық математиктердің бірі болған Оливет монахы, Рамиро Рампинеллимен дифференциалды және интегралды есептеулерді зерттеді. Осы кезде оның отбасысы Миландағы ең байлардың бірі ретінде саналған.


Мария Аньези 1748 жылы Instituzioni analitiche ("Талдау негіздері") атты еңбегін жариялады. Мария Гаэтананың есімімен ол зерттеген верзьера қисығы («Верзьера Аньези») аталған болатын. Рим Папасы Бенедикт XIV 1750 жылы әкесінің ауруына байланысты оны Болонья университетіндегі математика, табиғи философия және физика профессоры деп тағайындады, бірақ Мария осы дәрежесімен ешқашан пайдаланбаған. Ол университетте Лаура Бассиден кейін профессорлық лауазымға ие болған екінші әйел.[12]

Instituzioni analitiche ("Талдау негіздері") жұмысының бірінші беті

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Maria Gaetana Agnesi (1718 - 1799)
  2. Maria Agnesi
  3. "Maria Agnesi and Her “Witch”"
  4. Maria Gaetana Agnesi
  5. https://en.wikisource.org/wiki/Catholic_Encyclopedia_(1913)/Maria_Gaetana_Agnesi
  6. Calculations of faith: mathematics, philosophy, and sanctity in 18th-century Italy (new work on Maria Gaetana Agnesi)
  7. Maria Gaetana Agnesi
  8. Women in Science: Antiquity Through the Nineteenth Century. A Biographical Dictionary with Annotated Bibliography. Marilyn Bailey Ogilvie
  9. Women in Science: Antiquity Through the Nineteenth Century. A Biographical Dictionary with Annotated Bibliography. Marilyn Bailey Ogilvie
  10. Women in Science: Antiquity Through the Nineteenth Century. A Biographical Dictionary with Annotated Bibliography. Marilyn Bailey Ogilvie
  11. Maria Gaetana Agnesi
  12. 1911 Encyclopædia Britannica/Agnesi, Maria Gaetana
{{bottomLinkPreText}} {{bottomLinkText}}
Мария Гаэтана Аньези
Listen to this article

This browser is not supported by Wikiwand :(
Wikiwand requires a browser with modern capabilities in order to provide you with the best reading experience.
Please download and use one of the following browsers:

This article was just edited, click to reload
This article has been deleted on Wikipedia (Why?)

Back to homepage

Please click Add in the dialog above
Please click Allow in the top-left corner,
then click Install Now in the dialog
Please click Open in the download dialog,
then click Install
Please click the "Downloads" icon in the Safari toolbar, open the first download in the list,
then click Install
{{::$root.activation.text}}

Install Wikiwand

Install on Chrome Install on Firefox
Don't forget to rate us

Tell your friends about Wikiwand!

Gmail Facebook Twitter Link

Enjoying Wikiwand?

Tell your friends and spread the love:
Share on Gmail Share on Facebook Share on Twitter Share on Buffer

Our magic isn't perfect

You can help our automatic cover photo selection by reporting an unsuitable photo.

This photo is visually disturbing This photo is not a good choice

Thank you for helping!


Your input will affect cover photo selection, along with input from other users.

X

Get ready for Wikiwand 2.0 🎉! the new version arrives on September 1st! Don't want to wait?