For faster navigation, this Iframe is preloading the Wikiwand page for Луиз Фелипе Сколари.

Луиз Фелипе Сколари

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Луиc Фелипе Сколари Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Лақап аттары

Фелипау (порт. Felipão), Сержант, Ағаш аяқ[1], Үлкен Фил

Туған күні

9 қараша 1948 (1948-11-09) (75 жас)

Туған жері

Пасу-Фунду, Риу-Гранди-ду-Сул, Бразилия

Азаматтығы

Бразилия Бразилия
Италия Италия
Португалия Португалия

Бойы

182

Позиция

қорғаушы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

клубсыз

Жастар клубы
1966—1973 Бразилия Айморе (Сан-Леополду)
Клуб карьерасы[* 1]
1973—1979 Бразилия СЭР Кашиас 67 (0)
1980 Бразилия Жувентуде ? (?)
1980—1981 Бразилия Нову-Амбургу ? (?)
1981 Бразилия ССА ? (?)
Бапкерлік карьерасы
1982 Бразилия ССА
1982—1983 Бразилия Жувентуде
1983 Бразилия Гремио Бразил
1984—1985 Сауд Арабиясы Әл-Шабаб
1986 Бразилия Гремио Бразил
1986—1987 Бразилия Жувентуде
1987 Бразилия Гремио
1988 Бразилия Гояс
1988—1990 Кувейт Әл-Кадисия
1990  Кувейт
1991 Бразилия Коритиба
1991 Бразилия Крисиума
1991 Сауд Арабиясы Әл-Ахли
1992 Кувейт Әл-Кадисия
1993—1996 Бразилия Гремио
1997 Жапония Джубило Ивата
1997—2000 Бразилия Палмейрас
2000—2001 Бразилия Крузейро
2001—2002 Бразилия Бразилия
2003—2008  Португалия
2008—2009 Англия Челси
2009—2010 Өзбекстан Бунёдкор
2010—2012 Бразилия Палмейрас
2012—2014  Бразилия
2014—2015 Бразилия Гремио
2015—2017 Қытай Халық Республикасы Гуанчжоу Эвергранд
  1. Кәсіби клубтарда соққан голдары мен ойындары тек әртүрлі ұлттық лига чемпионаттарында ғана саналады.

Луиз Фелипе Сколари[2] (порт. Luiz Felipe Scolari; 9 қараша 1948) — бразилиялық футболшы, бапкер. Бапкер ретінде 2002 жылы әлем чемпионы (Бразилия құрамасымен), 2004 жылы Еуропаның күміс жүлдегері атанды (Португалия құрамасымен).

Бапкер болған жылдары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Бразилия бапкері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Бразилия мен Португалиядан бөлек 1990 жылы Кувейт құрамасының бапкері қызметін атқарды. Ең табысты жылдары ретінде Португалия мен Бразилияны баптаған кезін айтуға болады. 2002 жылғы әлем біріншілігінің іріктеуі өтіп жатқан кезеңде, яғни 2001 жылы құрама тізгінін қолына алды. Құраманың сүреңсіз ойынын бір ізге түсіріп, әлем біріншілігіне жолдама алды. Әлем чемпионатында құрама барлық ойында жеңіске жетіп, бесінші рет әлем чемпионы атанды. Бірақ чемпионаттан кейін көп ұзамай бұл қызметтен кетті.

Португалия бапкері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2003 жылы Португалия құрамасының бапкері боп сайланды. Оған 2004 жылы Еуропа чемпионы атану міндеті тапсырылды, Егер Грекия құрамасы сенсация жасамағанда бұл мақсат орындалар еді. Алайда финалға дейін жеткен португалдықтар гректерден 0:1 есебімен ұтылды да, күміс жүлдені қанағат тұтты.

2006 жылғы әлем чемпионатында құрама жартылай финалға дейін жетіп, Франциядан 0:1 есебімен жеңілді. Үшінші орын үшін матчта да Германиядан 1:3 есеімен ұтылды. Төртінші орында қалғанына қарамастан, Сколари Португалия құрамасының бапкерлігінен босатылмады. 2008 жылы Еуропа чемпионатында Португалия ширек финалда Германиядан ұтылды да, осы матчтан соң Сколари қызметінен босады.

Бразилия бапкері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2008-12 жылдары Сколари Англияның "Челси", Өзбекстанның "Бунедкор", Бразилияның "Палмейрас" клубтарының тізгінін ұстады. 2012 жылы қайтадан Бразилия құрамасына бапкер болды да, команданы 2014 жылғы әлем біріншілігіне дайындады. Әлем чемпионатында Бразилия өз тобында бірінші орын алды да, 1/8 финалда Чилиді пенальтилер сериясы арқылы ғана сүріндірді. Ширек финалда тағы бір көршісі — Колумбияны бір доп айырмашылығымен ғана ұтты. Бәрібір Бразилияның сүреңсіз ойынын жартылай финалда сыр берді: құрама бұрын-соңды әлем чемпионатында ұшырамаған ірі жеңіліске тап болды: Германия бұларды 7:1 есебімен ойсыратты. Үшінші орын үшін болған ойынының қасіреті одан кем болған жоқ, Нидерландтан 0:3 есебімен тізе бүкті.

Чемпионаттан соң Сколари құрама бапкерлігінен кетті.

Жетістіктері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Командалық

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

«ССА»

  • Алагоас штатының чемпионы (1): 1982

«Аль-Кадисия»

  • Кувейт әмірінің кубогы (1): 1989

«Крисиума»

  • Бразилия кубогы (1): 1991

«Гремио»

  • A сериясының чемпионы (1): 1996
  • Гаушу Лигасы (3): 1987, 1995, 1996
  • Бразилия кубогы (1): 1994
  • Либертадорес кубогы (1): 1995
  • Рекопа кубогы (1): 1996

«Палмейрас»

  • Бразилия кубогы (2): 1998, 2012
  • Меркосур кубогы (1): 1998
  • Обладатель Кубка Либертадорес кубогы (1): 1999
  • Рио-Сан-Паулу турнирі (1): 2000

«Крузейро»

  • Сул-Минас кубогы (1): 2001

«Бунёдкор»

  • Өзбекстан чемпионы (1): 2009
«Гуанчжоу Эвергранд»
  • Қытай чемпионы 2015, 2016,2017

Бразилия құрамасы

  • Әлпем чемпионы (1): 2002
  • Конфедерациялар кубогы (1): 2013

Португалия құрамасы

  • Еуропаның күміс жүлдегері: 2004
  • Оңт. Америкадағы жыл бапкері (2): 1999, 2002
  • ФИФА-ның жыл бапкері: 2002

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Луис Фелипе Сколари. Ағаш аяқ (орыс.)
  2. Бұл бапкердің есімі түрліше жазылады, мәселен Луис, Луиш, Луиз. 2008 жылы Өзбекстан журналистеріне берген сұхбатында өзі есімінің "z" әрпімен аяқталатынын ескерткен

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
{{bottomLinkPreText}} {{bottomLinkText}}
Луиз Фелипе Сколари
Listen to this article

This browser is not supported by Wikiwand :(
Wikiwand requires a browser with modern capabilities in order to provide you with the best reading experience.
Please download and use one of the following browsers:

This article was just edited, click to reload
This article has been deleted on Wikipedia (Why?)

Back to homepage

Please click Add in the dialog above
Please click Allow in the top-left corner,
then click Install Now in the dialog
Please click Open in the download dialog,
then click Install
Please click the "Downloads" icon in the Safari toolbar, open the first download in the list,
then click Install
{{::$root.activation.text}}

Install Wikiwand

Install on Chrome Install on Firefox
Don't forget to rate us

Tell your friends about Wikiwand!

Gmail Facebook Twitter Link

Enjoying Wikiwand?

Tell your friends and spread the love:
Share on Gmail Share on Facebook Share on Twitter Share on Buffer

Our magic isn't perfect

You can help our automatic cover photo selection by reporting an unsuitable photo.

This photo is visually disturbing This photo is not a good choice

Thank you for helping!


Your input will affect cover photo selection, along with input from other users.

X

Get ready for Wikiwand 2.0 🎉! the new version arrives on September 1st! Don't want to wait?