For faster navigation, this Iframe is preloading the Wikiwand page for Лейкоциттер.

Лейкоциттер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Қанның ақ түйіршіктері немесе лейкоциттер (гр. λευκωςақ және гр. κύτος — жасуша) – ядросы бар және белсенді амёба тәрізді қозғалатын түссіз қан жасушалары. Қанның 1 мм3 көлемінде 6-8 мың лейкоциттердің алуан түрлі (лимфоциттер, моноциттер, базофилдер, эозинофилдер және нейтрофилдер) болады. Олар қызыл сүйек майында, лимфа түйіндерінде және көкбауырда пайда болады.

Олардың тіршілік ету мерзімі – бірнеше күн. Лейкоциттердің қорғаныш және қалпына келтіру қызметі олардың қанда антиденелерді құрып, бактериялардың өзіне сіңіріп, жою қабілетіне байланысты. Қан тамырлардың қабырғалары арқылы өтіп лейкоциттер қан ағымы арқылы организмнің ұлпа, жасушалар аралығына өте алады да дененің зақымданған жерлерінде жинала алады. Бұл жерде олар жиналған аяқтарымен организмдегі әртүрлі микроорганизмдерді, көне жасушаларды өзіне сіңіріп, жойып тұрады. Оларды жою барысында лейкоциттер өздері де өліп кетеді.

Леййкоциттердің денесі, қабығынан цитоплазмадан және ядродан тұрады. Лейкоциттердің саны эритроциттерден 600-800 есе кем. Олардың қарапайым организмдер сияқты (амеба) жалған аяқтарымен активті қозғалу қабілеті байқалады яғни жалған аяктарының көмегімен микроорганизмдерді қармалап (өте қалса) алып, өзінің вакуольдарына жібереді де оны қорытып жойып жібереді. Бұл процесс фагоцитоз деп аталады, кезінде Мечников ашқан. Олай болса лейкоциттердің қорғаныштық қызметі олардың фагоцитоздық қасиетіне негізделген.

Түйіршіксіз лейкоциттер: 1. Лимфоциттер - диаметрі 8-10 мкм-ге жететін лейкоциттердің ішіндегі ең ұсағы болғанымен ядросы ірі. Цитоплазмасында түйіршіктері болмайды, баяу қозғалады. 2. Моноциттер - қанның түссіз жасушаларының ішіндегі ең ірісі - диаметрі 12-20 мкм, ядросының пішіні таға тәрізді, цитоплазмасы түйіршіксіз. Моноциттер өте қозғалғыш, бактерияларды тез қармап алады. Дені сау адамның қанында лимфоциттер 25-30%, моноциттер 5-10% болады.Лейкоциттер сүйек кемігінде, лимфа түйіндерінде, айырша безде және көкбауырда түзіледі. Қанда таңертеңгі ашқарында (тамақ ішпегенде) аздау болып, тамақтанғаннан кейін көбейеді. Тіршілік ету ұзақтығы 5-9 тәулік. Эритроциттер сияқты лейкоциттер де көкбауыр мен бауырда жойылады. Қан жасушаларын зерттеу шамамен 1590 жылы Захари Янсен күрделі микроскопты ойлап тапқаннан кейін мүмкін болды. Эритроциттер 1658 жылы сипатталғанымен, лейкоциттер эритроциттермен салыстырғанда салыстырмалы тапшылығы мен мөлдірлігіне байланысты зерттеушілер ұзақ уақыт елемейді. Ақ қан жасушаларының алғашқы сипаттамасын 1749 жылы француз дәрігері Джозеф Лието қайтыс болғаннан кейінгі материалда жүргізді, сол жылы тағы бір француз дәрігері Жан Батист Сенак іріңнің құрамында ақ жасушаларды тапты. Қан мен лимфаның түзілген элементтерінің алғашқы толық сипаттамасын 1773 жылы ағылшын хирургі Уильям Хьюсон жасаған. Ол ақ қан жасушалары қызылға қарағанда әлдеқайда аз екенін атап өтті. Лейкозбен ауыратын науқастың қанын алғаш рет 1839 жылы Альфред Франсуа Донн сипаттап, ондағы лейкоциттердің санының күрт өсуін атап өтті.[1][2]

Лейкоциттердің қорғаныс қасиеттерін зерттеуге Илья Мечников пен Пауль Эрлих маңызды үлес қосты. Мечников фагоцитоз құбылысын анықтап, зерттеді, кейін иммунитеттің фагоцитарлық теориясын жасады. Эрлихқа лейкоциттердің әртүрлі түрлерін ашу жатады. Ғалымдар өздерінің еңбегі үшін 1908-да Нобель сыйлығына бірге ие болды.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Әлімқұлова Р., Сәтімбеков Р. Ә 55 Биология: Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. - 2-басылымы, өңделген, толықтырылған. - Алматы: Атамұра, 2008. - 320 бет. ISBN 9965-34-812-Х
  2. http://kazorta.org/lejkotsitter-zh-ne-olardy-yzmeti/ Мұрағатталған 7 қарашаның 2017 жылы.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет.
{{bottomLinkPreText}} {{bottomLinkText}}
Лейкоциттер
Listen to this article

This browser is not supported by Wikiwand :(
Wikiwand requires a browser with modern capabilities in order to provide you with the best reading experience.
Please download and use one of the following browsers:

This article was just edited, click to reload
This article has been deleted on Wikipedia (Why?)

Back to homepage

Please click Add in the dialog above
Please click Allow in the top-left corner,
then click Install Now in the dialog
Please click Open in the download dialog,
then click Install
Please click the "Downloads" icon in the Safari toolbar, open the first download in the list,
then click Install
{{::$root.activation.text}}

Install Wikiwand

Install on Chrome Install on Firefox
Don't forget to rate us

Tell your friends about Wikiwand!

Gmail Facebook Twitter Link

Enjoying Wikiwand?

Tell your friends and spread the love:
Share on Gmail Share on Facebook Share on Twitter Share on Buffer

Our magic isn't perfect

You can help our automatic cover photo selection by reporting an unsuitable photo.

This photo is visually disturbing This photo is not a good choice

Thank you for helping!


Your input will affect cover photo selection, along with input from other users.

X

Get ready for Wikiwand 2.0 🎉! the new version arrives on September 1st! Don't want to wait?