For faster navigation, this Iframe is preloading the Wikiwand page for Катаракта.

Катаракта

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

A.
Үлкейтілген катаракта

Катаракта[1] (көне грекше: καταρράκτης – сарқырама) – көз бұршағының бұлдырап, қарауытып, ағаруымен сипатталатын көз ауруы.

Катаракта кезінде сәуленің көз бұршағына өтуі қиындайды, көздің көру қабілеті кемиді. Катарактаның пайда болуы әр түрлі жағдайларға (қарттық, жарақаттану әсерінен, әр түрлі аурулардың асқынуы салдарынан, тағы басқа) байланысты. Бұл аурудың туа және жүре пайда болатын түрлері бар.

Морфологиялық белгілері мен орналасуына қарай: алдыңғы үйектік Катаракта, артқы үйектік Катаракта, ұршық тәрізді Катаракта, қатпарлық Катаракта түрлері ажыратылады. Жүре пайда болған Катаракта кезінде көз бұршағының айналасында боз дақ пайда болып, бірте-бірте көз бұршағын толықтай жабады. Көздің көру жітілігі төмендейді. Көз бұршағының қарауытуы қарашықтың тұсында басталса, көру жітілігінің төмендеуі ерте пайда болады. Ал егер қарауыту көз бұршағының шет жағында пайда болса, көздің көру жітілігі ұзақ сақталады.

Жүре пайда болған катаракта

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Кейде 50 жастан кейін пайда болып, бірте-бірте үдейді. Қант диабеті, экзема, зат алмасудың бұзылуы, ұзаққа созылған көз аурулары (көздің тамыр қабығының қабынулары – прит, увенит, көз торының қатпарлануы, алыстан нашар көрушіліктің асқынған түрі, су қараңғы, тағы басқа), көздің жарақаттануы жүре пайда болған Катарактаға әкеледі. Сондай-ақ, ыстық температурада (балқыту пешінің жанында) ұзақ уақыт жұмыс істеу немесе көзге тиісті қорғаныш көзілдірік кимей иондандырғыш сәуленің әсерімен жұмыс істеу Катарактаның асқынуына себепші болады. Катарактаның бұл түрінің клиникалық белгісі: сырқат адамның көзінің алдында бір нәрсе тұрғандай болады. Іштен туа біткен Катаракта құрсақтағы ұрықтың дамуы кезінде пайда болады. Бұған екіқабат әйелдің жұқпалы аурулармен (тұмау, қызамық, тағы басқа) ауруы себепші болады.

Жаңа басталған Катарактаның алдын алу үшін дәрі-дәрмекпен емдейді. Көз бұршағының қарауытуы үдей түскен жағдайда хирургиялық әдіспен емдеу қажет. Операция жасағаннан кейін, бұршағы сылынған көз жарық сәулесін сау көздей сындыра алмайды, сондықтан көздің көруі біраз кемиді; көздің көруі көзілдірік кигеннен кейін немесе көзге жасанды бұршақ салу арқылы қалпына келеді. Катарактамен ауыратын адам майлы және тұзды тамақ жемей, витаминдерге бай тағамдарды жегені дұрыс.[2]

Дереккөздер:

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том
  2. Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет.


{{bottomLinkPreText}} {{bottomLinkText}}
Катаракта
Listen to this article

This browser is not supported by Wikiwand :(
Wikiwand requires a browser with modern capabilities in order to provide you with the best reading experience.
Please download and use one of the following browsers:

This article was just edited, click to reload
This article has been deleted on Wikipedia (Why?)

Back to homepage

Please click Add in the dialog above
Please click Allow in the top-left corner,
then click Install Now in the dialog
Please click Open in the download dialog,
then click Install
Please click the "Downloads" icon in the Safari toolbar, open the first download in the list,
then click Install
{{::$root.activation.text}}

Install Wikiwand

Install on Chrome Install on Firefox
Don't forget to rate us

Tell your friends about Wikiwand!

Gmail Facebook Twitter Link

Enjoying Wikiwand?

Tell your friends and spread the love:
Share on Gmail Share on Facebook Share on Twitter Share on Buffer

Our magic isn't perfect

You can help our automatic cover photo selection by reporting an unsuitable photo.

This photo is visually disturbing This photo is not a good choice

Thank you for helping!


Your input will affect cover photo selection, along with input from other users.

X

Get ready for Wikiwand 2.0 🎉! the new version arrives on September 1st! Don't want to wait?