For faster navigation, this Iframe is preloading the Wikiwand page for Кариб дағдарысы.

Кариб дағдарысы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

A.
Американдықтардың жасаған бірінші совет ракеталарының Кубадағы кескіні. 14 қазан 1962 жыл

Кариб дағдарысы[1]1962 жылы күзде КСРО мен АҚШ арасында Кубаға байланысты КСРО-ның Кубаға жасырын әскери ошақтарын, соның ішінде ядролық қаруды орналастыруынан туындаған төтенше саяси, дипломаттық және әскери қарсыластықты сипаттатын тарихи термин. Бұл дағдарыс дүниежүзілік ядролық соғысына әкеп соғуға шақ қалған еді.

Кубалықтар Кариб дағдарысын "Қазан дағдарысы" деп атаса, американдықтар оны "Кубалық зымыран дағдарысы" деп атайды.

Дағдарыс себептері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Кубада дағдарыстың орын алуына 1961 жылы АҚШ-тың Мәскеуді және негізгі өндіріс орталықтарын қоса алғанда, КСРО-ның батыс бөлігіне жете алатын "Юпитер" атты орта қашықтықты зымыранын Солтүстік Атлантикалық Келісім Ұйымының мүшесі Түркияға орналастыру себеп болды. Бұған жауап ретінде КСРО АҚШ маңында орналасқан Кубаға қарапайым және атом қаруымен жабдықталған кадрлық әскери бөлімдерді орнықтырады.

Дағдарыс кезі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1959 жылы қаңтарда Кубадағы төңкеріс нәтижесінде үкімет басына коммунистер келіп, құлатылған үкімет жақтаушылары АҚШ-тан көмек сұрады. АҚШ кубалық эмигранттардан қарулы жасақ ұйымдастырып, олар 1961 жылдың сәуірінде Кастро үкіметіне шабуыл ұйымдастырды. Шабуыл сәтсіз аяқталғанымен, АҚШ Кубадағы коммунистік үкіметтен құтылу пиғылынан бас тартқан жоқ. Ал КСРО үкіметі Кастро режимін сақтап қалуға тырысты. Осы мақсатта КСРО басшылары Кубаға Кеңес Одағының зымырандарын орналастыру жөнінде құпия шешім қабылдады. 1962 жылы тамызда АҚШ-тың барлау мекемесінің басшысы президентке Кубада ракеталық кешенге ұқсас күдікті құрылыс салынып жатқанын мәлімдеді. Мұқият барлау нәтижесінде Кубаға КСРО-дан 42 ракета, 40 мың әскер орналастырылғаны мәлім болды. АҚШ үкіметі КСРО Сыртқы істер мин-нен Кубаға орналастырылып жатқан қару жөнінде нақтылы жауап ала алмағаннан кейін, 22 қазан күні Кубаны теңізден де, әуеден де қоршауға алып, оқшаулады. 27 қазан күні кеңестік зенитшілер Куба әуе кеңістігін барлап жүрген АҚШ ұшағын атып түсірді. АҚШ әскерилері президенттен Кубаны дереу атқылауға рұқсат беруін талап етті. Президент 28 қазан күні шешім қабылдауға тиіс болды. Сол күні таңертең Кеңес үкіметі өз әскерлері мен ракеталарын кері әкететінін мәлімдеді. АҚШ өз тарапынан Кубаның қауіпсіздігіне кепілдік беретін және бұрын басып алған Гуантанамо әскери-теңіз базасын кері қайтаратын болды. Сөйтіп, әлем ядролық соғыс қаупінен құтылды. Кариб дағдарысы кезінде Кариб теңіз жағалауына жеткізілген Кеңес әскерлері құрамында қазақ жігіті М.Жағыппаров та болған еді.

Тағыда қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет.


{{bottomLinkPreText}} {{bottomLinkText}}
Кариб дағдарысы
Listen to this article

This browser is not supported by Wikiwand :(
Wikiwand requires a browser with modern capabilities in order to provide you with the best reading experience.
Please download and use one of the following browsers:

This article was just edited, click to reload
This article has been deleted on Wikipedia (Why?)

Back to homepage

Please click Add in the dialog above
Please click Allow in the top-left corner,
then click Install Now in the dialog
Please click Open in the download dialog,
then click Install
Please click the "Downloads" icon in the Safari toolbar, open the first download in the list,
then click Install
{{::$root.activation.text}}

Install Wikiwand

Install on Chrome Install on Firefox
Don't forget to rate us

Tell your friends about Wikiwand!

Gmail Facebook Twitter Link

Enjoying Wikiwand?

Tell your friends and spread the love:
Share on Gmail Share on Facebook Share on Twitter Share on Buffer

Our magic isn't perfect

You can help our automatic cover photo selection by reporting an unsuitable photo.

This photo is visually disturbing This photo is not a good choice

Thank you for helping!


Your input will affect cover photo selection, along with input from other users.

X

Get ready for Wikiwand 2.0 🎉! the new version arrives on September 1st! Don't want to wait?