For faster navigation, this Iframe is preloading the Wikiwand page for Кальций қосылыстары.

Кальций қосылыстары

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Кальций қосылыстарыкальций элементі түзетін тұрақты химимиялық қосылыстар. Калций қосылыстары негізінен екі топқа бөлінеді: кальцийдің органикалық қосылыстары және кальцийдің бейорганикалық қосылыстары. Кальцийдің органикалық қосылыстарының негізгі түрлері Ca(R)Hal және CaR2; Олар Циглер-Натта катализаторларының құрамына кіреді.

Мысалы, Ca(H4Hg)J және Ca(CPh3)Hal – полимерлеу процесінің бастаушылары. Кальцийдің бейорганикалық қосылыстарына – кальцийдің галогенидтері, оксиді мен гидроксиді, карбиді, силикаттары, сульфаты, фосфаттары, алюминаттары, бораттары, вольфраматтары, гипохлориді, нитраты, карбонаты, цианамиді, т.б. жатады. Кальций галогенидтері (CaHal2) – түссіз кристалдар. Кальций хлоридін (CaCl2) кальцийді және оның қорытпасын алу, газдар мен сұйықтарды кептіру, бетонның қатаюын тездету үшін қолданады. Оның сулы ерітіндісі – суытқыш агент, антифриз, аэродромның ұшу жолдары мен темір жол рельстерін мұздан сақтау үшін, аллергиялық ауруларға және қан тоқтатуға қажет дәрілік зат ретінде қолданылады. Кальций бромидінің (CaBr2) концентрлі ерітінділері ауаны суыту және конденсациялауда жылу тасымалдағыш ретінде, бұрғылау ерітінділерінде қолданылады. Кальций фториді (CaF2) – арнаулы шынылар мен эмальдардың, қыштардың құрамдас бөліктері, оптикалық және лазерлік материал, HF алудағы шикізат. Кальций оксиді (CaO) сөндірілмеген әк – сумен қарқынды әрекеттесіп кальций гидроксидін Ca(OH)2 (сөндірілген әкті) түзеді.

Кальций оксидін 900 – 1000°С-та күйдіріп алады, CaNO3-ті ыдыратып ерекше таза CaO алуға болады. CaO хлорлы әк, сода, кальций карбидін, гидроксидін алуға қолданылады. Ca(OH)2 байланыстырғыш материал, қант өндірісінде тазартқыш ретінде, топырақтың қышқылдығын азайту үшін, суды жұмсарту үшін, шыны өндірісінде шихтаның құрауышы ретінде қолданылады. Кальций карбиді (CaC2) – түссіз кристалл, кейде түсі ашық қоңырдан қараға дейін болады. Оны кальций оксидін (CaO) доғалық пештерде көміртекпен тотықсыздандырып алады. Кальций карбиді кальций цианамиді мен ацетилен өндіру үшін қолданылады. Кальций силикаттары: метилсиликат CaSіO3, пиросиликат Ca3Sі2O7 ортосиликат Ca2SіO4, сондай-ақ 30-ға жуық қышқыл және негіздік гидраттары бар. Олар жалпы гидросиликаттар деп аталады.

Гидросиликаттар – силикаттық бетонның цементтеуші құраушысы. Силикаттар қыш өнеркәсібінде, отқа төзімді заттарды, кәрлен, жылтыратпа өндіруде шихтаның құрауышы, лак-бояу материалдарының толтырғыштары ретінде пайдаланылады. Кальций фосфаттары фосфорит, апатит, гидроксилапатит сияқты минералдардың, сүйектің құрамында болады. Ортофосфаттар Ca3(PO4)2 мал мен құстарды қоректендіруге қолданылады.

Ca3(PO4)2 ұнтағы қышқыл топырақтарға тыңайтқыш ретінде, қант өнеркәсібінде қолданылады. Суперфосфаттар фосфор тыңайтқышы ретінде, ал дигидрофосфаттар Ca(H2PO4)2 нан жабуда қамырға қосылады. Полифосфат Ca(PO3)2 оптикалық шынылар өндірісінде пайдаланылады. Кальций гипохлориді Ca(ClO)2 – түссіз кристалл. Ол маталар мен қағазды ағарту үшін, газсыздандыру үшін, залалсыздандыратын зат ретінде қолданылады. [1]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстан Энциклопедиясы

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Химиялық қосылыстар

Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет.
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.Суретті мыннан табуға болады: осы мақаланың тақырыбына байланысты сурет Ортақ қорда табылуы мүмкін; мақаланың өзге тіл уикилеріндегі нұсқаларын қарап көріңіз; өзіңіз жасаған суретті жүктеңіз (авторлық құқықпен қорғалған сурет қоспаңыз!).
{{bottomLinkPreText}} {{bottomLinkText}}
Кальций қосылыстары
Listen to this article

This browser is not supported by Wikiwand :(
Wikiwand requires a browser with modern capabilities in order to provide you with the best reading experience.
Please download and use one of the following browsers:

This article was just edited, click to reload
This article has been deleted on Wikipedia (Why?)

Back to homepage

Please click Add in the dialog above
Please click Allow in the top-left corner,
then click Install Now in the dialog
Please click Open in the download dialog,
then click Install
Please click the "Downloads" icon in the Safari toolbar, open the first download in the list,
then click Install
{{::$root.activation.text}}

Install Wikiwand

Install on Chrome Install on Firefox
Don't forget to rate us

Tell your friends about Wikiwand!

Gmail Facebook Twitter Link

Enjoying Wikiwand?

Tell your friends and spread the love:
Share on Gmail Share on Facebook Share on Twitter Share on Buffer

Our magic isn't perfect

You can help our automatic cover photo selection by reporting an unsuitable photo.

This photo is visually disturbing This photo is not a good choice

Thank you for helping!


Your input will affect cover photo selection, along with input from other users.

X

Get ready for Wikiwand 2.0 🎉! the new version arrives on September 1st! Don't want to wait?