For faster navigation, this Iframe is preloading the Wikiwand page for КСРО мемлекеттік қауіпсіздік министрлігі.

КСРО мемлекеттік қауіпсіздік министрлігі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

КСРО мемлекеттік қауіпсіздік министрлігі
(КСРО МҚМ)
орыс. Министерство государственной безопасности СССР
(МГБ СССР)
Жалпы мағлұмат
Мемлекет  КСРО
Құрылған уақыты 1946
Оның алдындағы мекеме КСРО ІІХК
Таратылған уақыты 1953
Орнына келген мекеме КСРО МҚК
Штаб-пәтері Мәскеу, Дзержинский атындағы алаң (1991 жылдан бастап Лубянский алаңы), №2 үй.
Бір мекемеге қарасты орган КОКП ОК (1946—1953)
КСРО үкіметі (1946—1954)

КСРО мемлекеттік қауіпсіздік министрлігі (КСРО МҚМ) (орыс. Министерство государственной безопасности СССР (МГБ СССР)) және КСРО мемлекеттік қауіпсіздік халық комиссариаты (КСРО МҚХК) (орыс. Народный комиссариат государственной безопасности СССР (НКГБ СССР)) — 1941 жылдың ақпан-шілдесінде және 1943-1953 жж. мемлекеттік қауіпсіздік мәселелерін басқаратын КСРО мемлекеттік билігінің орталық органдары. КСРО ішкі істер министрлігімен қатар КСРО мемлекеттік қауіпсіздік министрлігі одақтық-республикалық министрлік болды[1].

1945 жылғы Орыс православие шіркеуінің иелікті соборы туралы КСРО МҚХК нұсқаулығы.

Алғаш рет КСРО мемлекеттік қауіпсіздік халық комиссариаты 1941 жылы 3 ақпанда КСРО ішкі істер халық комиссариатын (КСРО ІІХК) екі халық комиссариатқа: қарауына мемлекеттік қауіпсіздік мәселелерімен тікелей айналысатын бөлімшелер (барлау, қарсы барлау, үкіметтік қауіпсіздік және т.б.) КСРО МҚХК және жедел (ішкі), конвой, шекара әскерлерді, түрмелер мен лагерьлерді қорғау бөлімдері мен бөлімшелерін (ГУЛАГ), милиция, жергілікті әуе қорғанысы және өртке қарсы қорғаныс бөлімдерін, сондай-ақ тағы басқаларын басқаратын КСРО ІІХК берілді. 1 наурызда КСРО Конституциясына тиісті өзгеріс енгізілді. Соғыс басталғаннан кейін бір айға жуық уақыт өткен соң — 1941 жылы 20 шілдеде — МҚХК мен ІІХК қайтадан КСРО ІІХК біріктірілді, МҚХК аппараты КСРО ІІХК мемлекеттік қауіпсіздік Бас басқармасы болып қайта құрылды. 1941 жылдың ақпан-шілде айларында КСРО мемлекеттік қауіпсіздік халық комиссары В. Н. Меркулов болды, оған дейін және одан кейін ІІХК халық комиссары Л. П. Берияның бірінші орынбасары болды.

КСРО МҚХК қайта құру 1943 жылы 14 сәуірде БК(б)П ОК Саяси Бюросының П 40/91 шешімімен жеделчекистік басқармалар мен ІІХК бөлімдерінің негізінде болды. Оның қызметі КСРО ХКК 1943 жылғы 2 маусымдағы № 621-191сс қаулысымен бекітілген «КСРО мемлекеттік қауіпсіздік халық комиссариаты туралы ережемен» реттелді. Мемлекеттік қауіпсіздік халық комиссариатын соғысқа дейінгі нысанда қайта құрудың ресми себебін: «өзгерген сыртқы жағдайға байланысты» деп түсіндіріледі. Осылай бола тұра Сталиннің бұл шешімінің шынайы себептері әлі күнге дейін белгісіз. 1943 жылдың сәуірінде КСРО ІІХК-сының құрамынан 1941 жылдың ақпанындағыдай бөлімшелерді бөлу арқылы КСРО МҚХК құрылды. В. Н. Меркулов қайтадан КСРО мемлекеттік қауіпсіздік халық комиссары болды. Жаңа халық комиссариатының міндеттерінің ауқымы да өзгерген жоқ.

1945 жылдың шілдесінде МҚХК азаматтық мекеме болғанына қарамастан, МҚХК қызметкерлерінің арнаулы атақтары әскери шендерге ауыстырылды. 1-дәрежелі мемлекеттік қауіпсіздік комиссары шенін иеленген халық комиссары В. Н. Меркулов армия генералы, оның бірінші орынбасары Б. З. Кобулов — генерал-полковник, кадрлар жөніндегі орынбасары М. Г. Свинелупов — генерал-майор болды.

1946 жылы 15 наурызда «КСРО Халық Комиссарлар Кеңесін КСРО Министрлер Кеңесіне және одақтас әрі автономиялы республикалардың Халық Комиссарлары Кеңестерін - одақтас әрі автономиялы республикалардың Министрлер кеңесіне айналдыру туралы» КСРО Заңына сәйкес барлық халық комиссариаттары министрлiктерге өзгертілді, тиiсiнше КСРО мемлекеттiк қауiпсiздiк халық комиссариаты КСРО мемлекеттiк қауiпсiздiк министрлiгi болды, ал 1946 жылы 22 наурыздағы № 00107 бұйрығымен аумақтық басқармалар да тиісінше қайта аталды (МҚХКБ МҚМБ айналды).

1946 жылы 4 мамырда «Смерш» ҚБББ басшысы В. С. Абакумов мемлекеттік қауіпсіздік министрі болды. Оның келуімен КСРО ІІМ міндеттері МҚМ құзырына түсе бастады. 1947-1952 жылдары ІІМ-нен МҚМ-не ішкі әскерлер, милиция, шекара әскерлері және басқа да құрамалар ауыстырылды (ІІМ құрамында лагерь және құрылыс басқармалары, өрттен қорғау, конвой әскерлері, фелдегер байланыстары қалды).

Басқа жағынан, шетелдік барлау МҚМ құзырынан шығарылды. 1947 жылы 30 мамырда КСРО Министрлер Кеңесі қарамағындағы В. М. Молотов басқаратын, сыртқы саясат пен әскери барлауды біріктіретін Ақпарат комитетін (АК) құру туралы шешім қабылданды. 1949 жылы ақпанда КСРО Министрлер Кеңесі қарамағындағы АК КСРО сыртқы істер министрлігі қарамағындағы АК болып қайта құрылды, ал кеңестік шет елдегі мекемелердегі сыртқы қарсы барлау МҚМ құзырына қайтарылды. 1951 жылы қарашада шетелдік барлау МҚМ толығымен қайтарылды.

1950 жылы 31 желтоқсанда МҚМ құрамында министр, оның орынбасарлары және бас басқармалардың басшылары бар 19 адамнан тұратын алқа құрылды.

1951 жылы 4 шілдеде министр В.С.Абакумов қызметінен алынып, 11 шілдеде БК(б)П ОК шешімімен қызметінен босатылды (12 шілдеде қамауға алынды). 9 тамызда С. Д. Игнатьев министр болып тағайындалды. 1951 жылдың күзінде МҚМ жетекші шенеуніктерін (оның ішінде министрдің орынбасарлары Питовранов, Селивановский және Королев) жаппай тұтқындау болды.

1951 жылы 2 желтоқсанда КСРО СІМ қарамағындағы Ақпарат комитетінен КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік министрлігіне барлау атқарымдарын беруге байланысты МҚМ № 00796 бұйрығымен МҚМ-де Бірінші бас басқармасы (БББ) қайта құрылды.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1952 жылғы 21 тамыздағы Жарлығымен МҚМ қызметкерлерінің әскери атақтары жойылып, олардың орнына мемлекеттік қауіпсіздіктің арнайы атақтары енгізілді.

Сталин қайтыс болған күні, 1953 жылы 5 наурызда КОКП ОК, КСРО Министрлер Кеңесі және КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының бірлескен отырысында МҚМ-гін Л. П. Берия жетекшілігіне ІІМ-мен біріктіріп, КСРО-ның біртұтас ІІМ айналдыру туралы шешім қабылданды. Тиісті заңнамалық актілер 10 күннен кейін қабылданды.

Ақырында 1954 жылдың көктемінде КСРО ІІМ-нен мемлекеттік қауіпсіздік органдары бөлініп, КСРО Министрлер Кеңесі қарамағындағы Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті құрылды.

Міндеттері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

КСРО МҚХК-на шетелде барлау жұмыстарын жүргізу; КСРО ішіндегі шетелдік барлау органдарының зиянкестік, тыңшылық, диверсиялық, лаңкестік әрекеттерімен күресу; КСРО халқының әртүрлі топтары арасында, өнеркәсіпте, көлікте, байланыста, ауыл шаруашылығында және т.б. жүйесінде антикеңестік партиялар мен контрреволюциялық құрылымдардың қалдықтарын жедел іздестіру және жою; партия мен үкімет басшыларын қорғау тапсырылды[2].

Кеңес Одағының Маршалы С. Ф. Ахромеев редакциялаған Әскери энциклопедиялық сөздікке сәйкес КСРО мемлекеттік қауіпсіздік министрлігіне Кеңес мемлекетінің қауіпсіздігін империалистік елдердің барлау қызметтерінің тіміскілік әрекеттерінен қорғау міндеті жүктелді[3].

1941 жылы ақпан-шілдеде КСРО МҚХК басшылығы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Меркулов Всеволод Николаевич (3 ақпан — 20 шілде 1941 ж.) — КСРО мемлекеттік қауіпсіздік халық комиссары
  • Серов Иван Александрович — КСРО мемлекеттік қауіпсіздік халық комиссарының 1-орынбасары
  • Грибов Михаил Васильевич — КСРО мемлекеттік қауіпсіздік халық комиссарының кадрлар жөніндегі орынбасары
  • Кобулов Богдан Захарович — КСРО мемлекеттік қауіпсіздік халық комиссарының орынбасары

1943—1953 жж. КСРО МҚХК—МҚМ басшылығы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

КСРО мемлекеттік қауіпсіздік министрі (1946 жылға дейін — халық комиссары)

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Меркулов Всеволод Николаевич (14 сәуір 1943 — 4 мамыр 1946 ж.)
  • Абакумов Виктор Семенович (4 мамыр 1946 — 4 шілде 1951 ж.)
  • Огольцов Сергей Иванович (министірдің ж. а. 4 шілде — 9 тамыз 1951 ж.)
  • Игнатьев Семен Денисович (9 тамыз 1951 — 15 наурыз 1953 ж., 1951 жылдың 4 шілдесінен 9 тамызына дейін КСРО МҚМ-дегі БКП(б) ОК өкілі)

КСРО мемлекеттік қауіпсіздік министрінің (1946 жылға дейін — халық комиссары) 1-орынбасарлары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Кобулов Богдан Захарович (14 сәуір 1943 — 4 желтоқсан 1945 ж.)
  • Огольцов Сергей Иванович (4 желтоқсан 1945 — 7 мамыр 1946 ж.)
  • Гоглидзе Сергей Арсентьевич (26 тамыз — 10 қараша 1951 ж.)
  • Огольцов Сергей Иванович (26 тамыз 1951 — 13 ақпан 1952 ж.)
  • Огольцов Сергей Иванович (20 қараша 1952 — 11 наурыз 1953 ж.) — «барлау істері бойынша»
  • Гоглидзе Сергей Арсентьевич (20 қараша 1952 — 11 наурыз 1953 ж.) — «басқа мәселелер бойынша»

КСРО мемлекеттік қауіпсіздік министрінің жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Огольцов Сергей Иванович (7 мамыр 1946 — 26 тамыз 1951 ж.)

КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік министрінің (1946 жылға дейін — халық комиссары) кадр жөніндегі орынбасарлары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Свинелупов Михаил Георгиевич (11 мамыр 1943 — 31 желтоқсан 1950 ж.)
  • Макаров Василий Емельянович (31 желтоқсан 1950 — 26 тамыз 1951 ж.)
  • Епишев Алексей Алексеевич (26 тамыз 1951 — 11 наурыз 1953 ж.)

КСРО мемлекеттік қауіпсіздік министрінің (1946 жылға дейін — халық комиссары) орынбасарлары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Блинов Афанасий Сергеевич (7 мамыр 1946 — 26 тамыз 1951 ж.)
  • Ковальчук Николай Кузьмич (7 мамыр 1946 — 24 тамыз 1949 ж.)
  • Селивановский, Николай Николаевич (7 мамыр 1946 — 26 тамыз 1951 ж.)
  • Федотов Петр Васильевич (7 қыркүйек 1946 — 26 маусым 1947 ж.)
  • Аполлонов Аркадий Николаевич (31 желтоқсан 1950 — 26 тамыз 1951 ж.) — әскер бойынша
  • Королев Николай Андрианович (31 желтоқсан 1950 — 26 тамыз 1951 ж.) — милиция бойынша
  • Питовранов Евгений Петрович (31 желтоқсан 1950 — 27 қазан 1951 ж.)
  • Савченко Иван Тихонович (26 тамыз 1951 — 3 шілде 1952 ж.)
  • Стаханов Николай Павлович (26 тамыз 1951 — 11 наурыз 1953 ж.)
  • Евстафеев Серафим Васильевич (26 тамыз 1951 — 23 мамыр 1952 ж.)
  • Кондаков Петр Павлович (26 тамыз 1951 — 29 наурыз 1953 ж.)
  • Мироненко Петр Никифорович (26 тамыз 1951 — 11 наурыз 1953 ж.)
  • Рюмин Михаил Дмитриевич (19 қазан 1951 — 13 қараша 1952 ж.)
  • Цанава Лаврентий Фомич (29 қазан 1951 — 14 ақпан 1952)
  • Савченко Сергей Романович (3 қараша 1951 — 14 ақпан 1952 ж.)
  • Гоглидзе Сергей Арсентьевич (26 тамыз — 10 қараша 1951 ж.)
  • Никифоров Андрей Васильевич (3 шілде 1952 — 11 наурыз 1953 ж.)
  • Обручников Борис Павлович (3 шілде 1952 — 11 наурыз 1953 ж.)
  • Лялин Серафим Николаевич (3 шілде 1952 — 11 наурыз 1953 ж.)

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Студеникин С. С., Власов В. А., Евтихиев И. И. Кеңестік әкімшілік құқық / редактор — Т. А. Титов — Допущено в качестве учебника для юрид. высших учеб. заведений. — Мәскеу, 1950. — Б. 276. — 438 б. — 100000 таралым.
  2. Очерки по истории — из книги «Верой и правдой».(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 12 наурыз 2013.
  3. КСРО мемлекеттік қауіпсіздік министрлігі // Әскери энциклопедиялық сөздік / председатель ред. коллегии — С. Ф. Ахромеев — Мәскеу, 1986. — Б. 445. — 863 б. — (3).
{{bottomLinkPreText}} {{bottomLinkText}}
КСРО мемлекеттік қауіпсіздік министрлігі
Listen to this article

This browser is not supported by Wikiwand :(
Wikiwand requires a browser with modern capabilities in order to provide you with the best reading experience.
Please download and use one of the following browsers:

This article was just edited, click to reload
This article has been deleted on Wikipedia (Why?)

Back to homepage

Please click Add in the dialog above
Please click Allow in the top-left corner,
then click Install Now in the dialog
Please click Open in the download dialog,
then click Install
Please click the "Downloads" icon in the Safari toolbar, open the first download in the list,
then click Install
{{::$root.activation.text}}

Install Wikiwand

Install on Chrome Install on Firefox
Don't forget to rate us

Tell your friends about Wikiwand!

Gmail Facebook Twitter Link

Enjoying Wikiwand?

Tell your friends and spread the love:
Share on Gmail Share on Facebook Share on Twitter Share on Buffer

Our magic isn't perfect

You can help our automatic cover photo selection by reporting an unsuitable photo.

This photo is visually disturbing This photo is not a good choice

Thank you for helping!


Your input will affect cover photo selection, along with input from other users.

X

Get ready for Wikiwand 2.0 🎉! the new version arrives on September 1st! Don't want to wait?