For faster navigation, this Iframe is preloading the Wikiwand page for Жұптұяқтылар.

Жұптұяқтылар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Жұптұяқтылар
Қазбалық ауқымы: 54–0 Ma Early Эоцен - Recent
Кейбір жұптұяқтылардың алдыңғы оң сирағының сүйектері. Солдан оң жаққа қарай: доңыз (Жабайы шошқа), марал (Кермарал), түйе (Camelus bactrianus).
Кейбір жұптұяқтылардың алдыңғы оң сирағының сүйектері. Солдан оң жаққа қарай: доңыз (Жабайы шошқа), марал (Кермарал), түйе (Camelus bactrianus).
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Сүтқоректілер
Ұлы сабы: Laurasiatheria
Сабы: Artiodactyla
Owen, 1848
К

Жұптұяқтылар (лат. Artiodactyla) – сүтқоректілер класының бір отряды.


Бұлардың қазба қалдықтары эоцен дәуірінен сақталған. Арғы тегі ежелгі тұяқтылар – кондилартрлар деп есептелінеді. Жұптұяқтылар Жер шарында кең таралған. Австралия мен Жаңа Зеландияда да жерсіндірілген. Бұлар негізінен ашық алаңқайларды мекендейді.Жұптұяқты жануарлар, бегемоттан басқасы (ол суда да, құрлықта да өмір сүреде), тек құрлықта ғана тіршілік етеді. Кейбір түрлері су жағалауында, таулы өңірде, орманда да кездеседі. Арасында топталып тіршілік ететіндері мен жыл маусымдарына сәйкес қоныс аударып отыратын түрлері де (мысалы, ақ бөкен) бар. Жұптұяқтылардың 9 тұқымдасқа, 85 туысқа бірігетін 200-дей түрі белгілі. Жұптұяқтылар 2 отряд тармағына жіктеледі:

1) күйіс қайырмайтындар (Nonrumіnantіa), бұлардың 3 тұқымдасы (доңыз, бегемот, пекарьлар), 134 туысы, 19 түрі бар; 2) күйіс қайыратындар (Rumіnantіa), бұлардың 6 тұқымдасы (құдыр, бұғы, жираф, қуысмүйізділер, өгіз, бұғышақ), 255 туысы, 170-тей түрі белгілі.

Жұптұяқтылардың денесінің ұзындығы 52 см-ден 500 см-ге дейін, денесінің шоқтығына дейінгі биіктігі. 25 см-ден 350 см-ге дейін, салмағы 2 – 3 кг-нан 3 т-ға дейін жетеді. Негізінен өсімдікқоректі жануарлар, бірақ ішінде қорек талғамайтын түрлері де бар (мысалы, жабайы шошқа). Бұлардың алдыңғы және артқы аяқтарында 2 жұп башайы болады, атауы осыған байланысты қойылған. 1-башайы жойылған, ал үшінші және төртінші башайлары ұзын әрі жақсы жетілген. Күдір, бұғы,арқар,киік,сиыр,қой-ешкі,жираф,доңыз- бұлардың барлығы жұптұяқты сүтқоректілер.Осы жұптұяқтыларға жататын қой мен ешкіні қазақ халқы ашатұяқтылар деп те атайды. Жұптұяқтылардың кәсіптік маңызы зор. Бағалы терісі мен жүні, дәмді еті үшін жабайы жұптұяқтылар көп ауланады. Сондықтан бұлардың саны жылдан-жылға азаюда. Қазір жұптұяқтылардың 21 түрі, 14 түр тармағы Халықар. табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына» енгізілген. Ал Қазақстанда 4 түрі және 5 түр тармағы Ұлттық «Қызыл кітапқа» енгізілген.

Қоректенуі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Бұлардың ішінде доңыз тамақ талғамайды., қалғандары тек өсімдікпен қоректенеді. Жұптұяқты сүтқоректілер қоректену тәсіліне қарай екі топқа бөлінеді: күйіс қайырмайтын және күйіс қайыратын жануарлар.

Күйіс қайырмайтын жұптұяқты сүтқоректілерге доңыздар мен бегемоттарды жатқызады. Бұлардың иттістері ұзын және азу тістері бұдырлы болып, қорегін толық шайнап жұтады.Қарыны қарапайым құрылысты болғандықтан, жұтқан асы ауызға қайта барып шайналмайды. Шайнаған асы тікелей жұтылып , қарында қорытылатын жануарлар күйіс қайырмайтын жұптұяқтылар деп аталады.

Күйіс қайыратын жұптұяқты сүтқоректілердің аяқтары сида, ұзын болғандықтан , шапшаң жүгіре алады. Бұлардың қарны күрделі-үш төрт бөліктен құралып, жеген қорегін қарыннан ауызға лоқсытып,екінші рет шайнағаннан соң ғана қайтадан жұтады. Күйіс қайыратын сүтқоректілердің көпшілігінде мүйіз болады, ол иттістері нашар дамиды немесе мүлде болмайды. Бұлан, бұғы, киік, жираф,күдір, арқар сияқты 180-ге тарта сүтқоректілер күйіс қайыратын жұптұяқты жануарлар болып табылады. Бұлар туа салысымен енесінің соңына ілесе алатын сергек 1-2 төл туады. Шайнап жұтылған қоректі қарыннан қайта ауызға лоқсып, екінші рет шайнағаннан кейін ғана толық жұтатын жануарлар күйіс қайыратын жұптұяқтылар деп аталады.[1][2][3][4][5]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. "Қазақ Энциклопедиясы"
  2. Акимушкин И., Мир животных. Млекопитающие или звери, М., 1988;
  3. Соколов В.Е., Фауна мира. Млекопитающие. Справочник, М., 1990;
  4. Бекенов А., т.б., Қазақстан сүтқоректілері, А., 1995.
  5. Қ.Қайым,Б.Муханов,Р.Сәтімбекұлы,М.Шаймарданқызы, "Жануартану"(1998), 248 б., ISBN 5-625-03599-7
{{bottomLinkPreText}} {{bottomLinkText}}
Жұптұяқтылар
Listen to this article

This browser is not supported by Wikiwand :(
Wikiwand requires a browser with modern capabilities in order to provide you with the best reading experience.
Please download and use one of the following browsers:

This article was just edited, click to reload
This article has been deleted on Wikipedia (Why?)

Back to homepage

Please click Add in the dialog above
Please click Allow in the top-left corner,
then click Install Now in the dialog
Please click Open in the download dialog,
then click Install
Please click the "Downloads" icon in the Safari toolbar, open the first download in the list,
then click Install
{{::$root.activation.text}}

Install Wikiwand

Install on Chrome Install on Firefox
Don't forget to rate us

Tell your friends about Wikiwand!

Gmail Facebook Twitter Link

Enjoying Wikiwand?

Tell your friends and spread the love:
Share on Gmail Share on Facebook Share on Twitter Share on Buffer

Our magic isn't perfect

You can help our automatic cover photo selection by reporting an unsuitable photo.

This photo is visually disturbing This photo is not a good choice

Thank you for helping!


Your input will affect cover photo selection, along with input from other users.

X

Get ready for Wikiwand 2.0 🎉! the new version arrives on September 1st! Don't want to wait?