For faster navigation, this Iframe is preloading the Wikiwand page for Жорға дуадақ.

Жорға дуадақ

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Жорға дуадақ

Амандық күйі

Vulnerable (IUCN3.1) [1]
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Құстар
Сабы: Тырнатәрізділер
Тұқымдасы: Otididae
Тегі: Chlamydotis
Түрі: C. undulata
Екі-есімді атауы
Chlamydotis undulata
(Jacquin, 1784)
Chlamydotis undulata

Жорға дуадақ (лат. Chlamydotis undulata) – тырнатәрізділер отрядының дуадақ тұқымдасына жататын құс. Қазақстанда Каспий теңізінің солтүстік жағалауынан бастап, Зайсан қазаншұңқырына дейінгі шөлейт және шөлді өңірде кездеседі. Өсімдігі аз, сексеуілі мен жүзгіні басым өскен сортаң, құмдауыт жерлерді мекендейді. Тұрқы 65 – 75 см, қанатының ұзындығы 35 – 40 см, салмағы 1,5 – 2,4 кг-дай. Мекиені қоразынан кішірек. Арқа қауырсыны сарғыш сұр түсті, бауыры ақшыл, мойнында “жаға тәрізді” қара ала ұзын қауырсындары бар. Жорға дуадақ – жыл құсы. Жұптасып жүреді. Наурыз айында келіп, бұта түбіне, ашық жерлерге ұялайды. Сәуірде 3 – 4 сарғыш жұмыртқа салып, мекиені 24 – 28 күн басады, балапандары бір айда қанаттанады. Қыркүйекте жылы жаққа, Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне ұшып кетеді. Жәндіктермен, ұсақ кесіртке, жыландармен, көктемде өсімдікпен қоректенеді. Жорға дуадақтың жауы – қасқыр, [[түлкі, қарсақ, бүркіт, т.б. Жорға дуадақтың жылдан-жылға саны азаюына байланысты қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген (1996).

Мекендеген жерлері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Өзінің таралу аймағының әр жерінде жойылып кету қаупы бар түр. Қазақстанда оның саны әліде жеткілікті. Шөл мен шөлей таймақтарын - Қазақстан жазықтығының оңтүстік бөлігін түгел мекен етеді. Республикамыздағы жалпы саны 30 мың шамасындай. Үстірт қорығында тіршілік ететін популяциясының шамалы бөлігі ғана қорғалады. Бұл түрді заңсыз аулайтындардан қорғау үшін тағы да екі қорық үйымдастырып, Бетпақдала мен Қызылқұмда, сонымен қатар заңсыз аулайтындармен күрес шараларын қатайту керек.[2] [3]

Қолдан өсіру, тұқымын көбейту шаралары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жорға дуадақтардың Арабия түбегіндегі және бүкіл әлемдегі тұқымы құрып кету алдында. Тұқымы құрып кетуінің алдын алу үшін Түркістан облысы Бәйдібек ауданында араб шейхтырының инвестицисына салынған құс фабрикасы жұмыс істейді. 2016 жылғы 11 қазандағы ҚР Өкіметінің қаулысына сәйкес Біріккен Араб Әмірліктерінің шейхтарына Қазақстан ұлттық парктерінде дуадақ аулауға рұхсат берілген.[4]

2020 жылы бұл құс фабрикасынан 4160 дуадақ өсіріліп, табиғатқа бос жіберілген.[5]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. BirdLife Species Factsheet.
  2. Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8
  3. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9
  4. Арабским шейхам разрешили охоту на краснокнижную дрофу-красотку в заповедниках Казахстана
  5. В дикую природу Казахстана выпущены 4160 особей дрофы-красотки
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет.


{{bottomLinkPreText}} {{bottomLinkText}}
Жорға дуадақ
Listen to this article

This browser is not supported by Wikiwand :(
Wikiwand requires a browser with modern capabilities in order to provide you with the best reading experience.
Please download and use one of the following browsers:

This article was just edited, click to reload
This article has been deleted on Wikipedia (Why?)

Back to homepage

Please click Add in the dialog above
Please click Allow in the top-left corner,
then click Install Now in the dialog
Please click Open in the download dialog,
then click Install
Please click the "Downloads" icon in the Safari toolbar, open the first download in the list,
then click Install
{{::$root.activation.text}}

Install Wikiwand

Install on Chrome Install on Firefox
Don't forget to rate us

Tell your friends about Wikiwand!

Gmail Facebook Twitter Link

Enjoying Wikiwand?

Tell your friends and spread the love:
Share on Gmail Share on Facebook Share on Twitter Share on Buffer

Our magic isn't perfect

You can help our automatic cover photo selection by reporting an unsuitable photo.

This photo is visually disturbing This photo is not a good choice

Thank you for helping!


Your input will affect cover photo selection, along with input from other users.

X

Get ready for Wikiwand 2.0 🎉! the new version arrives on September 1st! Don't want to wait?