Жетісай ауданы
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Қазақстан ауданы | |
Жетісай ауданы | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Облысы | |
Аудан орталығы | |
Ауылдық округтер саны |
11 |
Кенттік әкімдіктер саны |
1 |
Қалалық әкімдіктер саны |
1 |
Ауыл саны |
105 |
Қала саны |
1 |
Әкімі |
Серік Үсенұлы Мамытов |
Аудан әкімдігінің мекенжайы |
Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, №20 |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары |
40°45′00″ с. е. 68°15′00″ ш. б. / 40.75000° с. е. 68.25000° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 40°45′00″ с. е. 68°15′00″ ш. б. / 40.75000° с. е. 68.25000° ш. б. (G) (O) (Я) |
Құрылған уақыты | |
Жер аумағы |
1 046[1] км² |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
187 384[2] адам (2023 жыл) |
Ұлттық құрамы |
қазақтар 89,99 % |
Сандық идентификаторлары | |
Телефон коды |
+7325 |
Автомобиль коды |
13 |
Жетісай ауданы — Түркістан облысы құрамындағы аудан. Халқының саны 187 384 адам. Орталығы — Жетісай қаласы.
Географиялық орны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Түркістан облысының қиыр оңтүстігінде Сырдария өзенінің сол жағалауында орналасқан. Шығысында Мақтаарал ауданымен, оңтүстігі мен батысында Өзбекстанмен, солтүстігінде Шардара ауданымен шектеседі. Шардара ауданынан Шардара су қоймасы бөліп жатыр.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Аудан Өзбек КСР Сырдария облысының құрамында 1964 жылы сәуір айында құрылған. 1971 жылы Қазақ КСР Оңтүстік Қазақстан облысы құрамына қайтарылды. 1997 жылы сәуір айының 24-інде аудан таратылып, аумағы Мақтаарал ауданына берілді[4]. 2018 жылы 5 маусым күні Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Жетісай ауданы қайтадан жеке әкімшілік бірлік болып Мақтаарал ауданынан бөлініп шықты.[5]
Халқы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1959 | 1970 | 1979 | 1989[6] | 2009 | 2021 |
---|---|---|---|---|---|
77205 | ▼54153 | ▲73144 | ▲76547 | ▲169044 | ▲183185 |
Халқының басым көпшілігі қазақтар. Одан басқа орыс, өзбек, тәжік, қырғыз ұлтының өкілдері қоныстанған.
Әкімшілік бөлінісі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Аудандағы 106 елді мекен 1 қалалық, 1 кенттік әкімдік пен 11 ауылдық округке біріктірілген.
Ауылдық округтері | 2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Абай ауылдық округі | 8746 | ▼8405 | 96,1 | 4349 | ▼4259 | 97,9 | 4397 | ▼4146 | 94,3 |
Асықата кенттік әкімдігі | 11102 | ▲14245 | 128,3 | 5443 | ▲7119 | 130,8 | 5659 | ▲7126 | 125,9 |
Атамекен ауылдық округі | 9170 | ▲9175 | 100,1 | 4695 | ▲4790 | 102 | 4475 | ▼4385 | 98 |
Жаңаауыл ауылдық округі | 14380 | ▲16959 | 117,9 | 7211 | ▲8670 | 120,2 | 7169 | ▲8289 | 115,6 |
Жетісай қалалық әкімдігі | 36494 | ▲44105 | 120,9 | 17437 | ▲22148 | 127 | 19057 | ▲21957 | 115,2 |
Жолдасбай Ералиев ауылдық округі | 12455 | ▲13342 | 107,1 | 6301 | ▲6862 | 108,9 | 6154 | ▲6480 | 105,3 |
Жылысу ауылдық округі | 13321 | ▼12083 | 90,7 | 6673 | ▼6171 | 92,5 | 6648 | ▼5912 | 88,9 |
Қазыбек би ауылдық округі | 13138 | ▲14542 | 110,7 | 6575 | ▲7427 | 113 | 6563 | ▲7115 | 108,4 |
Қарақай ауылдық округі | 8191 | ▲9121 | 111,4 | 4168 | ▲4608 | 110,6 | 4023 | ▲4513 | 112,2 |
Қызылқұм ауылдық округі | 10073 | ▼9120 | 90,5 | 5127 | ▼4667 | 91 | 4946 | ▼4453 | 90 |
Мақталы ауылдық округі | 8416 | ▼8311 | 98,8 | 4314 | ▼4276 | 99,1 | 4102 | ▼4035 | 98,4 |
Шаблан Ділдәбеков ауылдық округі | 11050 | ▲11747 | 106,3 | 5602 | ▲6061 | 108,2 | 5448 | ▲5686 | 104,4 |
Ынтымақ ауылдық округі | 12508 | ▼12030 | 96,2 | 6216 | ▼6152 | 99 | 6292 | ▼5878 | 93,4 |
ЖАЛПЫ САНЫ | 169044 | ▲183185 | 108,4 | 84111 | ▲93210 | 110,8 | 84933 | ▲89975 | 105,9 |
Экономикасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тұрғындарының көбі мақта шаруашылығымен айналысады
Әкімдері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Жамантай Қанайұлы Бейсенбаев 07.2018-03.2021
- Мұрат Болатұлы Қадырбек 04.2021-01.2023
- Серік Үсенұлы Мамытов 01.2023 бастап
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Жетісай ауданының жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2022-2023 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы
- ↑ Қазақстан Республикасы халқының жынысы және жергілікті жердің типіне қарай саны (2023 жылғы 1 қаңтарға)
- ↑ Қазақстан Республикасы халқының жекелеген этностары бойынша саны (2022 жыл басына)
- ↑ http://ongtustik.kz/ru/o-rajone.html Мұрағатталған 18 қыркүйектің 2019 жылы.
- ↑ http://adilet.zan.kz/rus/docs/U1800000698
- ↑ Ресей империясы, КСРО халық санақтары
- ↑ 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
|
Text is available under the CC BY-SA 4.0 license; additional terms may apply.
Images, videos and audio are available under their respective licenses.