For faster navigation, this Iframe is preloading the Wikiwand page for Ережеп Итбаев.

Ережеп Итбаев

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Итбаев Ережеп (1885-1936) - Алаш қозғалысының қайраткері, өз заманының көзі ашық азаматы, қазақ халқының күрескер, талантты ұлдарының бірі. Қараби руынан шыққан.[1]

Жасында Омбыда гимназияда оқыған. Зерттеушілердің деректеріне қарағанда, кейін Томск университетіне оқуға түседі. Онда қандай мамандықта оқығаны белгісіз. Оның үстіне, оқуын аяқтамай университеттен шығып кеткен. Итбаев Ережеп университеттен шыққанмен, білімге деген ынтасын жоғалтпай ізденеді. Оқығанын көкірегіне тоқи білетін азамат өзі ізденіп, өмірден мол білім жинайды. Орыс тілін жақсы меңгереді. Соның арқасында әлеуметтік жұмыстарға араласады. 1897-1898 жылдары Қарқаралы, Кереку уездерінің жер мәселесін зерттеуге шыққан экспедицияның құрамында болады.

1900-1917 жылдар арасында Қарқаралы уезі бастығының кеңсесінде, Ақмола округтік сотында аудармашы болады. Орыс тіліне жетік азамат аудармашы бола жүріп патша үкіметінің отаршыл саясатының сырын және жергілікті патша ұлықтарының пиғылын жақсы түсінсе керек, 1917 жылы өз еркімен жұмыстан кетеді. Оның не мақсатпен жұмыстан кеткенін үкімет жұмысынан босай салысымен, Алаш орда қозғалысына қатысуынан білуге болады. Халыктың басын қосып, Алаш туы астына топтастыру үшін 1917 жылы сәуір-мамыр айларында Ақмола облысында тұратын қазақтардың съезін ұйымдастырады, бүл съезді өзі басқарады. Ұлттың бірлігі, болашағы үшін күресуге бел бұған Итбаев Ережеп Алаш орданың Ақмола облыстық комитетінде белсенді қызметтер атқарды. Тыңғылықты да тиянақты жұмыстары арқылы халық алдында, Алаш орда үкіметі алдында өзінің адал ниетін, берік ұстанымын танытады. Бүкіл ресейлік құрылтай жиналысына Алаш партиясының Омбы қалалық ұйымынан ұсынылады. Ол қашан да өзіне жүктелген міндетті адал орындап отырды.

Томск қаласында 1917 жылы қазанның 8-15 күндері аралығында жалпы-сібірлік съезд өткенде Итбаев Ережеп Ә.Бөкейхан, М.Тынышбаев, Х.Ғаббасов, С.Досжановтармен бірге қазақ халқының өкілі болып қатысады. Сол жолы Сібір кеңесінің құрамына қабылданады. 1917 жылы желтоқсанның 5-13 күндері аралығында Орынборда жалпықазақ съезіне қатысып, Алаш автономиясының халық кеңесіне кандидат болып сайланады. Итбаев Ережептің кейінгі өмірі туралы дерек жоқ.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. http://old.baq.kz/storage/f8/f8628bc6fbb824e6efc9bbe5cfbb66ac.pdf Мұрағатталған 28 қаңтардың 2020 жылы.
  2. «Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.Суретті мыннан табуға болады: осы мақаланың тақырыбына байланысты сурет Ортақ қорда табылуы мүмкін; мақаланың өзге тіл уикилеріндегі нұсқаларын қарап көріңіз; өзіңіз жасаған суретті жүктеңіз (авторлық құқықпен қорғалған сурет қоспаңыз!).


{{bottomLinkPreText}} {{bottomLinkText}}
Ережеп Итбаев
Listen to this article

This browser is not supported by Wikiwand :(
Wikiwand requires a browser with modern capabilities in order to provide you with the best reading experience.
Please download and use one of the following browsers:

This article was just edited, click to reload
This article has been deleted on Wikipedia (Why?)

Back to homepage

Please click Add in the dialog above
Please click Allow in the top-left corner,
then click Install Now in the dialog
Please click Open in the download dialog,
then click Install
Please click the "Downloads" icon in the Safari toolbar, open the first download in the list,
then click Install
{{::$root.activation.text}}

Install Wikiwand

Install on Chrome Install on Firefox
Don't forget to rate us

Tell your friends about Wikiwand!

Gmail Facebook Twitter Link

Enjoying Wikiwand?

Tell your friends and spread the love:
Share on Gmail Share on Facebook Share on Twitter Share on Buffer

Our magic isn't perfect

You can help our automatic cover photo selection by reporting an unsuitable photo.

This photo is visually disturbing This photo is not a good choice

Thank you for helping!


Your input will affect cover photo selection, along with input from other users.

X

Get ready for Wikiwand 2.0 🎉! the new version arrives on September 1st! Don't want to wait?